ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ»

ТАҚЫРЫБЫ; АБАЙ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫ ҚҰДАЙ ЖӘНЕ АДАМ МӘСЕЛЕСІ.ВИРТУАЛДЫ
ШЫНДЫҚТЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕУ ПӘНІ РЕТІНДЕ ТАЛДАУ.

Алматы, 2020
ЖОСПАРЫ:

• Кіріспе
Кеменгер дана Абайдың жол бастауы

• Негізі бөлім
Ақынның қоғамдық құрылымға көзқарасы.

Абай философиясы.

Абай философиясындағы Алла мәселесі
Абай философиясындағы адам мәселесі.

Виртуалды шындық.

Философиядағы виртуалды шындық

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
КІРІСПЕ:
Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам
мәселесі – философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың
адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-
толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-адам»
деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы ЛаоЦзы: «Басқаларды білетін
адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті. Ал қазақтың ұлы данышпаны
Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған. Адам
мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ
ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес.
Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның
ойшыл – дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық
парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану
адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды
барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін
ашу.
АҚЫННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМҒА КӨЗҚАРАСЫ.

Абайдың социологиялық ой пікірлерімен “қара сөздерінен” таныс бола аламыз.
Абайдың қарастыратын мәселелерінің бірі –жеке адамның құрылымы. Бұл жерде оның көз
қарастары Э. Дюркгеймнің, П. Сорокиннің көз қарастарымен сәйкес келеді. Ол жеке адамда
биологиялық “мен” және әлеуметтік «мен» болатындығын дәлелдейді. Абай «жан мен тән
адамға табиғат арқылы берілген» деп өзінің 43 қара сөзінде көрсетеді. Абай адамның мәнінің
негізінің әр түрлілігін жеке адамдардың өзара байланысына және өзара әрекетіне
байланысты екенін, сонымен бірге оған тигізетін әлеуметтік ортаның да әсерін
сипаттайды.Абай адамның табиғатының екі жақтылығын көрсете отырып, адамның
сұраныстарын табиғи және жасақталған деп бөледі. Табиғи сұраныстарға тамақ ішу, дүниені
білуге деген ұмтылыс және оны танып білуді жатқызса, ақыл мен білімді адамның еңбектік іс-
әрекеті арқылы қалыптасатын сұраныстарына жатқызады.

Абайдың әлеуметтік көз қарастарын жеке адамды әлеуметтік сипаттауынан да көруге
болады. Абай «қара сөздерінде» жеке адамның әлеуметтенуінің кезеңдерінің ерекшеліктерін
көрсетеді; балалық, жасөспірімдік, жетілу кезеңдері. Абай дүниеге келгеннен бастап сәбиді
екі түрлі сұраныс қалыптасады деп көрсетеді. 1) Тамақ ішу мен ұйқыға деген сұраныс; 2)
Білуге деген ұмтылыс. Бұл жерде Абай әлеументтену процесінің бейімделу және
интериоризация кезеңдерін сипаттайды.
Абай әсіресе білімнің адамның қалыптасуына тигізетін
әсерін жоғары бағалады, “Рухани сапа-адамның
ерекшелігін бейнелейтін көрініс”деп есептейді. Ой
алғырлығы, Ұмтылыс, жүрек қалауы, Қызығушылық,
әрекет етуге қабілетті болу-адамның қоғамға
араласуына керекті алғы шарттар екендігін де Абай
жазбаларынан таба аламыз.Уалиханов Шоқан (1835-
1865)- ағартушы ғалым. ХІХ ғасырдың ортасында
Қазақстандағы әлеуметтік ғылыми ой-пікірдің дамуына
Ш. Уалиханов өз үлесін қосты. Қазақ халқының саяси –
әлеуметтік өмірі Ш. Уалихановтың “Сот реформасы
жайында хат”, “Сахарадағы мұсылманшылық
туралы”,”Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси
жағдайы, “Баянауыл округі туралы” “Қазақтардың өрісі
мен қонысы туралы” деген еңбектерінде айқын
көрінеді.Бұл шығармалары сол кездегі қазақ қауымының
басынан өткен патриархалдық- феодалдық құрылыстың
кертартпалық сипаттарын қатты сынайды. Согнымен
қатар Шоқан қазақ қоғамның әлеуметтік құрылымының,
саяси-әлеуметтік , экономикалық территориялық
жағдайларын мұқият зерттеп, оған обьективтік ғылыми
бағалар берген. Көзімен көрген, ақыл-ойын түйген
жайлар қазақтың, қырғыздың т.б. Бұратана
халықтардың патша үкіметінің орталық саясатынан
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың
заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған
сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі
мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды,
қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан
иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең
сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық
шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету
жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы
заңдылықтарын ашып көрсетеді
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-
әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде
де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде
жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің
тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді,
жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.Абай өз
шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы
жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін
анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды
болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына
шығуына мүмкіндік береді.
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АЛЛА
МӘСЕЛЕСІ
Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты. Оның
шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай
мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі
болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай – әлемнің алғашқы себебі немесе
түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни
әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды. Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол
күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай
адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен
жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.
Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс –
әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап – тілегі мен қызығушылығын зерттегенде
физиологиялық – психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде –
философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық
принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады. Таным, Абайдың пікірінше,
- адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден – бір қажеттілігі. Табиғат пен
қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып отыруы.
Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның ролін жоғары
бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және
гуманды, адал, мейірімді болуы керек. «Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз
болсаң, арқалаң. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар қалан», - деп
жазды Абай. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті
өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай
шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік
философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы,
ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалық жаулықты жою, сайлау,
билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты.
Ұлы ақынның өмірінің соңында жазылған
45 қара сөзі мен өлеңдерінің
біршамасында қоғамдық ой-пікірлері
ашық та айқын жазылған. Ол қазақ
халқын өнер үйренуге, тіпті сауданың да
мәнісін білуге шақырды. Егіннің ебін,
сауданың тетігін үйреніп, ойлын, мал
тап , дейді. Қазақ елінде ойын-сауыққа
көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір
ауылдан бір ауылға селтеңдеп қыдырып
жүретін келеңсіз әдет барын ашына
ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.
Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
Аздылар адам баласын , деп түйіндейді.
Қырық екінші сөзде Абай қазақты
пайдасыз, жұмыссыз, қаңғырып жүруге
құмар деп санады.
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ
Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам
мәселесі – философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың
адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-
толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-адам»
деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін
адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті. Үнді философиясының, буддизм
ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың
ұлы данышпаны Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз
қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен
толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық
тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар
негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай
заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани
әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін,
болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның
ойшыл – дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық
парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам
болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша
жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне
азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: «ұстаздық, әлеуметтік
талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы
заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады»;- дейді. Бұл
тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала
беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-
дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын
тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау
мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға
болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік
тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді.
Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін
ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады.
Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар – намысы
сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам
өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, «мені» мен «менікінің» айрылғанын,
«өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес.Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен
процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл жерде «мен» деген не,
«менікі» деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. ”Мен” дегеніміз
ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. “Менікі” деп сөзді тәнге қатысты айтып
отыр. Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп,
философиялық ой толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: «Күллі
адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық,
екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш – ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық
қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен иман мәселесін қозғайды. Бұл екі ұғым
адам мен хайуанның ара жігін ажыратады. Адам хайуаннан, ақ жүректігімен
адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Ұяты бар адам – иманды. Ойшыл
Абай адамдық танымдағы ұяттың басымдығын сөз етіп тұр. Жиырма бесінші
қара сөзінде: «Қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға
құмарлық қайдан тұрсын? Ашап – ішуге малдың тапшылығы да ағайынның
араздығына уа әртүрлі бәлеге ұрлық зорлық, қулық сұмдық секілді нәрселерге
үйірлендіруге себеп болатын нәрсе» деп ой түйіндейді .
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары
көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап
табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам
баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ
қалдырады.Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне,
Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Адам
бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке
айналдыратын ғылым деген қорытындыға келеді. Ол ғылымды үйреткенде,
бақталастық, атақ – данқ үшін емес, айқын мақсатпен, білмек үшін үйрену керектігін
баса айтады. Өйткені қай қоғамда болмасын, бақталастық адамды жаман жолға
жетелейтіні рас. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін
күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге
болады
ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ
ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ

Виртуалды шындық (лат. Virtus — ақиқат) — компьютерлік техниканың
негізінде кеңістіктік-уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп,
жаңа әлемді, шындықты — қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру
нәтижесі. Виртуалды шындық сөздің тар мағынасында «электронды
көзәйнек» киіп алғаннан кейін пайда болатын ойындық немесе техникалық
қажетті жасанды шындыққа жатады. Бұл жағдайда сана компьютер
құрастырған мүмкін әлемге енеді, онда виртуалды түрде көріне, сезіне және
әрекет ете алады. Сөздің кең мағынасында виртуалды шындық — бұл
сананың кез келген өзгертілген түрлері: жүйкелік шатасу, наркотиктік
немесе шараптық мас болу, гипноздық қалып, наркоз, ұзақ уақыт тар
кеңістікте қалған адамдардағы психикалық өзгерістер
XX ғ. Философиясында реалдықты мойындауға қатысты материалистер мен
идеалистер бөлінуі бұрмаланып жіберілді. Материя мен сана оппозициясы тіл —
шындық қарсы қоюымен ауыстырылды. «Қайсы бұрын болды?» деген сұрақтың
орнына тіл мен шындықтың прагматикалық маңызын айқындау алдыңғы қатарға
шықты. «Шындық» сөзінің өзі тілдік форматқа жатады. Сол себепті жасанды
иллюзорлы шындық виртуалды деп аталады, ол басқа «шындықтардан» шынайы
болып табылады. Бақытты және бақытсыз адамдардың шындығы әртүрлі.
Еуропалық экзестенциалист әлемді шығыстық уағызшыдан басқаша көреді.
Сондықтан кез келген шындық виртуалы болып табылады.
Шындық (reality) — бақылаушы адам үшін нақты бар екендігі күмәнсіз заттар мен
істер, оқиғалар мен құбылыстарды білдіретін философиялық категория; факт;
объективті әлемнің түрлі шынайы көрінісі. Шындықты дұрыс тану ақиқат делінеді.

Шындық

Объективті (зат) Субъективті (сана-
сезім)
Философияда «Шындық» термині екі мағынада қолданылады:

әлемдегі барлық бар нақты заттар; материялды әлем; «барлығы», бәрі;

объективті шындық; материяның өзі мен оның түр өзгерістері. Шындық бұл
жерде субъективті шындыққа, яғни сана мен сезімге қарама-қарсы қойылған.

Болмыс шындық ретінде философияның онтология бөлімінде, және метафизика
тармағында қарастырылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

https://lektsii.net/4-106756.html
• https://www.metod-kopilka.ru/abay-filosofiyasindai-adam-mselesi-7628
1.html
• http://www.rusnauka.com/12_DN_2015/Philosophia/2_191457.doc.htm

Ұқсас жұмыстар
Виртуалды шындықтағы адам
Жаңа ойын Жаңа клубының ашылу бәсекелестердің мүмкіндігі
Онлайн сабақта жақсы атмосфера құру үшін виртуалды фондарды қосу
Тәуелділік кезеңі
ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ
Пәлсапаның атасы
Жаратылыстану ғылымдарының философиялық проблемалары
Роботтар
Информатиканы оқытуда қолданылатын электрондық ресурстардың құрамы және қолданылу бағыттары
Операциялық жүйелер, орта және қабықтар
Пәндер