МАЙДАН АШЫҒУ


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ “Ветеринария факультеті” “Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы” “Жануарлар патологиясы пәні”

Slide 2

.

ЖОСПАР: 1. Ашығу 2. Ашығудың түрлері мен анықтамасы 3. Ашығудың клиникалық белгілері 4. Ішінара ашығудың түрлері

Slide 3

АШЫҒУ - энергетикалық шығынды толықтыруға қажетті азықтың организмге мүлде келмеуі, жеткіліксіз келуі немесе сіңбеуі нәтижесінде пайда болатын күй. Ашығу туралы ілімнің негізін В. В. Пашутин және оның шәкірттері П. М. Альбицкий, П. П. Авроров, А. В. Репрев, сондай-ақ Флюгер, Фойт, Рубнер, кейіннен Бенедикт секілді ғалымдар қалады. Олардың эксперименттік зерттеулерінің нәтижесінде ашыққан организмге тән заңдылықтар анықталады. Мал дәрігерлері үшін ашығуды білудің маңыздылығы сонда, көптеген аурулармалдың азыққа тәбетінің болмай, амалсыздан ашығуынан пайда болады.

.

Slide 4

Ашығудың түрлері

Толық ашығу

Толық емес ашығу

Ішінара немесе сапалық ашығу

Slide 5

Т о л ы қ а ш ы ғ у. Ашығудың мұндай түрінде организм азықты мүлде қабылдамайды. Мал тіршілігі организмдегі энергетикалық және пластикалық заттардың есебінен жүзеге асырылады. Әр түрлі малдарда толық ашығу ұзақтығы түрліше келеді. Ересек адам 50-60 күндей, одан да ұзақ, ит 40 күннен астам ашыға алады. Ашыққан малдар дене массасының 45-50 проценттейі жоғалғанша өмір сүре алады. Ұсақ малдардың зат алмасуы едәуір қарқынды өтетіндіктен, олар толық ашыққанда ересек малдарға қарағанда ертерек өледі. Мәселен, ұсақ құстардың толық ашыққан кездегі өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 2 тәулік, егеуқұйрықта - 4, теңіз шошқасында - 7, тауықта - 15, қояндарда - 30, жылқыда - 80 тәулік.

.

Slide 6

.

.

Slide 7

Әдетте ашығуды клиникалық белгілері бойынша 4 кезеңге бөледі: 1. Талғаусыз кезеңі - бұл кезеңде малдың мінез-құлқында ешқандай ауытқу байқалмайды. 2. Қозу кезеңі - бұл кезеңде қозғалыс қарқындылығы күшейіп, азық жеуге ұмтылады, сыртқы тітіркендіргіштерге сезімталдылығы күшейеді. 3. Күйзелу кезеңі (ең ұзағы) - организмнің әлсіреуі арта түсуімен, толық тыныштықты қалауымен ерекшеленеді. 4. Толық күйзелу кезеңінде параличке шалдығып, ақырында өледі.

.

Slide 8

зат алмасуындағы өзгерістер бойынша ашығу үш кезеңге бөлінуі мүмкін: 1. Негізгі алмасудың күшею кезеңі және энергиялық шығынның уақытша артып тәуліктік салмағының неғұрлым көп кемуі 2. Организмде негізгі алмасудың тоқтаусыз бірте-бірте кему, тәуліктік энергетикалық шығынның азаю кезеңі (ең ұзағы) . 3. Ашығудың үшінші (қорытынды) кезеңінде белок ыдырауы, несеппен азоттың бөлінуі арта түседі

.

Slide 9

Т о л ы қ е м е с а ш ы ғ у (ж ө н д і а з ы қ т а н д ы р м а у) . Толық ашығуға қарағанда, ашығудың бұл түрі ауыл шаруашылық малдарында жиі кездеседі. Оның өзі мал организмінің энергиялық шығынын және қоректік заттарға қажетін қанағаттандыратын азықты жеткілікті қабылдамауымен сипатталады. Толық емес ашығу, жемшөптің жеткіліксіздігімен қоса, организмдегі, негізінен алғанда асқазан-ішек жолдарындағы патологиялық процестерден, ас қорыту мен сорылудың бұзылуынан болуы мүмкін.

.

Slide 10

І ш і н а р а (с а п а л ы қ ) а ш ы ғ у. Ішінара немесе сапалық ашығу кезінде малдар өзіне қажетті заттардың (азық калориясы жеткілікті бола тұрса да) біреуін немесе бірнешеуін пайдалана алмайды. Сол себепті ішінара ашығуды - белоктық, углеводтық, майлық, минералдық, сулық және витаминдік деп бөледі.

.

Slide 11

Белоктан ашығу. Белоктың жетіспеушілігі организмнің тіршілік әрекетіне қолайсыз әсер етеді. Мал организміне белок азық арқылы үздіксіз келіп тұруы тиіс, өйткені организмнің барлық тканьдерінде белок алмасуы үздіксіз болып тұрады. Мәселен, бауырдағы, бүйректегі, қандағы белоктың жартысындайы әр 5 -7 күн сайын алмасып отырады. Мал рационында белок жетіспеген жағдайда инфекцияға төзімділігі әлсірейді, жалпы әлсіздік басталады. Алиментарлық дистрофия дамып, оның кахексия, анемия, брадикардия, гипотония, ісіну, гипотермия т. б. көріністері байқалады.

.

Slide 12

Белоктан ашығу кезіндегі пайда болатынт ауру

.

Slide 13

Углеводтан ашығу. Мал организмнің негізгі энергия көзі углеводтар болып саналады. Мал организмінде азықтың қоректік заттарын тиімді пайдалану үшін белоктардың, майлардың және углеводтардың белгілі бір ара қатынасы қажет. Әсіресе қант-протеин ара қатынасының маңызы зор. Рационда клечатканың, қанттың, крахмалдың жетіспеушілігі зат алмасуды бұзады. Органның кетогендік функциясы күшейіп, кетогендік денешіктерді пайдалануы шектеледі. Олар қанға, бауырға, тканьдерге көптеп жиналып, несеп, сүт, шыққан дем арқылы көп мөлшерде бөлінеді. Қышқыл-сілті тепе-теңдігі бұзылады, ацидоз дамиды, мұның өзі әсіресе ірі қара мен ұсақ малдарда айқын білінеді. Сөйтіп, кетоз атты ауру пайда болады.

.

Slide 14

Майдан ашығу. Липидтер - клетка элементтерінің қажетті компоненттері, олар көптеген биологиялық активті заттардың - ферменттердің, гормондардың, простагландиндердің негізін салушы болып саналады. Майлар энергиялық процеске негізінен алғанда углеводтар жетіспегенде қатысады. Май энергияны, алмастырылмайтын май қышқылдарын тасымалдаушы, майда еритін витаминдердің ең басты көзі болып саналады. Майдың биологиялық тиімділігі, оның энергиялық құндылығы секілді өте жоғары. Рационда майдың жеткіліксіздігі немесе мүлде болмауы жас төлдер мен ересек малдарға қолайсыз әсер етеді. . Мәселен, шошқаның, әсіресе торайларының құйрығында, арқасында, жауырынында дерматитке ұқсас қабыршақты қайызғақ пайда болады. Мал жүдейді, қылы түседі, құрсақта қызылқоңыр түсті жабысқақ экссудат бөлінеді, жауырын терісінде шіріген орындар байқалады. Сонымен қоса, ас қорыту жүйесі жеткілікті дамымайды, өті азаяды, қалқанша безі ұлғаяды. Мұның барлығы шошқа организмінде тіршілікке қажетті қанықпаған майлы қышқылдардың (линол және линолен) жеткіліксіздігінен пайда болады. Ересек шошқаның майдан ашығуының клиникалық белгілері 42-күні байқалады. Рационға өсімдік майын қосу аурудан сақтандырады. Бұзауға майсыз жасанды сүт беру 35-күн бұлшық ет әлсіздігін, қалтырауды туғызып, өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

.

Slide 15

.

.

Slide 16

Минералдық ашығу. Аса маңызды минералдық элементтерге калий, кальций, фосфор, натрий, магний, хлор, күкірт жатады. Аздаған мөлшерде йод, бром, мырыш, марганец, мыс, кобальт, темір және басқа да бірқатар металдар қажет. Мал организміне азықпен бірге минералдық заттардың қажетті мөлшері берілмейінше өмір сүре алмайды. Әрбір макро - немесе микроэлементтердің жеткіліксіздігі оларға қатысты алмасу процестерінде айқын білінеді. Сондықтанда белгілі бір минералдық элементтердің немесе олардың бірнешеуінің жеткіліксіздігіне қарай минералдық алмасудың тиісті ауытқуы пайда болады.

.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Ашығу мен тойынудың физиологиялық негіздері
ЗАТ АЛМАСУДЫҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Ашығу
Ашығу патологиясы
Фотоэффект құбылысын түсіндіру
Ұтымды тамақтану. Салмағы артық адамдардың тамақтану принциптері
Ашығу мен тойыну орталықтары
Бөлшектенген тамақтану диетасы
Май мен нәруыз алмасуының бұзылыстары
Майлар энергетикалық функциясынан басқа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz