Қазақ әдебиетінің сыншылары


Slide 1

Тақырыбы: Кәсіби сыншылар еңбектерімен танысу

Тобы: КЯЛ-20-1У

Орындаған: Кенжебай Аружан

БАОӨЖ

Slide 2

Жоспар

Сынның жанр ретінде қалыптасуы

Қазақ әдебиетінің сыншылары

Жүсіпбек Аймауытов - әдебиет сыншысы

Сағат Әшібаев - әдебиет сыншысы

Slide 3

«Сын дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін алдымен, әдеби сынның пайда болу, даму жодарына ой жүгірткен жөн. Сын қашан пайда болды? Бұл жерде әдебиет пен сынның қайсысы бұрын пайда болған деп, оған тура жауап берудің өзі қиын. Кезінде А. Пушкин мен А. Бестужев екеуінің осы мәселеде айтысып, бір мәмілеге келе алмағаны белгілі. Шындығында да, әдебиет пен оның сынының бірін алға шығарып, екіншісін соның салдары ретінде қарастыру екі ұшты. Дұрысы-әдебиет пен сын өмірге бірге келеді, бірінсіз-бірі жоқ деп түсіну. Сонымен, сын әдебиет пайда болған кезден бері өмір сүріп келеді. Сын алғашқы ақын жұрт алдына шығып, өз өлеңін оқығанда, немесе шебер әңгімеші ертегі, аңыз, мақал-мәтел айтқан шақта оның тыңдаушыға ұнаған, ұнамаған пікірі ретінде көрінді. Т. Кәкішев : «халық болған жерде творчестволық өмір бар, өнер бар, белгілі көзқарас, эстетикалық талғам бар» деп жазды. Бұл- халық болған жерде әдебиет, халықтң сол көркем сөз өнеріне деген сыншыл көзқарасы болады деген сөз.

1. Сынның жанр ретінде қалыптасуы

Slide 4

Б. э. д. 6 ғасырда ертедегі Римде сыншы сөзі белгілі бола бастады. Болашақ патша Птоломей 2-нің ұстазы Косадан шыққан Филипті халық «ақын, әрі сыншы» деп атады. Кейінрек Маллостық Кратең өзін александриялық «тілшілерден» артық етіп көрсету үшін сыншы деп атады. Бірақ, көпке дейін сын текстология ұғымында түсініліп келді. Қазіргі мағынасында Ю. скалигердің «Поэтикасында» қолданылды. Бұл трактаттардың рим әдебиетін шолып, бағалауға арналған алтыншы кітабы. «Сын» деп аталынды. Жеке адамдардың әдеби сын бойынша тұңғыш елеулі еңбек қалдырғандар деп Платон, Аристотель, Аристарх, әл-Фарабилердің есімдері аталынады. Кейіннен сыни бағыттар, мектептер шыға бастады. 16 ғасырда Италияда әдеби сын тұтас бір сала ретінде қалыптасты. Венецияның көркем сыны алғашқы сыни мектеп ретінде белгілі. Еуропа әдебиетінде Буало мен Дидроның есімі шын мәніндегі алғашы сыншы делініп жүр.

Slide 5

Орыс әдебиетінде «критик» сөзін бірінші рет 1789 жылы Қантемір «тура қазы» ұғымында қолданған. Ал «критика» сөзін өз мағынасында 1750 жылы Тредиаковский жазды. В. А. Жуковский «Сын дегеніміз - жетілген талғамға негізделген тура және айқын айтылған пікірлер. Сіз поэма оқисыз, сурет көресіз, соната тыңдайсыз, сонда қанағаттанғандықтан, немесе қанағаттанбағандықтан сезімге бөленесіз- осы талғам, осылардың себебін талдасаңыз- осы сын» деген қарапайым анықтама берді. «Алтын ғасырының» алыптары Пушкин, Толстой, т. б. 19 ғасырдың екінші жарымында қазақ даласында «Дала уалаятының газеті», «Түркістан уалаятының газеті» сияқты ұлттық баспасөздің алғашқы қарлығаштары шыға бастады. Осы газеттердің беттерінде әдебиет туралы пікірленр түңғыш рет көрінді. Кейіннен «Айқап», «Қазақ» сияқты басылымдар үлттық әдебиеттің мәселелерін әртүрлі деңгейде көтере бастады. Төңкеріске дейінгі дәуірде әдеби сынның пайда болып, қалыптаса бастауына 19 ғасырдың екінші жарымынан бастап советтік дәуірге дейін созылған қазақ әдебиетінің ренессанстық кезеңі де тікелей күшті әсер етті. Әсіресе, 20 ғасырдың басында абай өлеңдерінің, қазақтың тұңғыш романы М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамалының», А. Байтұрсыновтың «Маса» жинағының басылып шығуы, қазақ поэзиясында Мағжанның көрінуі әдеби сынды да алға тартты. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі әлеуметтік-саяси, мәдени әдеби жағдай көркем сынға ауыр жүк артты. Қазақ әдеби сыны ұлттық әдебиетіміздің жай-күйі туралы барлық жанрларда дерлік барынша үн қатты. Сынмен арнайы айналысатын профессионал сыншылар шығып, өнімді еңбенк ете бастады.

Slide 6

Әдебиет сыншыларының тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. АЫбырай Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Сұлтанбек Қожанов, Ы. Ыдырыс Мұстанбаев, Досмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т. б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты.

2. Қазақ әдебиетінің сыншылары

Slide 7

Соғыстан соңғы кезеңде әдебиет сынының көкжиегі кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т. б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т. б. құғындалды.

Slide 8

Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев Б. Сахариев және т. б. сыншылар қазақ Ә. с-н жаңа биіктерге көтерді. 60 жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің ағымдағы күрделі мәселелерін терең талдаған мақалалар жарық көрді. Ә. с. осы жылдары қарқынды дамып, баспасөзде қызу пікір-таластар болды. Ә. с. саласында А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғалиев, Тоқбергеновтер көрінсе, оған жалғаса 70-жылдары С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбеков, Б. Ыбырайымов, Т. Шапаев т. б. келді. 70 жылдары Ә. с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды; “Уақыт және қаламгер”, “Сөзстан” сын мақалалар жинақтары тұрақты шығып тұрды.

Slide 9

Қазақ әдебиеті сынының алғашқы мәнді толқыны 1921-1925 жылдар аралығында өтті. Бұл тұста әдебиеттің жалпы проблемасынан гөрі жеке дарындардың күш-қуатын, алған бағытын, ұстанған мұратын айқындау мәселесі төңірегінде пікір сайыстары болды. Әдебиетте аты шыққан өкілдерінің шығармалары сарапқа түсті.

Жаңа заманның негізгі идеялары жер-жерде ерікті-еріксіз өріс алып, идеологиялық қаруға айналғанда, төңкерісшілдік тенденция көпшіліктің өрекпіген көңілінен шығуға талпынды. Сәкен Сейфуллин оған серке болды. Оның қоғамдық, мемлекеттік ісі, әлеумет алдындағы абыройы 1922 жылы үш кітабын «(«Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы, «Қызыл сұңқарлар»» деген төңкерісшіл пьесасы, «Бақыт жолында» драмасы) шығаруға жағдай жасады.

Slide 10

Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» пьесасы бірінші болып сыналды. «Қоңыр» деген бүркеніш атпен «Шолпан» журналының 1922 жылғы 2-3 санында Орынбор қаласынан таяуда ғана Ташкентке ауысқан Мұхтар Әуезов жазды.

Өзі «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал» трагедияларын жазған автор бұл пьесадағы драматургиялық кем-кетіктерді, диалогтардың олпы-солпылығын, оқиға динамикасының солғындығын, тіл кестесіндегі кейбір оралымсыздықты, адам образдарын сомдаудағы жетіспеушілігін, «кітапта түгел көрінген бір адам (законченный, цельный тип) жоқтықтан, жазушының адам танымайтындығынан бар кісі тұтасып, бір-ақ кісі болып кеткендіктен, екінші, адамдардың жан ыспаты (психологиясы) көрінбейтін жарты адамдар болғандығынан, үшінші, Еркебұлан деген ат сияқты ешбір ойсыз, ақылға сыймайтын, қисындылық (целесобразность) дегеннен алыс тұрған қалыптарына қарағанда, бұл кітапты өзге жақтарынан сынау орынсыз» деп тағы басқа көркемдік біраз кінәраттарды көре білгенімен, негізгі қорытындысын, әсіресе қазақтың төңкерісшіл сахнасына шыққан Еркебұланды даттап ауызға алып, «бәрі сөйлетіп қойған граммофон секілді, бәрі Сейфуллиннің бір-ақ қалыбына соғылған жансыз адамдар» деп табуын қоштай қою қиын.

Slide 11

Ал қазақ кеңес әдебиетінің тұңғышы - «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы жайында «Темірқазық» журналында Нәзір Төреқұловтың атынан шыққан мақала осы даттау тенденциясын соза түсті. Сәкенді творчестволық тұлға деп тану, ақындық өнеріне әділ баға беру мәселесіне ойысқанда «Сөздің қысқасы, мұндай білімсіздікпен өлең жазып, әуре болып жүрудің өзі ұят. Сәкеннің өз ақылымен жазғандары түкке жарамайды. Нәзірдің осы мақаласы 1923 жылы орыс, татар, башқұрт, өзбек, қырым татарлары, тағы басқа тілдерге аударылып басылғанда Қазақсатнның жас қаламгерлері онға тарта мақаламен қарсы жауап бергендерін тәптіштеп айтып жатудың қажеті болмас. Өйткені «Известия Киргизского обкома РКП (б) » журналында тарихи-эстетикалық тұрғыдан «Асау тұлпардың» қадір-қасиеті айқындалды. «Бұл жинақытң кұндылығы мынада: біз әрбір жылдың өзгерісіне байланысты өлең мазмұнының қомақтала түскеніне ерекше назар аударамыз. Бір кезде ұлтшылдық пен халықшылдық ықпалдың күшті болғандығын аңғарамыз, авторға осы ықпалдардан арылу және қазақ әдебиетінде жаңа бағыттың, жаңа жолдың, яғни оны пролетариат идеологиясына жақындату мағынасындағы жаңа бағыттың негізін салу қанша үлкен қиындыққа түскенін көреміз. . . »

Slide 12

С. Мұқановтың сөзімен айтқанда, «Нәзір «Асау тұлпарды» қолға алғаннан-ақ о жақ, бұ жағын сығалай қарап ішінен сөкет нәрсе табуға тырысады. «Асау тұлпардың» жақсы еш нәрсесін көрмейді. . . қате, кемшіліктерін ғана тереді. Былай сынаудан сынамай тек отырған көп жақсы Нәзір сыны - сын емес, оның аты құр байланысу» (Қызыл Қазақстан», №16, 1923), - деп Нәзірдің сын мен сыншыға қойған талаптарының сырт көз үшін айтылғанын мін санайды. Демек, сыншы өз ойы мен ісінде қайшылыққа ұрынбауы, дұрыс тезисті бұра тартпауы керектігін айту да еленерлік құбылыс. Шындықты айтқан абзал, бірақ оны өзің көздеген мақсаттың бет пердесі етпеу керек деген ой сыншыларға қойылар талаптың үлкені болды. Ой адалдығы, пікір әділдігі, таразыны тең ұстай білу қажеттігі сынға қойылар эстетикалық шарттың бірі болды.

Slide 13

Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан - Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты.

3. Жүсіпбек Аймауытов - әдебиет сыншысы

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан кинематографы - Қазақстанның кино өнері мен кино индустриясы
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Эдуард Мане шығармашылығы
Блум таксономиясы негізінде қазақ ауыз әдебиеті саласы бойынша мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Копенгаген қаласы болса, Geranium бесінші орында
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің оған, сірә
ТҮРІКМЕН ӘДЕБИЕТ
Қазақ халық әдебиеті
Ертегілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz