Жыныстық жолмен таралатын ауруларға сипаттама


Slide 1

«Астана Медицина Университеті»

Орындаған:Бахыт Камила

Тобы: 206 ЖМ

Тексерген: Ерденова Гульшат

БӨЖ

Тақырыбы:Жыныстық жолмен берілетін аурулардың эпидимиялогиясы.

«Қоғамдық денсаулық сақтау және гигиена» кафедрасы

Slide 2

Жыныстық жолмен таралатын ауруларға сипаттама.

Аурулардың таралу жолы, белгілері, профилактикасы.

Мерез, гонорея, хламидиоз, герпес сияқты ауруларға жалпы шолу.

Қорытынды.

Slide 3

Жыныстық жолмен берілетін аурулар

Жыныстық жолмен берілетін аурулар күрделі проблема. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез. Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай: 1. Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану. 2. Мүшеқапты қолдану. 3. Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы ұстау 4. Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар өте қауіпті 5. Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау. 6. Ешқашан басқаның жөкесін, сүлгісін, ішкі киімін қолданбау.

Slide 4

Мерез - жыныстық жолмен тарайтын инфекциялық ауру. Әлем дәрігерлері бүгінге дейін мерез ауруының 20 түрін анықтады. Көп тарап отырғаны - соз, трихаманоз, хламидия т. б

Жұғу жолдары:

Жынысты қарым -қатынас арқылы; Плацента арқылы; Кейде осы аурумен ауырып жүрген адаммен сүйіскенде, сол адам пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, тіс шұқығыш, ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез қан берген адамның қаны, ананың емшек сүті арқылы да жұға береді. Мерез кезеңде адам өзінің ауырғанын білмейді, сондықтан, тиісті емдеу жасалмай, ауру асқына береді де, басқаларға жұғады. Алдын алу:

Жыныстық белсенділікте қауіпсіздікті сақтау қажет, әрдайым презерватив қолдану қажет. Барлық жүкті әйелдер мерезге тексерілуі тиіс.

Slide 5

Ілкі мерез - (бактерия кірген жерде) ойық жарасы бар ауырмайтын қызыл түсті тығыз өсіндісімен сипатталады, ол қатты шанкр деп аталады; жыныстық қатынастың түріне байланысты жыныс мүшесінің беткі жағында, жұтқыншақ бездерінде, тік ішік аумағында немесе теріде пайда болуы мүмкін.

Қайталанған мерез - теріге және шырышты қабатта бөрітпелердің пайда болуымен, мерездік таз болумен сипатталады;

Салдарлық мерез - ауру жұқтырғаннан кейін бірнеше жылдардан соң дамиды және негізінен жүйке жүйесін, тірек-қозғалыс аппаратын, жүрек-тамыр жүйесін зақымдайды.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

АИТВ және ЖИТС

ЖИТС - жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы - адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындайтын ауру.

АИТВ - дегеніміз адам ағзасында иммун тапшылығы вирусының болуы. Бұл инфекцияны жұқтырғаннан кейін адам өзін ұзақ уақыт (5-10 жыл) бойы сау сезініп жүреді. Дегенмен де, вирус дененің иммундық жүйесін бірте-бірте зақымдай береді. Иммун жүйесінің бұзылуынан адам ағзасы тіпті сау адамдар үшін түкке тұрмайтын түрлі инфекцияларға қарсы тұра алмайтын болады. Мұндай инфекцияларды ««оппортунистік», яғни қолайлы жағдайларды пайдалана алатын деп атайды. АИТВ-инфекциясының соңғы сатысын ЖИТС деп атайды.

АИТВ-инфекциясының даму қарқынын тежеуге қабілетті дәрі-дәрмектер қазіргі кезде бар. Және де кейбір оппортунистік аурулардың алдын алатын немесе емдей алатын препараттар да бар. Сондықтан, адам өзінің сырқаттығы туралы қаншалықты ертерек білсе оның өзінің өмірін өзгертіп, емделуді бастау мүмкіншілігі де көбірек болады

Slide 12

Адамдар АИТВ қалай жұқтырады?

Вирус ағзадағы барлық сұйықтарда болады, бірақ адам тек қан, шәует, қынаптық бөлінділер мен емшек сүті арқылы жұқтырады. Аздаған мөлшерде ол сілекейде, терде, көз жасында, кіші дәретте (зәрде) және басқа да физиологиялық сұйықтықтарда болады.

АИТВ-инфекциясын жұқтырудың бірнеше жолдары бар:

қорғалмаған (мүшеқапсыз) ішіне кіргізілген жыныстық қатынас арқылы (жыныс жолдары арқылы жұқтыру) ;

зақымдалған тері қабаты мен шырышты қабаттар арқылы сау адамның қанына ауру жұқтырылған қан құйылған кезінде (донорлық жолмен жұқтыру) ;

анадан балаға емшекпен емізу кезінде немесе босану жолдары арқылы өту барысында жұқтырылады (тікелей жұқтыру жолдары)

зарасыздандырылмаған инені немесе шприцтер мен басқа да инъекциялық құралдарды бірлесіп немесе қайтара қолданған кезде;

татуировкалар немесе пирсингтер жасау үшін зарасыздандырылмаған құралдарды пайдаланған кезде;

қан қалдықтары көрініп тұрған өзгенің қырыну құралдарын, тіс шөткесін пайдаланған кезде;

қан құю кезінде (донорлық тәртіп бұзылған кезде) .

Slide 13

АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдардың терапиясы дененің иммундық мәртебесін үнемі қадағалап отыруды білдіреді, пайда болған қайталама инфекциялардың алдын алу және емдеу, миокардтың дамуын бақылау. Көбінесе ВИЧ-пен ауыратын адамдар психологиялық көмек пен әлеуметтік бейімделуге мұқтаж. Қазіргі кезде аурудың айтарлықтай таралуы және әлеуметтік маңыздылығы ұлттық және әлемдік ауқымда, науқастарды қолдау және оңалту есебінен, әлеуметтік бағдарламаларға қолжетімділік кеңеюде, медициналық көмек көрсету, науқастардың ағынын жеңілдету және өмір сапасын жақсарту.

Slide 14

Трихомонадтарды жұқтыру көбінесе жыныстық жолмен жүреді. Іштен тыс жұқтыру тек сирек жағдайларда (мысалы, ұрықтың трихомонадпен зақымданған босану жолдары арқылы жылжуы кезінде) мүмкін. Трихомонадтың дәретхананың контаминирленген орындықтарының бетінде (45 минутқа дейін), киімде және ваннада өміршеңдігін сақтау қабілетін ескеру керек. Трихомонадтық инвазия ықпал етеді: инфекцияның қарқындылығы, қынап ішіндегісінің рН, қосымша микрофлора.

Slide 15

Жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Хламидиоздың қоздырғышы - хламидия бактериясы. Жұқпалы жыныс ауруларының ішіндегі ең кең таралғаны болып есептеледі.

Хламидия- жұқпалы хламидиоз ауруын тудыратын бактерия. Хламидиядың қауіптілігі-ағзада ешбір белгі білдірмейтіндігі жатыр. Індеттің бар-жоғын анықтау үшін арнайы медициналық тексерулерден өту қажет. Егер жұқпалы ауруды уақытылы ауыздықтамасаң оның зиянды салдарына душар боласыз. Сол үшін дер кезінде емделу қажет-ақ. Хламидия жатыр түтікшелерінің қызметін бұзып, оның салдары бедеулік пен жатырдан тыс жүктілікке әкеп соқтырады. Инфекцияның алғы белгісі іштің төмен жағына ауырлық түсіретіндігінде. Ол басқа мүшелердің ауруын қоздырады. Хламидиядан қорлық көріп жүрген еркектердің жұмыртқасына суық тиіп, қуық жолары ісініп, кей жағдайда қызарып, дәрет сындыра алмайтындай жағдайға түседі. Хламидиоздың алғашқы белгілері:

Сұйықтық түсінің өзгеріске ұшырауы, іштің төмен жағының бүріп ауыруы әйелдер организміндегі асқынған хламидияның көрсеткіші болып табылады. Еркектерде де сұйықтық мөлшерден көп бөлінеді. Хамидия әрқашан жаныстық қатынас арқылы жұғады. Берекетсіз жыныстық қатынасқа түсетіндерде бұл қауіпті індетке шалдығу мүмкіншілігі зор. Әсіресе 20 мен 30 жас аралығындағы ер азаматтар көп емделеді.

Slide 16

Хламидиоздың алдын алу көп жағдайда өзінің сексуалды мінез-құлқын өзгерту болып табылады. Негізінен алғанда бұрыс сексуалды мінез-құлық пен қауіпсіз жыныстық қатынас жасау саласында жеткіліксіз білімінің болуы хламидий инфекциясының пайда болуына әкелмек. Презерватив те хламидиоз ауруынан қорғануға жүз пайыз кепілдік бере алмайды. Жүкті болуды жоспарлау кезінде, барлық қажетті талдамаларды тапсырған секілді, нәрестенің болашақ ата-аналары алдын алу шараларын қабылдауы керек.

Хламидиозбен ауыратын адамды емдеу бірінші кезекте, кешенді және жеке дара терапиялық тәсіл қағидатына негізделген. Бұл олардың мінез-құлқының режиміне шектеу бергенге дейін жүргізілуге тиіс. Толық айығып кеткенше, жыныстық қатынас жасауға, алкогольдік ішімдіктер ішуге, ащы және тәтті тағамдар татуға, сондай-ақ денеге аса ауыр салмақ түсіруге тыйым салынады. Хламидиозбен ауыратын науқастарға диета, өмір сүру салтын қалпында ұстау, иммундымодулдейтін препараттармен терапия тағайындалады. Хламидиоды тиімді емдеудің қажетті жағдайы жыныстық серіктестерді үйлесімді емдеу болып табылады.

Slide 17 Slide 18

Гонорея - жыныс жолымен жұғады. Тұрмыстық: төсек- орын, ішкі киім арқылы жұғады. Гонореямен ауырған адамға бедеулік, белсіздік пайда болады, түсік болады. Күннің жылуы кейбір жұқпалы аурулардың көбеюіне жол ашатыны белгілі. Әсіресе жыныстық жолмен жұғатын аурулар қатары арта түседі. Солардың бірі - гонорея (соз) ауруы. Сырқаттардан 999 адам 18 бен 44 жас аралығында. Кейбір азаматтар қауіптің қайдан келетінін білмеуі мүмкін. Бұл гонорея деген жыныстық жолдан бөлек тамақтан, ыдыстан және сүйісіп амандасқаннан да жұға береді. Гонореяның өзіндік белгілері бар. Адам өзінің гонорея жұқтырғанын жыныстық мүшесінен сары су немесе ірің аққанда барып біледі. Жеңіл дәрет кезінде қинап, қышуы да мүмкін.

Slide 19

Герпес - жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустық инфекция. « Герпес» атауы көне грек сөзі «герпейн», янғи жорғалау деген сөзден шыққан. Бұл ауруға тән характеристикалық қасиеті бір кішкентай көпіршіктен бүкіл денеге таралады. Генитальды герпестің бір-біріне ұқсамайтын, бірақ туысқан түрлері бар, бірінші типі көбінесе ерінде көрініс табады және екінші типі. Көбіне қауіпті болып саналатыны екінші типтісі болып табылады. Дегенмен бірінші тип бойынша пайда болған еріндегі жара көз бен жыныс мүшелеріне жұғуы мүмкін. Ауру вируспен зақымданған адаммен жыныстық қатынасқа түскен кезде және унитазды ортақ пайдаланған кезде де жұғу қауіпі бар. Генитальды герпестің алғашқы белгісі ретінде жыныс мүшелеріндегі ақ көпіршіктердің көрініс табуы мүмкін. Уақыт өте олар жарылып, орны жараға айналады. Әйелдерде өз-өзінен түсіктің болуы немесе уақытынан бұрын босанудың болуы мүмкін. Босану кезінде бала зақымданса, онда оның басы мен көзі ауруларымен ауруы мүмкін. Мұндай түрдегі жұқтыру 50% құрайды.

Алдын алу жолдары:


Ұқсас жұмыстар
Соз ауруы
Үшінші кезең
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы ілім тарауы бойынша қорытындылау
Таралу жолдары
Жыныстық жолмен жұғатын аурулар
Медициналық генетикалық зерттеу әдістері
Диатомды жә не эвгленалы балдырлар
Диатомды және эвгленалы балдырлар
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар
Тұқымқуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz