Мәдениет морфологиясы



Мәдениет морфологиясы

Мәдениет
Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Мәдениет
Адам
Бұл қарым-қатынастың мәні
адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды.

Қазіргі заманғы мәдениетке берілген анықтамалар
Мәдениет
адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж. т. б. )
агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж. т. б. )
адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж. т. б)
белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы


Рухани
Материалдық
Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Алайда материалдық және рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде болады, өйткені шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір-бірімен сіңісіп, толықтырып тұрады. Тек материалдықққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын мәдениеттің бір қатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық, эстетикалық) .

Мәдениеттану ғылым ретінде
Мәдениеттану ғылым ретінде «культорология» атауымен Еуропада қалыптасқан. Бұл сөздің өзі екі: латын және грек тілдеріндегі екі сөзден құралған. «Культура» сөзі латын тілінде жер айдау, топырақ өңдеу дегенді білдіреді. Ал «логос» сөзі грек тілінен алынған. Ол көп мағыналы: «ғылым», «ілім», «теория» деген ұғымдарды береді. Демек, культорология - мәдениет туралы ілім, теория, ғылым. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуында мәдениеттің табиғаты мен мәнін түсіне білу маңызды орын алды. Мәдениет ұғымының даму тарихы мәдениет туралы жан - жақты тұжырымдаманы: марксизмнің еңбек құралы тұжырымдамасын; Н. Я. Данилевскийдің мәдени тарихи тип тұжырымдамасын; мәдениеттің ойын ретіндегі теориясы және басқа тұжырымдамаларын өмірге келтірді. XIX - XX ғасырлар бойында мәдениетті зерттеуде антропологиялық бағыт қалыптасты, онда адам мен мәдениеттің қарым қатынасы басты назарға алынды.

Мәдениеттану

Мәдениеттануды тек қана гуамнитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өнеріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.
Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің сациологтардың, психолгтардың, тарихшылардың, демографтардың т. б. ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым салаларының айналысатындығын байқаймыз. Мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті.
Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік. Антропологияның басты бағытының бірі - қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу.
Мәдениеттану
Психология
Тарих
Антропология
Педагогика

Мәдениеттанудың даму кезеңдері

Цицеронның талдауындағы "мəдениет" ұғымы?
Көне заманда "культура" деген ұғым "жерді өңдеу" деген мағына берген. Цицеронның еңбектерінде бұл сөздің мағынасы тереңдеп, "жанды жетілдіру" деген ұғымды білдірді. Ал кейінірек уақыт өте келе еуропалық тілдерде мəдениет сөзі "білім беру", "даму", "қабілеттілік", құрметтеу" сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазақ тілінде бұл термин арабтың "маданият"-қала деген сөзінен енген.

"Мəдениет" терминінің этимологиясын ортағасырлық ислам мəдениетінде анықтаңыз.
Бұл ортағасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан маариф яғни білімділік және адаб яғни әдем, мораль түсініктерімен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік деп атауға болады. Альтернативтік дегеніміз қарсы қоюшылық дегенді білдіреді. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні - мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық.

Мәдениеттің мәнін белгілі бір тұрғыда қарастырсақ, оның басқалардан гөрі айрықша екі жолын көруге болады: зайырлы және діни мәдениеттер. Діни ілімнің түсініктерінін шеңберінде «мәдениет» ұғымы (ғибадат), жоғарғы иенің беретін сенімі, дәстүрі, болмыстың жоғарғы мәні жатады. Мәдениеттің түп-тамыры байырғы заманға барып тіреледі. Оның діни көзқарастардан нәр алатындығы даусыз. Оларға адамдар арасындағы салт-сана, дәстүр, жоғарғы бір күшке табыну, жаратқанның құдіретіне сену сияқты т. б, табынудың түрлерін жатқызуға болады. Діни қарекеттер, діни тәжірибелер - алғашқы адамдардын табиғи жағдайдан шығуы, адам болмысының пайда бола бастауы. Сол себептен «гибадат» (кулът) және «мәдениет» ұғымдарының бір-біріне концептуальдық жағынан жақындасуының өзі әділетті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz