Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі


Slide 1

Жедел жүрек жетіспушілігі естен тану, коллапс кезіндегі көмек және диагностика алгоритмі!

Slide 2

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

Жүрек қызметінің жетіспеушілігінің клиникалық түрлері.

Жүрек қызметінің жетіспеушілігінің себептері:

Eстен тану (Талу)

Жедел жәрдем

Коллапс (Талықсу)

Жедел жәрдем

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Жүрек қызметінің жетіспеушілігінің клиникалық түрлері.

Жүрек қызметінің жедел жетіспеушілігі - жедел миокард инфарктінде, жедел миокардттерде, жүрек ырғағының ауыр бұзылыстары (пароксизмальды тахикардияда, қарынша жыпылығында) жүректің ауыр науқастарында пайда болады. Ол минуттық көлемнің бірден төмен түсуімен және артериалық арнаның қанмен толуымен қатар жүреді және клиникалық тұрғысынан қан тамыр текті, қан айналым жетіспеушілігіне өте ұқсас (кейде оны жедел жүректік коллапс дейді) . Ол кенеттен пайда болған әлсіздікпен, кейде ми ишемиясынан болған талмамен, тері жамылғысының сұрлану және көгеруімен, аяқ-қол ұштарының суып кетуімен, тамырдың соғуының әлсіреуінен, артериалық қысымның төмендеуімен сипатталады.

Slide 4

Бұл қан айналым жетіспеушілігінің жүрек тектілігі жүректің өзіндік өзгерістерімен анықталады (аритмия, шекараларының үлкеюі, жүрек дыбыстарының өзгеруі, шоқырақ ырғағы) . Осының әсерінен көктамырлық қан іркілуі пайда боладыда, ол төменгі белгілермен сипатталады: ентігу, мойын көктамырларыньщ ісінуі, өкпеде сырылдың пайда болуы мен бауырдың үлкеюі. Жүрек қызметінің жедел жетіспеушілігі миокардтың толық қызметінің төмендеуімен емес, жүректің жеке бөлігінің қызметінің төмендеуінен яғни, сол қарынша, сол жүрекше, оң қарыншаның қызметінің төмендеуінен де болады.

Slide 5

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі

Жүректің насостық функциясының бұзылысынан ағзалар мен тіндердің қанмен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.

Миокардтың жиырылғыштық қабілетінің төмендеуімен байланысты. Бұл кезде көктамырмен келетін қанның мөлшері және қарсылық күші, қанды қан тамырларына айдағанда, миокардқа күш түсіріп, жүректің қабілетін төмендетіп, қанды көктамырдан артериалдық арнаға өтуіне кері ісер етеді.

Жүрек қызметінің жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі басқа мүшелердегі өзгерістерге, жетіспеушіліктің сатысына, ұзақтығына және жүректің қай бөлігінің (сол және оң жақ) зақымдануына байланысты.

Slide 6

Сонымен қан айналым жетіспеушілігін сатылары:

Жедел қан айналым жеткіліксіздігі;

Созылмалы қан айналым жеткіліксіздігі;

Екі түрде болады, біреуі: жедел жүрек жетіспеушілігінен жүректің кейбір бөліктерінің жетіспеушілігі немесе екінші түрі жедел қан тамырлар (коллапс, шок, талма) жетіспеушілігі.

Slide 7

Клиникалық түрлері

Жүрек қызметінің жедел жетіспеушілігі - жедел миокард инфарктінде, жедел миокардитте, жүрек ырғағының ауыр бұзылыстары (пароксизмальды тахикардияда, қарынша жыпылығында) жүректің ауыр науқастарында пайда болады.

Ол минуттық көлемнің бірден төмен түсуімен және артериалық арнаның қанмен толуымен қатар жүреді және клиникалық тұрғысынан қан тамыр текті, қан айналым жетіспеушілігіне өте ұқсас (кейде оны жедел жүректік коллапс дейді) .

Ол кенеттен пайда болған әлсіздікпен, кейде ми ишемиясынан болған талмамен, тері жамылғысының сұрлану және көгеруімен, аяқ-қол ұштарының суып кетуімен, тамырдың соғуының әлсіреуімен, артериялық қысымның төмендеуімен сипатталады.

Slide 8 Slide 9

Жүрек қызметінің жетіспеушілігінің себептері:

Әрқайсымызда дерлік табылатын атеросклероз. Сондай-ақ, жүрек ауруларын тудыру қауіпін арттыратын бірқатар факторлар бар. Бұл жас - ер адамдар үшін 30-дан асқаннан кейін, әйелдерге 50-ден асқаннан кейін; тұқым қуалаушылық (әйтеуір бір жақын туысқанда: ата-ана, ата, әжеде ЖИА, инфаркт, ми инсультінің болуы, әсіресе ауру 55 жасқа дейін туындаған болса) ; қандағы холестериннің жоғары мөлшері (5 ммоль/л жоғары немесе 200 мг/д жоғары) ; шылым шегу (ең басты қауіпті факторлардың бірі) ; артық салмақ пен қозғалыссыз өмір сүру; артериялды қысымның жоғарылауы (кез келген жаста 140/90 мм с. б. б. жоғары болса) ; қант диабеті.

Осы факторлардың ең болмағанда біреуінің болуы миокард инфарктісіне душар болу қаупін арттырады. Ал әрбір жаңа қауіп фактордың қосылуы аурудың ықтималдығын геометриялық прогрессияда арттырады. Ұстама күші жағынан жүрек мүмкіндіктерінен асып түсетін факторларының себебінен туындайды, - физикалық күш жұмсау, эмоциялық стресс немесе олардың үйлесуі.

Slide 10

Екі жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігі

Екі жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігі - сол жақ қарыншаның жиырылған кезінде сол жақтағы атриовентрикулярлық тесік екі жармалы қақпақшамен толық жабылмайды, сол кезде қарыншадан жүрекшеге қан кері қайтады.

Slide 11

Қолқа қақпақшасы қызметінің жетіспеушілігі

Бұл жүрек ақауында жарты айшық тәрізді жапқыштар қолқа саңылауын дистола кезінде жаппайды, осының зардабынан қолқадан қан кері сол жақ қарыншага қайта ағады.

Slide 12 Slide 13

Үш жармалы қақапақша қызметінің жеткіліксіздігі

Үш жармалы қақпақша қызметі жетіспеушілігінде систола кезінде қан оң қарыншадан оң журекшеге кері ағады, осы кезде оң жүрекшеге жоғары қуыс веналардан қалыпты мөлшердегі қан келеді.

Slide 14

ECTEH ТАНУ(ТАЛУ)

Талу - ми ишиемиясымен және аз уақытқа есінен айырылумен сипатталатын жедел тамыр жетіспеушілігі.

Мидағы қысқа уақыттағы қан аздығы.

Әлсіздік.

Көздің қарауытуы.

Оттегінің жетіспеушілігі.

Психикалық уайым.

Диагностикалық манипуляция.

Slide 15 Slide 16

Жедел жәрдем!

Slide 17

КОЛЛАПС (талықсу)

Жедел тамыр жетіспеушілігінің ең ауыр түрі. Көп қан жоғалту, қан қысымының (ҚҚ) төмендеуі нәтижесі.

Клиникасы:

- жағдайы нашарлап, есінен тану тері бозару

- жабысқақ, суық тер шығу

- тамырдың білінбей соғуы (нитевидный пульс) жиі

- ҚҚ төмендеуі.

Slide 18 Slide 19

Жедел жәрдем!

Этаптар

Не үшін

1

Науқас жатқызып, басын

- ми гипоксиясында

төмендету.

мига қан келуді көбейту

2

Қысатын киімін шешу

- дем алуын жақсарту

3

Таза ауа жеткізу

- коллапста гипоксия дамиды

4

Тамыр тарылтатын дәрілер

- қан тамырларын

егу: мезатон 0, 1 мл /1

тарылтып,

жасына

айналымдағы қан

Норадреналин 0, 1мл/1

көлемін азайту арқылы

жасына

Адреналин ОД мл/ 1 жасына

ҚҚкөтеру

5

ҚҚ бақылай отырып көк

- қан тамырларын

тамырға (К/т) қан

толтырып, ҚҚ

алмастырушыларды

жоғарылатады.

тамшылату

Slide 20

Қан тамырлары кызметі жетіспеушілігінің түрлері.

Бұл қан тамыр ішіндегі қанмен, айналымдағы қанның ара қатынасының молшері бұзылғанда пайда болады. Ол қан мөлшерінің азайғанында көп қан кеткенде, организмнің сусыздануында) немесе қан тамырларының күш-қуатының (тонус) төмендеуінде дамиды. Қан тамырлар тонусының төмендеуінің себептері:

1) тамырлардың вазомоторлы нервтерінің рефлекторлы бұзылуында (жарақат кезінде, сірлі қабықтардың тітіркенуінде, миокард инфарктінде, өкпелік артерияның эмболиясында т. б. ) ;

2) вазомоторлы нервтерінің орталықты бұзылуы (гиперкапнияда, мидағы жедел гипоксияда) ;

3) көптеген инфекциялармен улану кезіндегі қан тамырлардың парезі пайда болады.

Slide 21

Тамыр тонусының төмендеуінен қанның организмде таралуы бүзылады: құрсақ қуысындағы қан тамырларында жиналған қан көлемі көбейіп, ал айналымдағы қан көлемі азаяды. Айналымдағы қан көлемінің азаюы, жүрекке веналық қан ағымын азайтып, артериалық және веналық қан қысымының төмендеуіне әкеліп соғады.

Slide 22

Кан тамырлары қызметінің жедел жетіспеупіілігі.

Қан тамырларында қан айналымы қызметінің жеткіліксіздігі жедел түрде болады, мұны коллапс деп атайды. Айналымдағы қанның көлемі азайып және артериалық қысымның төмендеуі мидың ишемиясын туғызады. Қан тамырлары қызмстінің жедел жеткіліксіздігіне мынадай белгілер тән: бас айналу, көз қарауыту, құлақта шуылдың пайда болуы, жиі естен тану байқалады. Ауруды қарап тексергенде терінің сұрлануы, суық тер, аяқ-қол ұштарының сууы, тамыр соғуының әлсіреуі, сол сияқты, apтериалдық қысымның төмендеуі байқалады.


Ұқсас жұмыстар
ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Жедел жүрек жеткіліксіздігі
Жүрек гликозидтері туралы түсінік
БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСТЕРІ
Коронарлық жеткіліксіздіктің түрлері,миокард зақымдалудың себебі мен механизмі
Жүрек жеткіліксіздігі
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ПЛАЗМА АЛМАСТЫРУШЫ ЗАТТАР - ҚАН
Фармакологиялық әсері
Авитаминоздар және гиповитаминоздар
Бүйректің жедел жетіспеушілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz