Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйелері


Slide 1

№ 6 дәріс

Су гигенасы малды сумен қамтамасыз ету.

4. 1. Суға қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар және оның құрамы мен қасиеттері (физикалық, химиялық, биологиялық) .

4. 2. Табиғи су көздері, оларды салыстырмалы сипаттау және гигиеналық бағалау.

4. 3. Судың ластану көздері және оны қорғау (паспорттау, санитариялық күзет аймағы - СКА және т. б. )

4. 4. Суды тазалау, жақсарту, сапасын арттыру және зарарсыздандыру.

4. 5. Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйелері.

4. 6. Малды суару тәртібі және суару жабдықтарына қойылатын талаптар.

Slide 2

4. 1. Суға қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар және оның құрамы мен қасиеттері (физикалық, химиялық, биологиялық) .

Малдың денсаулығы мен өнімділігіне судың физикалық жағдайы, оның химиялық құрамы, микробпен ластануы және т. б. көрсеткіштер әсер етеді.

Slide 3

Судьң фuзuкалық көрсеткiштерi.

Судың температурасы оның маңызды санитариялық­гигиеналық керсеткiшi болып табылады. Жануарлар суьқ суды iшкенде организмнің температурасын реттеуге көп энергия жұмсайды, бул өнiмдiлiктiң төмендеуiне жане азьқтьң көп шыгымына әкеледi. Судыц анагурлым колайлы температурасы сака мал ушiн 10-120С, буаз мал ушiн 12­150С, ай шамасындагы тел ушiн 15-300с. Осы шамадагы температурадагы су шелдi жаксы басып сергiтедi.

Судьщ uiciнe ондағы органикалық заттардьң (жануар және өсiмдiк тектес) бар-жоғы әсер етедi жане олардың ыдырау процесiне немесе ағынды сулар коспасының (өндiрiстiк және турмыстьқ сипаттағы) барлығына байланысты болады.

Судың дәмi ондагы epiгeн минералды қосылыстарға байланысты: магний мен барий иондары - ащы, cyтeгi иондары - кышкыл, тeмip тотыгы - ауыз қуыратындай дәм

Slide 4

бередi. Органикалық заттардың ыдырау өнiмдepi, агынды лас сулар, дезинфекциялык заттар жане т. б. суга жағымсыз дәм бередi. Бес балдык шкала бойынша бағалағанда дәм мен татымньщ интенсивтiлiгi 2 балдан аспауы керек.

Судың түсі әртүрлi органикалык және минералды тектi коспаларга байланысты. Су көздерiне гуминдi кышкылдардьң, өсiмдiктердiң ыдырау өнiмдерi түскенде су сарыга немесе коңыр туске боялады. Тұрақты суы бар ашық су қоймаларында балдырлардың өcyi оған жасыл түс, темip тұздары сары - коңыр, саз - саргыш түс бередi.

Судың мөлдiрлiгi ондағы органикалык немесе минерал текті ұсақ бөлшектердiң барлығына байланысты.

Судың хuмuялық құрамы. Iшетiн ауыз су құрамы жағынан зиянсыз, былайша айтқанда, ондағы тұздардың мөлшерi мал денсаулығына зиянды есер ететiндей артьқ болмауы, әpi улы затгардың және радиактивтi ластардан таза болуы керек.

Slide 5

Ауыз судың химиялық құрамы шамамен 20 негiзгi көрсeткiштeрден турады.

Судaғы химиялық қоспалардың мөлшерi сумен қаамтамасыз ету көзiнiң қалыптасуының табиғи ерекшелiктерiне, сондай-ақ, техногендiк жене антропогендiк факторларға негiзделген. Осының бәрi биогеохимиялық, аймақтар құрып мал iшiнде энзоотияның пайда болуына әкеп сoғады. Құрамында минералды заттар тым көп болса, организмде су-тұз тепе-теңдігі бұзылады, ұлпалардың гидрофильдік қасиеті артады, диурез төмендейді, іш өтеді, зәр жолдарында тас пайда болады.

Суда минералды зат алмасуға қатыса отырып, организмде зат алмасудың катализаторы болып табылатын 65-ке жуық микроэлементтер табылған. Олар аз немесе көп болғанда патология дамиды (флюроз, зоб және т. б. ) .

Slide 6

Жануардың түрі мен тобы

Минералды құрамы, мг/л

Жалпы кермектілігі. Мг/л

Құрғақ қалдық

Хлоридтер

Сульфаттар

Ірі қара мал:

Ересек

800/2400

120/600

250/800

10/18

Төлі

600/800

100/400

200/600

10/14

Қойлар:

Ересек

1000/5000

700/2000

800/2400

24/45

Төлі

300/3000

500/1500

600/1700

20/30

Шошқа:

Ересек

600/1200

100/400

200/600

8/14

Төлі

500/1000

100/300

180/500

8/12

Жылқылар:

Ересек

500/1000

100/400

150/400

10/15

Төлі

400/800

80/300

120/350

10/12

Slide 7 Slide 8

Биологиялық қасиеттері Су арқылы кейбір вирустық, инфекциялық және инвазиялық аурулар жұғуы мүмкін ( сібір жарасы, эмкар, бруцеллез, туляремия, пастереллез, сальмонеллез, маңқа, аусыл, оба, лептоспироз, көптеген паразитарлы аурулар) .

Судағы микроорганизмдердің тіршілік ету ұзақтығы оның температурасына, құрамындағы органикалық заттардың және еріген компоненттердің химиялық құрамына байланысты (ішек таяқшасы 21-183 тәулік, паратиф А қоздырушысы 3-88 тәулік өмір сүреді) .

Судағы патогенді микроорганизмдерді анықтау үшін судың ластануының жанама бактериологиялық көрсеткіштерін қолданады - коли-титр, коли-индекс, микроб саны. Су сонымен қатар инвазиялық бастаудың тасымалдаушысы немесе инвазиялық ауруларды тудыратын қоздырушыларының аралық иесінің тіршілік ету ортасы болуы мүмкін(фасциолез, кокцидиа, малярия, диктиокаулез және т. б. ) .

Slide 9

Малды суаратын су құрамы және сапасы бойынша Сан ПиН 2. 1. 4. 1071-01(кесте) қарастырылған барлық санитариялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болуы керек. Қазақстанда стандарт жоқ, алайда, ауыз суға қойылатын Сан ПиНбар “Санитарно - эпидемиологические требования к качеству воды централизованного водопровода”.

Эпидемиологиялық тұрғыдан судың қауіпсіздігі дегеніміз - оның микробиологиялық және паразитологиялық нормативтерге сай болуы (кесте) .

Химиялық құрамына байланысты судың қауіпсіздігін мына нормативтерге байланысты анықтайды:

1) жалпы көрсеткіштер, табиғи суларда жиі кездесетін химиялық заттардың болуы, сонымен қатар әлемге тараған антропогенді заттардың болуы (кесте) .

2) суды өңдегенде пайда болатын немесе оған түсетін зиянды химиялық заттар (кесте) .

3) адамның тіршілік ету салдарынан су көздеріне түсетін зиянды химиялық заттар.

Slide 10

Шығу тегіне қарай су атмосфералық, жер беті және жер асты суы деп бөлінеді.

Атмосфералық су жер бетіне жауын, бұршақ, қар, шық және тұман күйінде түседі. Олар құрамындағы газдардың (азот, оттегі, көміртегінің қос тотығы) жоғарылығымен ерекшеленеді.

Жер бетіндегі сулар жер бедерінің ( шалшық, тоған, өзен, көл, теңіз) ойпаңдау тұсына барып орын тепкен амосфералық су мен жер беті суының кейбір бөлігі.

Жер асты суы ең алдымен атмосфералық судан тұрады. Өйткені, атмосфералық су топырақтың төменгі қабатына өтеді де, онда жер асты су ағыны немесе су қоймасы ретінде жиналады.

Slide 11

Құрамындағы минералды қосылыстардың басымдылығына қарай минералды су бірнеше түрге бөлінеді: хлоридті (құрамында сутек және хлорлы натрийдің көп мөлшері бар) ; ащы сулар (құрамында күкірт қышқылы, магний бар) және басты компоненттердің бірінің атымен аталатын ( йодты, радонды немесе радиоактивті) минералды сулар.

Артезиан суы оның гигиеналық қасиетіне байланысты өте жоғары бағаланады. Ол микроорганизмдерден толық дерлік таза. Сондықтан да ешқандай тазартылып, зарасыздандырмай-ақ іше беруге болады.

Slide 12

Табиғи су көздерінің ластануы. Бүкіл ластаушы заттар, оның ішінде антропогенді және техногенді заттар да табиғи сумен араласып оның сапасын өзгертеді. Ластанған табиғи суды ішуге, шомылуға, су спортына, тіпті техникалық қажеттілікке пайдалануға болмайды. Мұндай су балыққа, суда жүзетін құстарға, малға тағы басқа организмге зиянын қатты тигізеді. Олар ауруға шалдығып, біразы қаралап қалады. Жер беті және жер асты суына мұнай мен оның өнімдері зиянды әсерін тигізеді. Судың 1 литрінде 0, 1 г мұнай шоғырланса, балық етіне ешқандай технологиялық өңдеу ала алмайтын дәм мен ерекше өткір иіс пайда болады

Slide 13

Табиғи су көздері нің басты ластаушыларына тау-кен, өнеркәсіп, өңдеу кәсіпорындары мен мал шаруашылық орындары да жатады. Ал, ең көп тараған ластаушы заттарға түсті металдар, күрделі химиялық қосындылар, мұнай, минералды тұздар, радиоактивті қоспалар, пестицидтер және т. б. өндіріс қалдықтарыкіреді. Суда онымен ағаын ағаш, жаңқа, үгінді тәрізді түрлі ағаш қалдықтары мен қабығының түсуі де айтарлықтай зиян келтіреді.

Қазіргі қағидаларға сай суды зерттеу нәтижелеріне қарамастан, су көздері санитариялық күзет аймағымен қамтамасыз етілуі тиіс және тек күзеті бар су көзі ғана пайдаланады.

Slide 14

СҚА дегеніміз - су көздерінің және су құбыры құрылысының айналасындағы белгіленген тәртіп сақтауға тиіс территория. Мақсаты - су көздерін, су қбырын, құрылысын, олардың территорияларын ластандырмас үшін күзетпен қаматмасыз ету.

Су көздеріндегі судың сапасы мен мөлшеріне сипаттама беру үшін санитариялық паспорт пайдаланылады. Бұл құжатта су көзінің санитариялық жағдайы, тексеру нәтижелері, судың химиялық құрамы мен бактериологиялық көрсеткіштері, мал арасында, әсіресе суға байланысты шығатын аурулардың барлық шығу жағдайлары көрсетіледі. Санитариялық паспорт су көзінің басында жүргізілген санитариялық зерттеулердің негізінде толықтырылып, эпизоотологиялық, топографиялық және техникалық жағдайлары анықталады.

Slide 15

Көрсеткіші

ПДК

Зиянды

лығы

Қауіптілік деңнейі

Хлор

Қалдық бос

0, 3-0, 5

Органолеп-лық

I

Қалдық байланысқан

0, 8-1, 2

Хлороформ

0, 2

Санитария

лық-токсикологиялық

III

Қалдық озон

0, 3

Органолеп-лық

II

Формальдегид

0, 05

Санитария

лық-токсикологиялық

II

Полиакриламид

2

Органолеп-лық

II

Белсенді кремний қышқылы

10

Органолеп-лық

II

Полифосфаттар

3, 5

Органолеп-лық

III

Slide 16

Су тазарту үшін тиісті құрылыстар жабдықталады. Оған коагуляциялау, тұндыру, сүзу, сонымен қатар мөлдірлендіру мен түссіздендіру жатады.

Коагуляциялау дегеніміз - ұсақ коллоидты бөлшектерді молекулалық бірігу күшінің әсерімен ірілендіру процесі. Осы процестің нәтижесінде қалқыма (үлпек-хлопья) пайда болады.

Тұндыру дегеніміз судағы қалқымалы қоспаларды тұндыру, яғни шөктіру жолымен оны мөлдірлету процесі. Су қозғалыссыз тұрғанда немес азғана жылдамдықпен қозғалыста болғанда қоспалар салмақ күшінің әсерімен шөгеді.

Тұндырғыштар табиғи (көл) және жасанды (көлбеу, тік және радиальды) болып бөлінеді.

Slide 17

Көлбеу тұндырғыштар. Су көлбеу бағытта бір бүйірінен екінші бүйіріне қарай жылжитын тік бұрышты темір бетон ыдыстар.


Ұқсас жұмыстар
Сумен жабдықтау
Қазақстандағы су электр станциялары
Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы
Алматы облысы мен Алматы қаласының ауыз су мәселелері
МАЛ ФЕРМАЛАРЫНДАҒЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ НЫСАНДАР ЖӘНЕ САНИТАРИЯЛЫҚ НОРМАЛАР
Ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту
Су факторторларымен байланысты аурулардын алдын алу жөніндегі шаралар
Судың ластануы. Су ресурстарын қорғау шаралары
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Орталық Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz