Құрамында фотосенсибилизаторлары бар азықтар



Дәріс тақырыбы: Ауылшаруашылық малын азықтандыру және азыққа қойылатын санитарлық - гигиеналық талаптар

7. Ауылшаруашылық малын азықтандыру және азыққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
7. 1. Азыққа қойылатын зоогигиеналық талаптар
7. 2. Мал азығын зоогигиеналық зерттеудің негiзгi әдiстерi, олардың сапасын бағалау
7. 3. Азық дайындауға және сақтауға қойылатын гигиеналық талаптар
7. 4. Мал азығының санитариялық сапасын жақсарту әдістерін атаңыз
7. 5. Ауылшаруашылық малдарын азықтандыру тәртібінің зоогигиеналық маңызы
7. 6. Малдың азықтан болатын ауруларын алдын алу (механикалық, химиялық және биологиялық ластануы, т. б. )
7. 7. Жайылымды санитариялық тұрғыдан бағалау (загондық жүйе т. б. )

7. 1. Азыққа қойылатын зоогигиеналық талаптар
Малды азықтандыру олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Қорек арқылы организм ассимиляция процессінде өліні тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал арасында әртүрлі аурулары тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.

Биотикалық патогендерге жататындар: бактериалдық сібір жарасы, сіреспе, сүзек және т. б. және вирустық аусыл, вирустық гепатиттер және т. б., жұқпалы аурулардың қоздырғыштары; инвазиялық аурулардың қоздырғыштары фасциолез, диктикаулез және т. б. ; микоз ауруларын тудыратын қоздырғыштар аспергиллез, фузариоз және т. б.
Абиотикалық патогендер шығу тегіне қарай физикалық (азық температурасы және т. б. ), механикалық (үшкір зат, азықтың ірі бөлшектері және т. б. ), химиялық (зиянды және улы заттардың болуы, минералдық және органикалық заттардың, витаминдердің көп немесе аз болуы) және ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы болып бөлінеді.
Азықтардың тепе-теңсіздігі, жеткіліксіздігі немесе шамадан көп берілуі, азықтандыру тәртібінің бұзылуы және азықтың сапасыздығы мал организімін стресстік жағдайға әкеп соқтырады. Стресс жағдайының азыққа байланысты себептері азықтық стресстер деп аталады.

Азықтық заттар екі топқа бөлінеді:
табиғи және синтетикалық.
Табиғи азықтар шығу тегіне байланысты өсімдік тектес және жануар тектес болып бөлінеді, ал синтеикалық азықтар химиялық және микробиологиялық жолдармен синтезделіп алынған деп бөлінеді. Өзінің құрамы, қасиеті және физиологиялық әсері бойынша азықтар мал организімінің дамуына сай келуі керек.

7. 2. Мал азығын зоогигиеналық зерттеудің негiзгi әдiстерi, олардың сапасын бағалау
Азықтың сапасын бағалау оның қоректілігін, зияндылығы, сапалылығы, биологиялық құндылығы сияқты көрсеткіштерді анықтау арқылы жүргізіледі.
Азықтың зияндылығы малда ауру тудыратын, оның ішінде организмде зат алмасудың бұзылуы, улануы, токсикоинфекциялардың туындауы, аллергияның пайда болуы, гармоналдық функцияның бұзылуы және т. б. зиянды заттардың болуымен сипатталады. Азықтың улылығы қоршаған ортадан түсетін улы химиялық заттардың болуына минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер т. б. және азықтың өзінде пайда болатын улы өсімдіктер және т. б., сонымен қатар бактериялар, саңырауқұлақтар және басқа да организмдерден бөлінетін метаболикалық удың түзілуімен байланысты болуы мүмкін.
Азық құрамында болатын кейбір заттар ұрықтандырылған эмбрионға теріс әсерін тигізіп, эмбриотоксиндік не тератогендік кемістікті тударады. Канцерогенді және онкогенді қасиеті бар заттардың көп мөлшері ісіктің пайда болуына әкеп соқтырады. Химиялық канцерогендерге азот қосылыстарын нитриттер, нитрозаминдер және т. б., кейбір саңырауқұлақтың метоболиттері (афлотоксин, стеригматоцистин), формальдегид және т. б. жатады.

Азықтың сапалылығын анықтау үшін МЕМСТ та көрсетілген әртүрлі азықтық заттарға қойылған талаптарды пайдалынады. Азық сапасын зерттеу тәсілдерін шартты түрде органолептикалық, физико-механикалық, химиялық және ветеринариялық биологиялық деп бөлуге болады.
Органолептикалық әдіске азықтық заттардың сыртқы көрінісі, иісін, түсін, бүтіндігін, түрлік құрамын және т. б. көрсеткіштерін анықтау жатады. Бұл әдістің кемшілігі азықты болжамдап бағалау, ал артықшылығы олардың сапасын анықтаудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы.
Физико-механикалық әдістер азықтың ылғалдылығын, ондағы бөгде заттардың болуын топырақ, металл және т. б. азықтық көрсеткіштерін бағалайды.

Химиялық әдістер азықтың құнарлылық бағасын, былайша айтқанда, әр түрлі минералдық және органикалық заттардың, витаминдердің болуын зерттейді. Атап айтқанда, азықта мына көрсеткіштер анықталады: рН, қышқылдылық, сілтілік және т. б. Осы зерттеулердің нәтижесінде азықпен уланудың немесе зат алмасудың бұзылу себептерін анықтайды.
Ветеринариялық-биологиялық тәсілдерге мал мен лабораториялық жануарлардан микробиологиялық, санитариялық микологиялық, гельминтологиялық, паразитологиялық және алиментарлық үлгі алу жатады.
Азық сапасын зерттеудің осы айтылған жан-жақты кешенді зерттеу жиынтығы жемнің сапасына деген күдік туғызғанда, шығу тегі белгісіз болса, жаңадан азықтық заттар өндірілсе, түлік арасында этиологиясы анықталмаған ауру шықса не азықтың мал өнімділігіне, денсаулығына, сондай ақ мал өнімдерінің сапасына тигізетін әсерін анықтау үшін қажет.
Азықтарды қауіпсіздігі бойынша тексеруді мемлекеттік малдәрігерлік зертханалар, аккредитациядан өткен зертханалар, азық дайындайтын өндіріс орындары 3 айда 1 рет тексеріп отырады.
Қазақстан Республикасы аумағында асыл тұқымды мал өсіру кезінде құрамында өсуді қамтамасыз ететін гормональды препараттары, тиреостатиктерді және антибиотиктері бар азықтарды дайындауға және қолдануға болмайды.

Шіру процесстерінің байқалуы
Қолдануға болмайды
Бөгде иіс шіріген, көгерген, және т. б.
Қолдануға болмайды
Құрамында зиянды және улы өсімдіктердің болуы
Қолдануға болмайды
Хлорорганикалық пестицидетдің болуы, мг/кг, аспауы керек:
ГХЦГ (изомерлердің жиынтығы )
0, 05
ДДТ (метоболиттердің жиынтығы)
0, 05
Фосфорорганикалық пестицидтердің болуы, мг/кг, аспауы керек:
Антио
2
Диазинон
2
Карбофос
2
Нитраттардың мөлшері, мг/кг, аспауы керек:
500
Нитриттардың мөлшері, мг/кг, аспауы керек:
10
Кейбір азықтардың, азық шикізаттарының қауіпсіздік көрсеткіштерінің нормативтері

Улы элементтердің мөлшері, мг/кг, аспауы керек:
Сынап
0, 05
Кадмий
0, 3
Қорғасын
5
Мышъяк
0, 5
1. 1. 2 Көк азықтан дайындалған силос
Шіру процесстерінің байқалуы
Қолдануға болмайды
Бөгде иіс шіріген, көгерген, және т. б.
Қолдануға болмайды
Консистенциясы (жағылғыш, сірінді болуы)
Қолдануға болмайды
Құрамында зиянды және улы өсімдіктердің болуы
Қолдануға болмайды
Май қышқылының мөлшері, %, аспауы керек
0, 2
Хлорорганикалық пестицидетдің болуы, мг/кг, аспауы керек:
ГХЦГ (изомерлердің жиынтығы )
0, 05
ДДТ (метоболиттердің жиынтығы)
0, 05

7. 4. Мал азығының санитариялық сапасын жақсарту әдістерін атаңыз
Мал азығының санитариялық сапасын жақсарту. Азықтың санитариялық сапасын жоғары сақтау үшін оларға арнайы өңдеу жүргізіледі. өңдеудің қарапайым түрі шөпті дайындау барысында кептіру, консервілеу, ол қоректік заттардың бұзылып ыдырамай сақталуына бағытталған. Кейде мал азығының сапасын жақсарту үшін оларды химиялық жолмен консервілейді. Ол үшін пропион қышқылы, сірке суы, аскорбин және бензол қышқылдарын және т. б. заттарды қолдануға болады. Сонымен қатар азықтың санитариялық сапасын жақсарту мақсатында термиялық әдісте жиі қолданылады.

Азықтың минералды құрамын жақсарту мақсатымен топыраққа су жайылып, әк төгіледі, тікелей топыраққа енгізу үшін немесе өсімдікке себу және тозаңдату жолымен қоректендіру үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады.
Еліміздің көптеген аудандары үшін микроэлементтердің мал түлігіне арналған аймақтық нормалары жасалған. Рацион құру кезінде осы биохимиялық ерекшеліктерді ескеру керек.

7. 3. Азық дайындауға және сақтауға қойылатын гигиеналық талаптар
Егер мал азық пен суды өз еркімен жүріп қабылдамаса, онда малды тәуліктік азықтандыру ережесін қатал ұстап жүргізу керек. Малды азықтандыру ережесі мен деңгейі оның түріне, жынысына, жасына, шаруашылықтағы бағытына, физиологиялық жағдайына байланысты. Мысалы ірі қара малды азықтандыру тәулігіне 2-3 рет жиілікте, ал жас төлді жиі азықтандырады. Жұмысқа жегілетін атты азықтандыру және суаруды оның атқаратын жұмысына байланысты жүргізеді. Жылқыларға алдымен ірі, содан кейін шырынды, соңынан құрама азық беру керек. Ірі азық бергеннен кейін жылқыны суару керек.

Малды диеталық азықтандырудың жалпы ережелері.
Бұндай рационға малды көшіретін кезде оның организмінің физиологиясын, азықтандыру гигиенасының ерекшеліктері негізі ескеріледі. Мұндай жұмысты ұйымдастыру кезінде келесі жағдайларды ескеру керек: рационға малдың тәбетін ашатын түрлі, дәмдік сапасы да жоғары азық енгізіледі; рационға ауру мал организмі сіңіре алатын барлық қажетті қоректік заттар енгізілуі тиіс; диеталық азықтандыру мал түлігіне, жасына және физиологиялық ерекшеліктеріне сай келуі керек; әрбір жеке жағдайда диеталық емдеу белгілену кезінде азықтандыру, норма тәртібі, азық беру және суару мезгілі де белгіленіп қатаң сақталады.
Ауру малдарды емдік диетадан күнделікті рационға бірте бірте аурудың клиникалық белгілері жойылғаннан кейін 7-10 күннен соң ғана ауыстырылады.
Қазіргі кезде мал шаруашылығында малдың өсуі мен кейбір аурулардан сақтандыру мақсатында азықтың қосымша бөлігі ретінде химиялық, микробиологиялық және басқада пробиотикалық заттар қолданылады.

Емдік рациондар. Мал организміне емдік және азықтан болатын аурудың алдын алу үшін малды диеталық азықтандыру тәртібі ұйымдастырылады. Бұл басқа да барлық емдеу мәселелеріне қолайлы жағдайды және бір органға ғана емес, бәрінен бұрын организмнің жалпы жағдайына, оның нейрогуморальды реттелуіне әсер етеді.
Бұл кезде мал ауруының себептері мен патогенезі, малдың жағдайы, тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы мен өнімділігі ескерілуі тиіс.

Азықтағы белоктардың, көмірсулардың және майлардың маңызы
Жем-шөп мал организіміне сыртқы ортадан бірден бір протеин жеткізуші. Құнарлы протеин жетіспесе қан сары суында белоктар синтезі, әсіресе альбуминдік фракция синтезі төмендейді, клеткалар мен ұлпаларда қалыпқа келтіру процесстері тежеледі, олардың қорғаныш қызметі әлсірейді. Құнарсыз протеин қолданылса асқазан ішек жолы мен тыныс алу органдарының инфекцияға ұрынуына әкеп соқтырады.
Бұған, әсіресе шошқа мен құс төзімсіз. Белоктың жетіспеуі белоктық алмасу ғана емес, сонымен қатар жалпы зат алмасудың бұзылуына да ұрындырады.

Пробиотиктерге жататындар: бифидобактериялар, бактероидтар, ацидофильдік және лактобактериялар және т. б. ферменттік препараттарға жылқының асқазан сөлі, пектаваморин және т. б. энтеросорбенттер
Мал организмі біршама уақыт құнды органикалық заттардың жетіспеуіне шыдай алады. Ал егер аталған заттар тұтастай болмаса организм толық, жартылай, немесе кейбір заттарға ашығу басталады.

Азықтағы минералды заттардың мал организмі үшін маңызы. Минералды заттар организмдегі зат алмасудың бүкіл процессіне қатысып, жем қортылу процессіне әсер етеді, ұлпа мен сұйықтың, бұлшық ет пен жүйкенің қалыпты қозуына, сондай ақ малдың өсуі мен жетілуіне қажетті реакциясын сүйемелдейді. Олар азықта жетіспесе зат алмасу процессінің бұзылуына әкеп соқтырып, мал ауруға ұшырайды. Остеомаляция, остеопароз, құныс, іш кебу, қан аздық, ақ бұлшық ет ауруы, паракератоз, акобальтоз және т. б. аурулар өршиді.
А Б
Суретте: А - эмбрионализм, Б - инфантилизм
Малды дұрыс азықтандыруды ұйымдастыру кезінде минералды заттардың өзара және басқа қоректік заттармен күрделі байланысы бар екенін ескермей болмайды. Мал денесіндегі микроэлементтердің жалпы мөлшері оның салмағының 4% құрайды. Олар біркелкі бөлінбеген, негізгі депосы қан, бауыр, бұлшық ет, ми және т. б. Организмнің тіршілігі, малдың мол өнімділігін және резистенттілігін сақтау үшін микроэлементтердің мәні зор.

Белоктың жетіспеуін алдын алу үшін алмастырылмайтын синтетикалық амин қышқылдарын беру керек.
Кейбір май қышқылдары липолен, арахидон және линолен малдың зат алмасуына, өсуі мен жетілуіне қажет. Сондықтан олар азықпен бірге тұрақты түсіп тұруы керек. Азықта май жетіспесе организмге майда еритін витаминдер А, Д, К және Е жетіспеушілігі туындайды.

7. 6. Малдың азықтан болатын ауруларын алдын алу (механикалық, химиялық және биологиялық ластануы, т. б. )
Сапасыз азық беру мал арасында көптеген аурудың, соның ішінде індетті және инвазиялық аурулардың таралуына себепші болады. Кейбір жағдайларда сапасыз азық малдың жарақаттануына да әкеліп соқтырады. өйткені, олардың ішіндегі өсімдіктің қатты өзектері, үшкір металл заттар, шыны болуы мүмкін, қатып қалған, ыстық азық асқазан ішек жолын ауруға шалдықтырады. Азықтан улануды минералды, синтетикалық, органикалық және өсімдік улары тудырады.
Азықтан жарақаттану деп азықпен бірге түскен бөгде заттардың малдың асқазан ішек жолын зақымдануын айтамыз. Ондай бөгде заттарға пішен және сабан байлайтын сым, шеге және тағы басқа металл заттар, шыны, құм, қиыршық тас жатады. Патологиялық процесс металлдың өздігінен өтуімен шектелуі мүмкін не бөгде зат жылжып шақпақ ет диагфрагма, жүректің үлпершегін перикард, жалбыршақ, тақия қарын және т. б. ішкі органдарды жарақаттануы мүмкін. Олар тереңге жаралап кіріп кетсе, соның салдарынан іріңдейді де көпке дейін жазылмай қояды. Сол бөгде заттармен бірге немесе жара арқылы ұлпаға актиномикоз қоздырғышының енуі де ғажап емес.
Аталған жарақаттанудың экономикалық зияны едәуір. Мұндай жағдайға тап болған малдың 30% мезгілінен бұрын қатардан шығады. Ал олардың еті жарым жартылай құнсызданады. Сондықтан тұтас азықтардың масағы да, өзектері де тиісті өңдеуден өткізілуі тиіс.

А - көкірек - жақ бұлшық еті; Б - жақ сүйектері
Сурет 1. Актиномикомамен ауырған сиыр
Азық топырақ, құм, лаймен ластанса ол азықпен малды азықтандыруға болмайды. Мұндай азық малдың ас қорыту жолын бітеп, асқазан ішек жолдарының ауруларын таратады. Бұл кезде малдың тәбеті қашады, іші кебеді, сүт шығымы азаяды. Кейбір жағдайда мал өліп те қалады. Мұндай азықты жеген жылқының ішегінде, әсіресе бүйенінде кейде қартасында құм мен топырақ көп жиналады. Осының салдарынан жем жүрмейді, ішек түйіледі, ішек парезіне, кілегей қабықтың некрозына шалдығады, жылқы өлімі де жиі болады.
Сиырды ұнтақталған жеммен көп мөлшерде азықтандырса, оның сүтінің майлылығы айтарлықтай дәрежеде төмендейді. Тоңазыған немесе қатып қалған азықпен жемдеген малдың ас қорыту жолы мен жатырының бұлшық еттері жиырылып, қызметі өзгереді. Малды аса ыстық азықпен азықтандыруға болмайды. Мұндай азық аш шошқа ашқарақтап жегенде олардың ауыз уылуы стоматит, өңеш пен асқазанның қабынуы секілді ауру шығады.

Профилактикалық шаралар.
Азықта түрлі механикалық қоспалар болмас үшін оны жинаған, тасыған және сақтаған кезде қадағалап отыру керек. Металл қалдықтарын, сымның үзіктерін азық сақтайтын орынға, өріс жайылымға, мал фермасының территориясына шашуға, тастауға, малды құрылыс, қойма, шеберхана маңайына жаюға, престеліп сыммен буылған пішен мен сабан бауларын балтамен шабуға болмайды. Ластанған пішенді малға берер алдында мұқият қағу керек. Ал жем, кебек, күнжара және т. б. елеуішпен елеген дұрыс.
Қазіргі нормаларға сай азықта минералды қоспалар мынандай мөлшерде болуы керек: дәнді жемде әрі кеткенде бір, шөп және қылқан жапырақ ұнында бірден артық емес, құрама жемде әрі кеткенде екі, пішеннің 1, 2 және 3 класстарына сай әрі кеткенде тиісінше 0, 3; 0, 5 және 1%. Зоогигиеналық нормалар бойынша құрама жемде металл магниттік қоспалар мөлшері 0, 5 мм-ге дейінгі бөлшектер 0, 01 % артпауға тиіс.

Малды улы өсімдікпен улануының алдын алу шаралары.
Азықтың улылылығы құрамындағы улы және зиянды өсімдіктерге, сақтау кезінде улы заттардың болуына, микроорганизмдер, шыбын шіркей, т. б. зиянкестер тіршілігінің нәтижесінде токсиндердің жинақталуына, азықтың минералды, синтетикалық және басқа түрлі текті улармен ластануына бойланысты болады.
Өсімдіктің өніп өсуі кезеңіндегі улылық құрамы өзгеріп отырады. Олардың біреуі гүлдеу кезінде анағұрлым улы болады: желпілдек, су мия, түйежоңышқа, сарғалдақ. Кейбір өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі де, тамыры да, жер сабағы да қауіпті: уқорғасын, сасық қурай, кекіре, қырықбуын. Ал кейбіреулерінде улы заттар көбінесе тұқымына жиналады: сарбас, қарамықша, егістік, зығыр, люпин, самалдық. Құрамында алколоиды бар улы өсімдіктердің көбісі кептірген кезде улану қасиетін сақтап қалады, ал кейбіреуі сүрлегенде де қасиетін жоймайды. Алкалоидтар дегеніміз көмірсу, сутегі, азот және оттегі атомдарынан тұратын құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Олар көбінесе өсімдік текстес азықтардың құрамында көп болады және мал организміне өте қауіпті болып келеді.

Гликозидтер күрделі құрамы бар азоты жоқ органикалық қосылыстар. Олардың молекулалары көмірсудан және агликоннан тұрады. Өсімдіктерде флавон гликозидтері кездеседі.
Уланудың алдын алу шараларының ең бастысы шалғындар мен жайылымдарда улы өсімдіктерді жою. Ол үшін жайылымдар құрғатылады, әктеледі, гипстеледі, жыртылады, суландырылады, тағы басқа агрохимиялық тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдердің барлығы өсімдік сипатын өзгертуге мүмкіндік береді. Шөп еге отырып, тиісті ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты қажетті өңдеуден өткізу және тұқымды мұқият тазарту секілді шараларды жасаудың да маңызы зор.
Көптеген улы өсімдіктер ерте көктемде шығатындықтан ондай жайылымға малды пайдалы өсімдіктер жеткілікті мөлшерде өскенге дейін шығаруға болмайды.
Малдың улы өсімдіктермен улануының алдын алуда азықтың сапасын, олардың дайындалуын, тасымалдануын, сақталуы мен пайдалануын бақылаудың маңызы зор.

Азық цехына, азық дайындау құрал - жабдықтарына қойылатын санитариялық гигиеналық талаптар.
Шаруашылықта арнайы азық цехы болуы керек және ол бөлек орынға не мал қорасының жанына орналасуы қажет. Азық цехы азық дайындайтын машинамен және механизмдермен жабдықталады. Бұл құрал жабдықтар түрі шаруашылықтағы мал бағытына, рацион құрамына, малды азықтандыру типіне байланысты болады. Сонымен қатар азық дайындайтын бөлімшедегі цех ішінде малға азықты тасымалдайтын транспортер және дайындалған азықты астауға, ақырға таситын әртүрлі механизмдер болуы керек. Азық цехында желдеткіш, канализация болуы керек және ол жақсы жарықтандырылуы тиіс, сондай-ақ ыстық және суық сумен, арнайы киіммен жабдықталуы тиіс. Бұл жерде үнемі ветеринариялық санитариялық шаралар (дезинфекция, дератизация және т. б. ) жүргізіліп тұру керек. Су ағатын арықтың еңкіштігі кем дегенде 20С болуы керек. өндіріс бөлмелерінің ішін 1, 8 м биіктікке дейін плита жапсыру керек.

Улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы.
Кейбір жағдайларда мал сапалы азықтың өзінен де улануы мүмкін. Бұл азықты дұрыс пайдаланбау, дұрыс сақтамау және т. б. кезінде усыз заттардан улы заттардың түзілуінен болады.
Азот сіңіруші өсімдіктер. Азықтық дақылдардың құрамындағы нитриттер қуаңшылық кезеңінде атмосфераның жағдайына байланысты (күннің ысуы, температураның төмендеуі) топырақта молибден, күкірт, калий жетіспегенде, топырақтың қышқылдылығы мен тұздылығы артқанда, органикалық тыңайтқыштарды көп пайдалағанда артады. Бұл кезде азоттық алмасу ферменттерінің нитритредуктаза мен нитратредуктазаладың белсенділігі белсенділігі күрт төмендейді. Азот тыңайтқыштарын көп мөлшерде енгізу салдарынан амин қышқылдары мен каротин синтезі төмендеп, өсімдіктің бөліктерінде белок емес азот, тератогендік, канцерогендік әсері бар улы нитрозаминдер жиналады.
Малдың нитраттармен улануының алдын алу үшін минералды азоттық тыңайтқыштардың мал жейтін азыққа, су көзіне түспейтіндей жағдайда сақтап, тасымалдап, дайындау керек.
Азықта нитраттар мен нитриттер, рұқсат етілетін шамадан асатын мөлшері кездессе олардың рационындағы және судағы құрамы рұқсат етілетін коэффициенттен асып кетпесе малға басқа сапалы жем шөппен қосып беруге болады. Малға берілетін азық көлемін есептегенде рациондағы және берілетін судағы нитраттардың тәуліктік мөлшері (г) дене массасының әр 1 кг: ірі қара мал үшін - 0, 2; жылқы мен қой үшін - 0, 4; үй қояны мен тауық үшін - 1, 0.
Қоршаған ортаны минералды азоттық тыңайтқыштармен ластанудан қорғау жөніндегі бүкіл шараларды қатаң сақтау керек.

Картоп, оның сабағы мен қойыртпағы. Картоптың піспеген түйнегінде соланин гликоалколоиды бар. Соланинмен шошқа және үй қояны тез уланады. Осындай азықпен ірі қара мал азықтандырылса іші кебеді, бауыры зақымдалады, жүйкесі жұқарады, кальций алмасу бұзылады, терісі ойылып, экземаға шалдығады, түсік тастап, мал аяғы ақбас ауруына шалдығады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz