ОМӨЖ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ


Slide 1

ОМӨЖ Басқару функциясы ұғымы. Функцияларды бөліп көрсетудің ғылыми негізгі және басқару практикасы

Дайындаған:Жеткергенова Анар Даулетжанқызы

Тексерген:Есенғұлова Мейрамгүл Нұралықызы

Slide 2

Жоспар:

1. Басқару функциясы ұғымы. Функцияларды бөліп көрсетудің ғылыми негізі және басқару тәжірибесі. А. Файоль және функционалды басқару.

2. Басқарудың жалпы және нақты функциялары.

Slide 3

1. Басқару функциясы ұғымы. Функцияларды бөліп көрсетудің ғылыми негізі және басқару тәжірибесі. А. Файоль және функционалды басқару.

Функция (латынның - «атқару, қызмет» деген сөзі) қызмет сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша қызмет болады. Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі - басқару функциясын атқару үрдісі. Шынында, басқарылатын жүйеге кез келген әсер ету белгілі бір, осы жүйелерге ортақ басқару үрдісінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудың функцияларында жүзеге асуы мүмкін. Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін оған тән белгілерді білу қажет.

Басқаруда әр түрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті басқару мәселесін ғылыми талдаудың ыңғайын табуда негізгі кезең болды. Алғаш рет басқарудың функционалды талдауын Ф. У. Тейлор мен А. Файоль жүргізді.

Slide 4

Басқарудың функционалды тәсілінің басты белгісі - басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.

Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару қызметінің бөлігі болып табылады.

Функция басқару қызметінің ерекше түрі ретінде де басқару саласындағы еңбекті бөлу мен мамандандыру үрдісінің нәтижесі ретінде де қарастырылады. Өндірісте - еңбек өнімділігін бөлу FTP (ғылыми-техникалық прогресс) нәтижесі.

Slide 5

Функцияның мәнін бейнелейтін көптеген анықтамалар бар. Олардың бірі: «Функция - объективті қажетті, тұрақты қайталанатын іс-әрекеттер, мағынасының біртектілігі мен мақсатты бағыттылығы біріктірілген жиынтық ретінде түсіндіріледі».

Басқаруды жиынтық ретінде тусіндіру көп мәселелерді табысты шешуге мүмкіндік берді. Бастапқыда басқаруды бөлікке бөлген А. Файоль, мұңда функцияларды уақыт ішіңде өрістеіу үрдісінің дәйектілігі тұрғысынан: алдын ала болжау, ұйымдастыру, басқарушылық, келісу, яғни басқару кезеңдері бойынша болді.

Функционалды тәсіл басқару қызметінің кейбір учаскелерінің, көбінесе, мотивация (уәждеме) функцияларының мазмұнын тереңдетіп жасауға мүмкіңдік берді.

Slide 6

Өндіріс тұтыну сұранысына сәйкес барлық тауарлар дайындау мен қызмет көрсету үрдісі, сонымен қатар тұтынушыларға жеткізу болып табылады. Басқару объектілері тұрғысынан мыналар атап көрсетіледі:

халық шаруашылығының құрылымын бейнелейтін функциялар (өнеркәсіп пен оның салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс және т. с. с), және соған сәйкес өнеркәсіп пен оның салаларын, ауыл шаруашылығын, құрылысты, көлік және т. б. басқарудың функцияларын;

өндірісті (тұтастай халық шаруашылығын, облысты және т. с. с. ) басқару деңгейін және соған сәйкес халық шаруашылығының әр түрлі деңгейіндегі басқару міндеттерін бейнелейтін функциялар;

ұдайы өндіріс (өндіріс, жабдықтау, өткізу, қаржы) үрдіс сатыларын бейнелейтін функциялар;

өндіріс үрдісінің құрамдас элементгері мен параметрлерін көрсететін функциялар - адамдар, өндіріс құралдары (шикізат, техника және т. с. с. ) . Өндіріс элементтері өз кезегінде бірқатар параметрмен сипатталады: өнім - сапамен, технологиялық үрдістер - бір ізге салынуымен және т. с. с.

Slide 7

Басқару субъектісі жағынан басқару қызметінің мынадай түрлері атап көрсетіледі:

алдын ала басқару - басқару мақсаттарын айқындау, болжау (іс жүзіндегі факторлар негізінде басқару үрдістері дамуының келешегін талдау) және жоспарлау (мақсаттар мен болжанатын нәтижелер бірлігін қамтамасыз етуге қажетті шаралар жүйесі) ;

жедел басқару - ұйымдастыру, басқарушылық (дәлелдеу, жандандыру) ;

бақылау - есеп, талдау, өзіндік бақылау, яғни іс жүзінде жеткен нәтижелерді белгіленген мақсатпен салыстыру.

Slide 8

Басқару субъектісі тұрғысынан, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамды басқару ажыратылып бөлінеді.

Басқарудың аталған қызметгері мағынасы жағынан мамандандырылған. Мамандандырылған міндеттермен қатар басқарудың мамандандырылған функцияларын біртұтас етіп жинақтайтын (синтездейтін), біріктіріп кіріктіретін басшылық қызметі де бөлек көрсетіледі.

Басқарудың қызмет ету аясы басқару функцияларымен нақтыланады. Міндетгер - объективті функцияларды субъективті өзінше ұйғару, яғни міндеттің әрбір сәті білімімізді басқару функцияларының мазмұны, оларды әрбір деңгейде іске асыру мүмкіндіктері жайлы ұғымды білдіреді. Осылайша, менеджментгің функцияларын басқару объектісі гұрғысынан да, басқару субъектісі турғысынан да жіктеу бар.

Slide 9

A. Файольдың пікірі бойынша функцияларды жіктеу:

Техникалық операциялар (өндіріс) .

Коммерциялық операциялар (сатып алу, айырбастау, сату) .

Қаржылық операциялар (қаржы тарту және мүлікке ие болу) .

Сақтандыру операциялары (мүлік пен адамдарды күзету) .

Есеп операциялары (калькуляция, бухгалтерия, статистика) .

Әкімшілік операциялар (алдын ала болжау, ұйымдастыру, басқарушылық, үйлестіру және бақылау) .

Slide 10

Ф. У. Тейлордың пікірі бойынша басқару функцияларының төрт тобы бар:

мақсат таңдау; кұрал таңдау; қаржы-құрал дайындау; нәтижелерді бақылау;

іскерлік басқарудың функциялары - даму (өнім мен нарықтың жаңа түрлерін жасау) ;

өндіріс маркетингі (тауарды дайындау, қызмет көрсету, жеткізіп беру) ;

басқару - ресурстар қозғалысын бақылаумен байланысты барлық қызмет.

Slide 11

4. Басқарудың жалпы және нақты функциялары

Өндірісті басқару негізгі екі белгі бойынша мынадай функдияларга бөлінеді:

басқару үрдісінің мазмұны бойынша. Жалпы функциялар кез келген жүйенің табысты жұмысы үшін міндетті;

өндірістік - шаруашылық қызмет саласына (түріне) қатысы бойынша. Жалпы функцияларды талдап, тексеріп, бөлу нәтижесінде басым белгіленген функциялар нақтылы деп аталады. Олар дербес және басқару жүйесінің әрбір буынының ерекшелігін көрсетеді.

Slide 12

Жоспарлау басқарудың функциясы ретінде міндетті болып саналады. Тіпті қарапайым еңбек қызметіне де жоспарлау элементтері кіреді. Күрделі бірлескен еңбек алдын ала жасалмаған жоспарсыз болуы мүмкін емес. Жоспарлау қоғамдық өндірістің осы буынының алдына қойылатын басқару функцияларын білдіреді. Жоспарлау үрдісінде өндіріс пен басқару дамуының негізгі бағыттары, олардың тиімділігі анықталады.

Slide 13

Жоспарда өндірісті нақты жағдайларда ұйымдастырудың ең тиімді нұсқасы көрсетіледі. Жоспарлау үрдісінде қойылган мақсатқа жету үшін төрт нақтылы міндет шешіледі, басқаша айтқанда, жоспарлауды қоғамды басқарудың функциясы ретінде өзінің төрт қосалқы функциясы арқылы жүзеге асады:

Slide 14 Slide 15

Болжау мен үлгілеу болашақ жүйені тек ойдағыдай мінсіз ашып көрсетеді, ал шынайы жағдайға көшу үшін жүйе қозғалысы алгоритмін (үрдіс барысын алдын ала жазып қою) жасау, керекті материалдық ресурстарды, ғылыми құралдарды шаруашылық жүргізу әдістерін анықтау қажет. Мұны келесі қосалқы функция - бағдарламалау шешеді:

Slide 16 Slide 17

Ұйымдастыру.

«Ұйымдастыру» функциясының мәні - өндірістік объект құрылымын және басқару құрылымын қалыптастыру мен таңдауда. Ұйымдастыруға сатылылықтың барлық деңгейінде басқарылатын жүйенің техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық қосалқы жүйесін реттеу жөніндегі жұмыстар кіреді. Сонымен қатар, осы функцияның көмегімен белгілі бір жағдайларда басқарылатын объектілердің іс-әрекеті; яғни ұйымдастыру - бағдарламада (өндірістің даму жоспарында) қойылған міндеттерді жүзеге асыруға арналған басқару жұмыстарының түрін айқындайды.

Ұйымдастыру - басқарудың функциясы ретінде қоғамдық еңбектің міндеті болып табылатын және оған түк қатысы жоқ өндірісті ұйымдастырумен тығыз өзара әрекет жасайды.

Slide 18

Үйлестіру.

Үйлестірудің басқару функциясы ретіндегі негізгі мақсаты - басқарылатын жүйеде еңбектің жекелеген үрдістерін үйлестіріп, олардың мерзімдері мен аралық кезеңдері бойынша байланыстыру.


Ұқсас жұмыстар
Басқару функциялары
Педагогикалық менеджменттің функциялары туралы
БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ
Еңбектің психологиялық қатынасындағы оқыту аспектерін, еңбек әрекеті процесінің бір қыры
БАСҚАРУ ПРОЦЕСІНІҢ МАҚСАТЫ
Қаржының мәні,функциясы,жүйесі
Ақпараттың дұрыстығы
Педагогикалық менеджменттің функциялары
Бақылау басқару функциясы
Педагогикалық менеджменттің басқару функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz