Мұрын жанындағы қойнаулар


Slide 1

.

.

БӨЖ

Тақырыбы: Мұрынның құрлысы мен топографиясының жасқа байланысты ерекшеліктері. Патологиялық жағдайлардығы олардың маңызы.

Орындаған: Нұран Ә.

Тобы: 403Б ЖМ

Қабылдаған:Саира Сахипкереевна

.

.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Мұрын құрылысына тоқталу

Мұрын қуысының топографиясы

Балаларыдың тыныс мүшесінің анаомиялық ерекшеліктері

Жасқа байланысты өзгерістеріне тоқталу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Slide 3

Мұрын құрылысы

Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Мұрынға енген шаң тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады. Ал бездерден бөлінген сілекей бактерияларды өлтіріп отырады. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрынды тең екі бөлікке бөледі. Оның артқы бөлігі сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Көз жасы арнайы түтік арқылы мұрын қуысына өтеді, оның кілегейлі қабатын ылғалданып тұрады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі кеңсірік қалқандары бар. Олардың аралығынан жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары өтеді.

Slide 4 Slide 5

Мұрын қуысы

Мұрын қуысы топографиялық орналасуына қарай:

Сыртқы мұрыннан

Мұрын қуысынан тұрады

Сыртқы мұрын:

Мұрын түбірінен

Ұшынан

Танаудан тұрады

Мұрын қуысы:

Кіреберіс бөлігінен

Меншікті мұрын қуысынан

Slide 6

Мұрын жанындағы қойнаулар

Мұрын жанындағы қойнаулар ауаны желдетуде қосымша қызмет атқарады, олар мұрынның шырышты қабатының тікелей жалғасы болып табылады. Ауамен қамтамасыз ететін қосалқы қуыстар жақ, маңдай, торлы және сына тәрізді сүйектердің қалың жерлерінде орналасады. Барлық қуыстар жұп болып келеді және мұрын қуысынан сүйекті пластинкалар арқылы бөлініп тұрады. Тек жіңішке тесіктер арқылы ғана мұрын қуысымен жалғасады. Оларда шырышты бездер жоқ жіне тамырлармен аз ғана жабдықталған. Кірпікшелі эпителий бар жұқа шырышты қабықпен қапталған.

Slide 7

Мұрын қуысынын жанында жалпы төрт қойнау бар

Жоғарғы жақсүйек

қойнауы

Маңдай қойнауы

Торлы сүйек

ұяшықтары

Сына тәрізді

қойнау

Slide 8

Қосалқы қуыстардын құрылымы мен топографиясы

Ауамен қамтамасыз ететін қосалқы қуыстар: жақ, маңдай, торлы және сына тәрізді сүйектердің қалың жерлерінде орналасады. Барлық қуыстар жұп болып келеді және мұрын қуысынан сүйекту пластинкалар арқылы бөлініп тұрады. Тек жіңішке тесіктер арқылы ғана мұрын қуысына жалғасады. Оларда шырышты бездер жоқ және тамырлармен аз ғана жабдықталған. Кірпікшелі эпителийлері бар жұқа шырышты қабықпен қапталған.

Slide 9

Балалардың тыныс мүшелерінің жеке-жеке анатомиялық ерекшеліктері

Мұрын кішірек, үлкендерге және ересек балаларға қарағанда түрі өзгешелеу. Төменгі мұрын жолы болмайды, ол 4 жасқа таман пайда болады. Кілегей қабаты нәзік, қан тамырларына бай, сондықтан оның сәл қызаруы мұрын жолының бітелуі баланың емуі қиындап, ентігу пайда болуына әкеп соқтырады. Кілегей асты қабатының үңгірлі ткані нәрестелерде дұрыс жетілмеген, сондықтан оларда мұрыннан қан кету ирек кездеседі немесе мүлдем болмайды.

Slide 10

Қосымша қуыстар

Этмоидальды, гайморов, сфеноидальды қуыстар ұрықтың іште даму кезеңінде жетіле бастайды. Бірақ, бала дүниеге келгенде олардың тек ізі ғана білініп тұрады. Этмоидальды қуыс үш айдан бастап көрінеді де, 7-12 жасқа келгенде толық жетіледі. Мұрын маңы қуысы да, үш айдан бастап білініп, 7 жасқа келгенде толық жетіледі. Маңдай қуысы бала дүниеге келгенде тіптен жоқ болады, жәй жетіліп, 7- ші жылда ғана дамиды. Толық жетілу 15-20 жаста байқалады. Сфеноидальды қуыс ұрықтың даму кезеңінде пайда бола бастайды. Рентген сәулесі арқылы тек бала 7 жасқа келгенде ғана анықтауға болады. Ал 15 жаста толық жетіліп бітеді.

Slide 11

Жас мұрын каналы қысқа болады, оның сыртқы тесігі қабықтың бұрышына жақын орналасқан, қақпақтары дұрыс жетілмеген, сол себепті мұрыннан инфекция коньюктивальды қалтаға жеңіл тарайды

Slide 12

Жасқа байланысты өзгерістер

Постнатальдық кезеңде жаңа туған баланың кіндігін байлағаннан кейін өкпе өсіндегі тыныс алу жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырайды. Балалық шақта өкпенің тыныс алу беті біртіндеп белсенді түрде ұлғаяды. Осыған байланысты жасөспірімдердің өкпесіндегі альвеолаларының жалпы саны ересектерге қарағанда шамаменон есе көбейіп кетеді.

Slide 13

Елу-алпыс жастан кейін өкпенің дәнекер тінді стромасында тұздардың шөгуі орын алады. Бұл өкпе қозғалысының шектелуіне және тыныс алу қызметінің әлсіреуіне алып келеді.

Slide 14

Регенерациясы

Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық регенерациясы тек қана кілегейлі қабығында байқалады. Өкпе бөліктерін алып тастағаннан кейін, қайтадан келуі іс жүзінде болмайды. Тәжірбиеде пульминоэктомиядан соң қалған өкпеге компенсаторлық гипертрофия жүзеге асып, альвеолалардың көлемі үш төрт есе ұлғаяды да, альвеола перделері арасындағы бөліктері көбейеді. Бір мезгілде қоректендіруді және тыныс алуды қамтамасыз ететін кіші қан айналымдағы қан тамырлары мен лимфа тамырлары кеңейеді.

Slide 15

Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы

Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну, патологиялық тыныс және асфиксия.

Алқыну - адамда ауа жетпеу сезімімен қабаттасатын, тыныс алу қозғалыстарының тереңдігі мен жиілігінің, дем алу мен дем шығару уақытының, тыныс алу ырғағының өзгеруімен сипатталады. Ол үрейлену, қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады. Алқыну түрлеріне терең және жиі тыныс (гипрепноз), терең және сире тыныс (брадипноз), үстіртін жиі тыныс (полипноз немес тахипноз), инспирациялық және экспирациялық алқынулар жатады.

Slide 16

Экспирациялық алқынуда дем шығару ұзақтығы дем алу ұзақтығынан ұзақ болады. Өкпе көпіршіктерінің жиырғыштылығы мен серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасында), тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылғанда (асфиксияның 2- сатысында), ұсақ бронхылардың тарылуы және бітелуінде (бронхы демікпесі) байқалады

Slide 17

Инспирациялық алқынуда дем алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығынан артық болады.

Патологиялық тыныстарға (үнемі және үзілісті тыныс) - Чейн-Стокс, Биот, Кусмауль тыныстары, агониялық тыныс жатады.

Асфиксияда (тұншығу) қанға оттегінің түсуі тоқтатылады, қаннан көмір қышқыл газы шығарылмайды. Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңлаулары бөгде затпен бітелгенде, өкпеге сұйықтық жиналғанда (суға тұншыққанда), кеуденің екі жағында пневматоркс (өкпеқапта ауаның немесе газдың жиналуы) дамығанда болады.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Мұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы және топографиясы. ЛОР ағзаларының патологиясына қосалқы қуыстарының даму ерекшеліктерінің әсері
ЛОР мүшелерінің жарақаттары
Өкпе ішіндегі қан айналымы
МҰРЫН ҚУЫСЫ
Бас сүйектерін жасына байланысты оқып білу
Сәулелік зерттеу әдістері рентгенография нейросонография компьютерлік томография магнитті - резонанстық томография ангиография радионуклидтік зерттеу
Ішастар туындылары
Орталық жүйке жүйесі туралы
Аңдардың тыныс алу жүйесі
Мұрыннан қан кету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz