Ф. И. Голощекиннің Кіші Қазан саясаты: бағыттары, қуғын-сүргін мен ашаршылық салдары


Slide 1

Ф. И. Голощекиннің кіші Қазан саясаты және оның бағыттары

Орындаған: ОРдаева гүлбақыт және рустемова Назерке.

Slide 2

Жоспары: 1) Ф. И. Голощекин 2) Ф. И. ГолощекинніҢ Кіші Қазан идеясы 3) Кіші Қазан идеясының бағыттары 4) Ф. И. Голощекиннің өлімі

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 - 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден - бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

Slide 6 Slide 7

Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету. Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.

Slide 8

Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның бағыты: 1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру. Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф. И. Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.

Slide 9 Slide 10

Ф. И. Голощекиннің өлімі

«Кіші қазан» идеясын ұсынып, сол әрекетін іске асыру жолында байлар мен қарапайым халықты қанады. 1928 жылдан бастап ол саясатын қанмен асыра бастады. Қарсы шыққанды атты, асты, түрмеге жапты. Қазақтың саяси элитасы мен зиялыларын қудалап, қуғын-сүргін саясатын іске асырды. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев, Н. Нұрмақов және өзге де ұлт зиялылырының артына шам алып түсіп, қудалады. 1931-1933 жылдар аралығында елімізде Голощекин саясатының әсерінен ашаршылық орнап, Қазақ халқының 75 пайызы немесе 3 млн халық қырылып қалды. Миллиондаған халық босып, Қытай мен Өзбекстан, Монғолия мен Ресей және өзге де аймақтарға қоныс аударды. 1933 жылы Қазақстандағы аштықтың деңгейі орасан зор және шығынының алпауыт болуына байланысты, оны орнынан алып тастап, КСРО-ның бас арбитрі қызметіне тағайындады. 1933-1937 жылдары сол қызметті атқарған әлгі Голощекин қанішердің өзі саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп ұлтымыздың ұландарын жалмаған саясаттың құрбанына өзі айналды. «Халық жауы» атанып, ол шын мәнінде жалғыз әділетті айыпталған халықтың шынайы жауы еді. Сөйтіп, 1941 жылы 28 қазанда Куйбышевте атылды. Солайша көріңде өкіргір жалмауыз ажал құшты. Алайда қазақты қырған қаніпезерді 1961 жылы КСРО ақтап шықты. Алайда ол қанішерге қазақ халқы ғасырлар бойы лағнет айтатын болады.


Ұқсас жұмыстар
1924-1933 жылдардағы Голощекиннің Кіші Қазан саясаты: ұжымдастыру, аштық және қазаққа қарсы геноцидтік репрессия
Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін: себептері, салдары және құрбандарды еске алу
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және халықтарды депортациялау: себептері мен салдары
1925-1933 жылдардағы Қазақстан: Голощекиннің саясаты, индустрияландыру, ұжымдастыру мен ашаршылық
1925-1933 жж. Қазақстандағы Кіші Қазан идеясының мәні мен зардаптары
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: 1917-1991 жылдар аралығындағы кезеңдер, себептері және салдары
Кіші Қазан және 1925-1932 жж. жерді қайта бөлу мен қуғын-сүргіннің қазақтың дәстүрлі шаруашылығына әсері
КСРО-дағы (1920-1950 жж.) саяси қуғын-сүргін: Қазақстандағы тәжірибе, статистика және салдары
Қазақстандағы ұжымдастыру (1928-1933): саясат, қуғын-сүргін және ашаршылық
Зобалаң жылдар жаңғырығы: қуғын-сүргін мен ашаршылықтың ақиқатын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz