Екіншідүниежүзілік соғыс басталар қарсаңында Қазақстан қорғасын өндіруден


Slide 1

Қазақстанда өнеркәсіптердің дамуы

Slide 2

Егіншілік және мал шаруашылық шикізаттарына бай аграрлық республика саналатын Қазақстанда алғашқы екі бесжылдықта тамақ жэне жеңіл өнеркәсіптің көптеген салалары шапшаң дамығаны айтпасада түсінікті. Бұл тек Қазақстан тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар Орал, КСРО-ның Орталық және басқа да аймақтарын тұтыну заттарымен, әсіресе тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету талабынан туындады.

Slide 3

Тамақ өнеркәсібінде ет, ұн, балық және қант өндірісі салаларының кәсіпорындары айрықша дамыды.

Ет өнеркәсібі үш алыптың: қайта құрылған Орал еткомбинатының, жаңадан салынған Петропавл (1929-1931 жылдар) және Семей (1931-1934 жылдар) ет комбинаттарының еншісінде болды.

Алматы, Семей, Қарағанды және Шымкент ұн тарту комбинаттары, Қызылорда қаласындағы күріш өңдеу зауыты т. б. секілді ірі ұн-жарма кәсіпорындары бой көтерді.

Гурьев балық-консерві комбинаты (1937 жыл) тамақ өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындарының бірінен саналды.

Slide 4

үшінші бесжылдықтың алғашқы жылдары жеңіл және тамақ өнеркәсібі айтарлықтай табысқа жетті, кәсіпорындарды тиімді орналастыру жолға қойылды: Алматыда қуатты жаңа тігін фабрикасы салынды, ескісі қайта жөндеуден өтті, Семей былғары комбинаты жаңартылды, Семейде шұға комбинаты, Алматыда аяқ киім фабрикасы т. б. салынды. Семей, Петропавл және Орал ет комбинаттары өнім өндіруді арттырды.

Slide 5

Нан пісірудің механикаландырылған тәсілі кеңінен таралды: Қарағанды, Алматы, Лениногорск және Балқашта автоматтандырылған нан зауыттары

Жамбыл мен Қызылордада механикаландырылған наубайханалар салынды

Slide 6

1938 жылы Алматы шарап зауыты алғаш іске қосылған кезден бастап шарап дайындау өндірісі дами бастады.

Балық өнеркәсібі айтарлықтай табыстарға жетті, Каспий тенізі жағалауынан салынған Гурьев балық-консерві комбинаты мен 17 балық зауыты, Аралдағы қуатты тоңазытқыш пен 10 балық зауыты, Балқаштағы 5 балық зауыты мен тоңазытқыш осы саладағы ірі кәсіпорындар санатын құрады.

Slide 7

Сөйтіп, КСРО-ны индустрияландыруды жүзеге асыруға байланысты, Қазақстанда бұрынғы кәсіпорындарды қайта құру және әсіресе жергілікті шикізат көздері базаларында жаңа кәсіпорындар құрылысы, сондай-ақ жаңа қосымша жол қатынасы құрылыстары жоғары қарқынмен жүргізілді.

Slide 8

Осылардың нәтижесінде Қазақстан аграрлық елден индустриялы-аграрлы республикаға айналды: 1940 жылы республика халық шаруашылығының жиынтық өніміндегі өнеркәсіптін үлес салмағы 1920 жылғы 6, 3% бен 1932 жылғы 39, 5%-дың орнына 60%-ға көтерілді, яғни ауыл шаруашылығының үлесі бір жарым есе (40%) асып түсті.

Тұтыну заттарын өндірудің үлес салмағы: 1927-1928 жылдардағы 64, 9% бен 1932 жылғы 50, 7%-дан 1939 жылы 48, 0%-ға дейін қысқарды.

Slide 9

Қазақстанның өнеркәсіптік прогресінде республика экономикасының шикізаттық бағытын күшейткен бірқатар кемшіліктер мен олқылықтар орын алды, соның салдарынан, көптетен өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жергілікті жағдайда өндіруді ұйымдастырудың барлық мүмкіндіктері болғанына қарамастан, олар үнемі сырттан әкелінді.

Slide 10

Орталықтың және КСРО-ның басқа да аймақтарының дамыған өнеркәсібі үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі рөлі индустрияландыру жағдайында бұрынғыдан да күшейе түсіп, қарым-қатынас аясы ұлғайды.

КСРО бойынша жуылған жүн мен сырт киімдерге арналған былғары тауар өндіруден төртінші, мақта-мата және жүн иіруден бесінші орынды иеленді.

Slide 11

Тек 1936 жылы ғана Қазақстанда 104, 6 мың тонна мақта, 200 мыңнан астам ірі және 900 мың ұсақ тері, ал 1939 жылы 8, 1 мың тонна жүн, оның ішінде 53, 6 тонна биязы және жартылай қылшықты жүн дайындалғанын айтсақ та жеткілікті.

Қазақстан түсті металл өндіруден КСРО бойынша екінші, мұнай, көмір өндіруден үшінші орынды иеленді, ятни Кеңес Одағының машина жасау, электртехникалық, химиялық және басқа да өнеркәсіп салаларының, сондай-ақ теміржолдарының негізгі жабдықтаушыларының біріне айналды

Slide 12

Екінші дүниежүзілік соғыс басталар қарсаңында Қазақстан қорғасын өндіруден КСРО бойынша бірінші орынды иеленді: республика 1939 жылы елдегі барлық қорытылған қорғасынның 84, 8%-ын берді, оның ішінде Шымкент зауытының үлесі 62, 7%, Риддер комбинатынікі - 22, 7% болды. Қазақстан 1939 жылы КСРО бойынша алынған өңделмеген мыстың 16, 2%-ын өндірді. Мұның ішінде Балқаш мыс комбинатының үлесі 8, 2%, Қарсақбай мыс комбинатынікі 4, 1%, Ертіс мыс зауытының үлесі 3, 6% болды

Slide 13

1946 жылға карай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, өнеркәсіп орындары қайтадан іске қосылды. Ауылдар жанданып, қалалар қирандыдан тазартылды. 1945 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заңнан кейін миллион даған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды.

1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жұмыстары жалғастырылды. Республикада көмір өндіру қарқынды дамыды. 1965 жылға қарай елімізде 19, 5 тонна көмір шыға ратын өндірістік қуат іске қосылды. 1954 жылдан Екібастүз бассейнінің калың қабаттарынан көмір ендіріле бастады. 1965 жылы Екібастүзда 14, 3 млн тонна көмір шығарылды.

Slide 14

Индустрияландыру жылдары көмір өнеркәсібі де қауырт қарқынмен дамыды. Қарағанды көмір алабы революцияға дейінгі Спасск мыс зауытының ұсақ қосалқы кәсіпорнынан Кеңес Одағының үшінші көмір базасына айналды.


Ұқсас жұмыстар
Ақмола - Қарталы темір жолының құрылысы
Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер
Қазақстан Ұлы Отан соғысы қарсаңында
Соғыс жылдарындағы Қазақстандықтардың қажырлы еңбегі janibek history Қазақстан тарихы
Халыққа білім беру
Саяси репрессиялар
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға шолу
Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу
Оңалту жоспары
Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz