ҚАРЫН СӨЛІНІҢ БӨЛІНУ КЕЗЕҢДЕРІ


Slide 1

АС ҚОРЫТУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе:

I. Ас қорыту

Негізгі бөлім:

І. Астың асқазанда қорытылуы

ІІ. Астың сіңірілуі

Қорытынды

Пайдалынылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Азық қорыту дегеніміз - күрделі қоректік заттардың қарапайым түрге айналуы және оларды ағзаның сорып, өзіне сіңіруі. Азық қорыту жүйелерінің атқаратын негізгі қызметтері: сөл бөлу, ұсақтау, араластыру, жылжыту, керексіз заттарды сыртқа шығару және сору. Қабылданған азық ағзада физикалық, химиялық және биологиялық түрде өнделеді.

Slide 4 Slide 5

Физикалық өнделуі дегеніміз - азықтың ылғалдануы, ұсақталуы, жұтылуы және асқазан арқылы жылжуы. Биологиялық өндеу микроағзалардың қатысуымен өтеді. Өңдеудің осы әсіресе, ауыл шаруашылығы малында кең орын алған. Химиялық өндеу ферменттердің қатысуымен жүреді. Фермент дегеніміз ағзадағы химиялық реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар.

Slide 6

Азықта қорытатын ферменттер үш топқа бөлінеді:

Slide 7

Қарында үш түрлі клеткалар орналасқан. Олар бас, қосымша және айнала қоршалған клеткалар. Бас клеткалар ферменттер бөледі, қосымша клеткалар сөл және айнала қоршалған клеткалар тұз қышқылын бөледі. Осы көрсетілген үш түрлі клеткалардан бөлінген заттарды қарын сөлі дейді. Қарын сөлі түссіз, қышқыл реакциялы (рН 0, 8-1, 0) сұйық зат. Сөлдін құрамында су 99, 2-99, 6%, 0, 4-0, 8% құрғақ зат бар. Құрғақ заттар органикалық емес және органикалық қосылыстардан құралған.

Slide 8

Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар:

Slide 9

Тұз қышқылының қарындағы ролі:

Slide 10

Қарын сөлінің бөліну кезеңдері.

Қарын сөлі бөлінуінің екі кезеңі бар:

Slide 11

Күйіс қайыратын малдың -мүйізді ірі қара, түйе, қой-ешкі қарны төрт бөлімнен құралған: таз қарын, жұмыршақ, қатпаршақ пен ұлтабар. Түйеде қатпаршақ жоқ, сондықтан оның қарны үш бөлімнен құралған. Осы көрсетілген бөлімдерден тек ұлтабар нағыз қарын болып саналады. Себебі, ұлтабарда қарын сөлі бөлінеді. Ал, қарынның басқа бөлімдерінде азық қорыту микроағзадардің қатысуымен өтеді. Төрт бөлім қарынның ең үлкені таз (мес) қарын. Мүйізді ірі қара малда оның көлемі 100-300 л, ал қой мен ешкіде 12-20 л. Күрделі қарын бөлімдеріне микроағзалар ірі азықтар мен сүт арқылы, сиырдың бұзауды жалауынан кіреді. Күрделі қарын бөлімдерінде үш типті микроағзалар өсіп дамиды.

Slide 12

Олар - инфузориялар - қарапайымдар, бактериялар мен саңырауқұлақтар. Көрсетілген үш типті микроағзалардың қатысуымен белоктар, қанттар мен майлар ыдырап, әр түрлі заттар пайда болады. Микроағзалар қоректік заттарды ыдырататын арнайы ферменттер бөледі. Инфузориялар көбінесе азықты араластырады және клетчатканы ыдыратады. Саңырауқұлақтардың қызметіне келсек, олар қанттарды ашытып К және В тобындағы витаминдерді түзеді

Slide 13

Ащы ішек ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі. Ол 12-елі ішек, аш ішек және мықын ішек болып бөлінеді. Ащы ішек қуысына бауырда түзілетін өт және ұйқы безінің сөлі құйылады. Ащы ішекке өткен жын ішек сөлімен, өтпен және ұйқы безінің сөлімен жақсы араласып, біркелкі қоймалжың затқа - химусқа айналады. Ішекке бөлінген сөлдердің құрамындағы ферменттердің әсерімен ащы ішекте қоректік заттар пәрменді қорытылады да, пайда болған ыдырау өнімдері ішектің қабырғасы арқылы сорылып, қан мен лимфа арқылы денеге сіңеді.

Slide 14

Тоқ ішек бүйеннен, жиек ішектен (күйіс малында - қимадан, жылқыда - қартадан), тік ішектен тұрады. Мұнда ащы ішектен келіп түскен ферменттер мен мұндағы алуан түрлі микроағзалардың әсерімен қорытылып үлгерілмеген қөректік заттар ыдырайды.

Асқорыту жолында қорытылмаған азық қалдығы тоқ ішек бойымен жылжи отырып, қоюланып, тығыздалып, нәжіске айналады да, тік ішекке өтеді. Осы нәжіс массасын сыртқа шығаруды қамтамасыз ететін күрделі рефлекстік нәжіс бөлу - дефекация (латын тілінде faecis - тұнба, қою қалдық деген мағына береді) деп атайды. Бұл құбылыста екі кезең байқалады. Афференттік - дефекацияға мұқтаждық тудыру және эфференттік - нәжіс шығару.

Slide 15

Асқорыту сөлдері

Тәуліктік бөлінетін мәлшері

рН

Құрамы

Сілекей

50-2 000 мл

5, 6-7, 6

Су және амилаза

Қарын сөлі

2, 0-3, 0 л

1, 49-1, 8

Тұз қышқылы, су, липаза, лизоцим, пепсин

Панкреатин сөлі

600-700 мл

8, 6-9, 0

Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер

Өт

500-1200 мл

5, 6-8, 5

Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б.

Аш ішек сөлі

1 000 мл

5, 05-7, 07

Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза және т. б.

Тоқ ішек сөлі

270-1 550 мл

6, 1-7, 31

Су

Slide 16

Пайдалынылған әдебиеттер:

Название: Физиология человека.

Авторы: Покровский В. М., Коротько Г. Ф. Источник: Физиология человека. Покровский В. М., Коротько Г. Ф. , © Вебмединфо. ру


Ұқсас жұмыстар
Асқазан сөлі
Сілекей мен асқазан сөлінің ферменттері
АС ҚОРЫТУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктер
АСҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ
Ас қорыту бездерінің физиологиясы
Жануарлардың түрлеріне байланысты құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы
Асқазан сөлінің ферменті пенсин
Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерлері
Ауыз қуысының құрылысы және астың қорытылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz