Ұрықтың және нәрестенің гемодинамикасы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
Педиатрия-1 кафедрасы
Презентация
Тақырыбы:Эмбрионалды кезеңде қанайналым жүйесінің даму
сатылары.Ұрықтың және нәрестенің гемодинамикасы
Орындаған:Нұран.Ә
Тобы:ВЖМҚА-01-17
Қабылдаған:
Шымкент-2019
Жоспар
І Кіріспе;
ІІ Негізгі бөлім;
1.Ұрықтың қанайналымының ерекшеліктері
2.Нәрестенің қанайналым жүйесі
3.Жүректің дамуы
ІІІ Қорытынды;
ІV Пайдаланылған әдебиеттер;
Кіріспе
Құрсақтағы нәрестенің оттегі мен қоректік заттар ана
қанынан плаценталық (бала жолдасы) қанайналым
көмегімен жеткізіледі. Іске асырылу жолына келетін болсақ:
Оттегі және қоректік заттармен байыған артерия қаны ана
қағанағынан кіндік венасына енеді, бұл вена кіндік
аймағының нәресте денесіне кіріп жоғары жүреді де бауырға
келіп, оның сол жақ бойлық жүлгесінде орналасады.
Бауыр қақпасының деңгейінде v. Umbilicadis екі тармаққа
бөлінеді, олардың біреуі бірден қақпа венасына құйылады, ал
ductus venosus деп аталатын екіншісі, бауырдың бетімен оның
артқы жиегіне дейін барып, сол жерде төменгі қуыс вена
сабауына құйылады. Салыстыра алғанда бауырдың көлемінің
үлкендеу болуы кіндік венасы тармағының біреуінің қақпа
венасы арқылы бауырға таза артерия қанын жеткізуіне
байланысты.
Бұл соңғы жағдайда өсіп келе
жатқан ағза үшін бауырдың
қан жасау қызметіне
байланысты, бұл қызмет
құрсақтағы нәрестеде басым
болады да, туғаннан кейін
әлсірейді. Қан бауыр арқылы
өтіп, бауыр венералар арқылы
төменгі қуыс венаға құйылады.
Сөйтіп, барлық umbilicalis
қаны не тікелей ductus venosus
арқылы немесе жанама жолмен
(бауыр арқылы) төменгі қуыс
венаға келеді.
Сол жерде құрсақтағы нәрестеге дененің төменгі
жартысынан ағып шығатын вена қанына араласады.
Аралас (артериялық және веналық) қан төменгі қуыс
вена арқылы оң жақ жүрекшеге ағады. Одан төменгі
қуыс вена қақпашасының – valvula venae cavae
interioris – көмегімен жүрекшелер пердесінде
орналасқан foramen ovale арқылы сол жақ жүрекшеге
келеді.
Аралас қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға, одан
әрі жұмыс істемейтін өкпелік қанайналым шеңберіне
соқпастан, қолқаға келеді. Оң жақ жүрекшеге төменгі қуыс
венадан басқа, тағы да жоғарғы қуыс вена және жүректің
веналық (тәждік) қойнауы құйылады. Дененің жоғарғы
жартысынан жоғарғы қуыс венаға келетін, вена қаны одан әрі
оң жақ қарыншаға, одан өкпе сабауына келеді.
Алайда тыныс алу мүшесі ретінде өкпе әлі жұмыс істемейтіндіктен,
қанның аз ғана бөлігі
• өкпе паренхимасына
• одан өкпе веналары арқылы
• сол жақ жүрекшеге келеді. Қанның көп бөлігі өкпе сабауынан
ductus arteriosus арқылы төмендегі қолқаға, одан ішкі мүшелер
мен аяқтарға ауысады. Сөйтіп, жалпы алғанда құрсақтағы
нәрестенің тамырлары арқылы аралас қан ағады.
Құрсақтағы нәрестенің тамырлары арқылы аралас қан
аққанымен v.umbilicalis және төменгі қуыс венаға құйылғанға
дейінгі ductus venosus-ті қоспағанда, ductus arteriosus құятын
жерден төмен оның сапасы едәуір төмендейді. Демек, дененің
жоғарғы бөлігі оттегі мен қоректік заттары молдау қан алады.
Дененің төменгі бөлігі жоғарғы бөлігіне қарағанда нашарлау
қоректенеді.
Жаңа туған нәрестенің жамбасы мен аяқтарының кішірек болуы
осыған байланысты. Құрсақтағы нәрестенің дүниеге келуі ағза
дамуындағы секіріс болып табылады. Бұл кезде өмірлік
маңызды процестер түбегейлі сапалық тұрғыдан өзгеріске
ұшырайды.
Іште дамып келе жатқан нәресте бір ортадан (температура,
ылғалдық және тағы басқа жағдайлары біршама тұрақты
жатыр қуысы) басқа ортаға (жағдайлары өзгермелі сыртқы
орта) ауысады да, соның нәтижесінде зат алмасуы, сондай -
ақ қоректену және тыныс алу тәсілдері түбегейлі өзгереді.
Бұрын қан арқылы алынатын қоректік заттардың
орнына, енді тамақ ас қорыту жолына түсіп, сол
жерде қорытылып, сіңіріледі. Ал оттегі енді
анасының қанынан емес тыныс алу мүшелерінің іске
қосылуы нәтижесінде сыртқы ауадан келе бастайды.
Мұны барлығы қан айналысына да әсерін тигізеді.
Нәресте туған кезде күрт планценталық қанайналыстан
өкпелік қанайналысқа көшу іске асады. Ең бірінші ауа жұтып,
өкпе созылған кезде оның тамырлары қатты кеңейіп, қанға
толады. Сол кезде ductus arteriosus қабысып, алғашқы 8-10
күнде бітеліп lig. Arteriosum-ға айналады. Кіндік артериялары
алғашқы 2-3 күнде, кіндік венасы сәл кештеу (6-7 күнде) бітіп
кетеді. Қанның оң жақ жүрекшеден сол жақ жүрекшеге сопақ
тесік арқылы келуі туысымен дереу тоқталады, өйткені сол жақ
жүрекше өкпеден келетін қанмен толады да, оң және сол жақ
құлақшалардың қан қысымындағы айырмашылық теңеледі.
Сопақ тесік ductus arteriosus – тың бітелуіне қарағанда едәуір
кейіндеу жабылады және көбінесе тесік бір жас бойы, ал үштен
бір жағдайда өмір бойы сақталады. Бұл сипатталған өзгерістер
тірі адамда рентген сәулелерінің көмегімен зерттеу арқылы
анықталған.
Кіндікті кесу деп төменгі тамырлы кедергісі бар
плацентаны қан айналымынан алып тастауды айтады.
Баланың алғашқы демімен альвеолдар ауамен
толтырылады және артериялар механикалық
созылады. Өкпе тамыр кедергісі шамамен бес есе
төмендейді және өкпенің қан ағуы сонша есе өседі.
Тамыр кедергісінің төмендеуінде оксигенацияны жақсарту және
аденозин, брадикинин, простациклин және азот эндогенді оксиді
сияқты вазоактивті заттарды босату маңызды рөл атқарады. Өкпе
тамыр кедергісінің жылдам төмендеуі кезеңі 3-12 сағатты алады.
Осы уақытта өкпе артериясындағы қысым аортадан төмен болады
және тиісінше артериялық ағын арқылы қанды шунттау бағыты
өзгереді-шығару көбінесе сол-оңға айналады. Бұдан әрі өкпе
артериясы жүйесіндегі қысымның біртіндеп төмендеуі негізінен
өкпе тамырларының морфологиялық қайта құрылуымен
байланыстырады. Артериолдың және ұсақ артериялардың
гипертрофирленген бұлшықет қабатының инволюциясы 2-3 ай бойы
жалғасады.
Қорытынды
Ұрық организміндегі өкпелік қанайналымның қызметке қосылмауына
байланысты, қан ерекше артерия өзегі арқылы қолқадағы аралас қанға
барып құйылады. Туғаннан кейін, нәресенің бірінші рет тыныс алуына
байланысты плаценталық қанайнаымның орнына үлкен және кіші
қанайналым шеңберлері қалыптасады. Ұрықтың қан айналымы үлкен және
кіші деп бөлінбейді. Бала туылған соң ауамен тыныс алуына байланысты
кіші қан айналу жүйесі, яғни өкпелік шеңбер пайда болады.
Пайдаланған әдебиттер:
• Балалар ауруларының пропедевтикасы 1 т: “Алматы” А.В.Мазурин -2016
• Балалар ауруының пропедевтикасы мен балаларда жиі кездесетін аурулар:
“Қарағанды” Баймұхамбетов.Б.Н -2012
• Балалар аурулары пропедевтикасы: Шәкімова Г.А-2011
• Балалар аурулары пропедевтикасы: ”Шымкент” Асқамбаева.К.А
• Интернет желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz