Аналептиктердің фармакологиясы, жіктелуі және ветеринариялық клиникадағы қолданылуы


Slide 1

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ “Ветеринария факультеті” “Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы”

Тақырыбы: Аналептиктер

Тексерген: Туржигитова Шырын

Орындаған: Есілбекқызы Әйгерім

ВМ - 305

Slide 2

I. Кіріспе Аналептиктер II. Негізгі бөлім Аналептиктердің әсері Аналептиктердің жіктелуі, препараттары III. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

.

Slide 3

Кіріспе Аналептиктер (грекше ana - жоғарыға қозғалу, lepticos - қабылдау қабілеті) -сопақша мидың тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарын сергітеді. Аналептиктер - ОЖЖ- нің функциясын қалпына келтіруші, тыныс алу орталығының белсенділігін реттеуші заттар. Сергіту-бұл кез-келген дәрілік заттың тежелген қызметтерді қалпына келтіру қабілеттілігін білдіреді. Аналептиктер ОЖЖ-нің жалпы ынталандыратын заттар. Олар жүйкелік импульстердің нейронаралық берілулерін жеңілдете отырып, қозу үрдістерін күшейтеді немесе тежегіш механизмдерін басады.

.

Slide 4

.

Slide 5

Камфора - камфора ағашынан алынатын дәрілік зат. Камфора түссіз, өзіне тән исі бар, тез ұшқыш, суда нашар, ал органик еріткіштерде жақсы еритін кристалды зат. Ол орталық жүйке жүйесінің жұмысын қоздырады, терең тыныс алуды қалыптастырып, жүрек қан тамырларын кеңейтеді, жүрек етінің қызметін жақсартады. Сондай-ақ, сыртқы жараны зарарсыздандырып, қабыну процесін қайтарады. Камфораның ұнтақ, майлы ерітіндісі (шабдалы майында) тері астына, қан тамырына жіберуге, ал камфора майы (күнбағыс, т. б. ) теріге ерітінді түрінде жағуға пайдаланылады. Камфора қабыну, жүрек неврозы, жүйке жүйесі қызметі бұзылғанда, құлақ ауырғанда қолданылады.

.

Slide 6

Камфораның рефлекторлы әсері. Камфора терінің және кілегей қабаттарының жүйке ұштарын тітіркендіріп, нәрленістік және ауырсынуды басатын рефлекстерді шақырады. Камфораның 10℅- ды майлы және спиртті ерітінділері және камфора жағар майы бронхитте, радикулитте, невралгияда, ревматизмде теріге жағылады.

.

Slide 7

Этимизол-атақты отандық фармаколог академик С. А. Аничков ойлап тапқан, бұл препарат пиримидин сақинасы бар конфеин молекуласынан түрады. Препараттың әсерлері-мидың жарты шарының қыртысында седативті әсер береді және тыныс орталығына жұмсақ сергітуші әсер береді. Этимизол ұзақ уақытқа есті және көңіл-күйді жақсартады, тамыр қозғалтқыш орталыққа сергітуші әсер бермейді, гипоталамустық кортикотропин-рилизинг гормондарының секрециясын күшейтеді, сирек жағдайларда тырысуларды болдыруы мүмкін. Глюкортикоидтардың доғару синдромын төмендетеді, өкпеде сурфактант түзілісін қалпына келтіреді. Аллерниялық серпілістерді тежейді, себебі глюкортикоидтардың түзілісін күшейтіп, Цамф-тің жиналуына әкеледі. Ақуыз синтезін, қалпына келі үрдістерін белсендіреді, сонымен қатар асқазанның жара ауруында оның кілегей қабаттарының жаңаруын күшейтеді.

.

Slide 8

Ингаляция (лат. іnhalatіo - дем арқылы жұту, дем тарту) - емдік мақсатта биологиялық активті заттарды не дәрі-дәрмектерді дем арқылы организмге енгізу әдісі. Ингаляцияның табиғи (ионға және озонға толы тау ауасын, тұзды және ылғалды теңіз ауасын, қылқан жапырақты ормандағы бальзамды және озонды ауаны, т. б. дем арқылы ішке тарту) және жасанды (арнаулы ингаляторлардың көмегімен) түрлері бар (мысалы, аэрозольингаляция, аэроионоингаляция, , т. б. ) . Будың екпінімен немесе сығылған ауамен дәрілік заттар ингалятор арқылы ауру адамның тыныс алу жолдарына түседі. Майда бөлшектенген дәрілік заттар тыныс алу жолының сілекейлі (шырышты) қабықшасымен тікелей жанасып, тез қанға сіңеді де, аурудан тезірек айығуға себін тигізеді.

.

Slide 9

Арнайы ингаляциялық ерітінділер мен қоспалар тыныс жолдарынан сілекей (шырыш) мен қақырықты түсіруді жеңілдетеді. Ингаляция емі ринит, гайморит, бронхит, созылмалы өкпе қабынуы, т. б. ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшін дәрігердің ұсынысы бойынша ғана қолданылады.

.

Slide 10

Қорытынды Қорыта келе аналептиктердің мөлшерін ұлғайту рефлекторлық қозғыштықтың жоғарылауымен жүретін қозу үрдістерінің жайылуына әкеледі. Уытты мөлшерлерде аналептиктер тырысу шақырады, сондықтан оларды кейде тырыстырғыш улар деп атайды. Тырысулар көптеген аналептиктердің әсерінен жүйкелік импульстердің нейронаралық берілулерінің жеңілдеуіне, потенциалдардың қалыпты жағдайға келуінің қысқаруына, қозудың таралуына, реакциялар көріністері қалдықтарының ұзаруына байланысты пайда болады.

.

Slide 11

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Орманов Н. Ж., Орманова Л. Н. . «Фармакология» I-ші кітап. Шымкент-2010 2. А. Харкинс “Пропедевтика внутренних болезней” 2005 год 3. Ә. Нұрмұхамбетұлы “Патофизиология” Алматы 2007 жыл 4. Интернет желісі.

.


Ұқсас жұмыстар
Ауыр металдар препараттарының фармакологиясы және ветеринариялық қолданылуы
Кілегейлі заттардың фармакологиясы, фармациясы және ветеринариялық қолданылуы
Психотроптық препараттардың фармакологиясы, жіктелуі және клиникалық қолданылуы
Жергілікті анестетиктер: тарихы, химиялық жіктелуі, фармакологиясы мен клиникалық қолданылуы
Жануар текті АСД (2 және 3 фракциялар): ветеринариялық фармакологиясы, көрсетілімдері мен қолданылуы
Парацетамол: фармакологиясы, клиникалық қолданылуы және синтез әдістері
Руминаторлық, құстыратын және өт айдайтын дәрілік заттардың ветеринариялық фармакологиясы
Адренэргиялық синапстарға әсер ететін дәрілер: фармакологиясы және клиникалық қолданылуы
Антигельминтиктер, инсектицидтер және акарицидтер: жіктелуі, әсер ету механизмдері және ветеринариялық қолданылуы
Жүрек гликозидтері: құрылымы, фармакологиясы және клиникалық қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz