Кристалдардың құрылуы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

«Кристалдардың құрылуы»

Өскемен қаласы, 2020 жыл
Кристалдар
• Кристалдар – атомдары, иондары және молекулалары периодты
түрде құрылым түзіп, реттілікпен орналасатын қатты денелер.
• Кристалдық тор – кристалдағы атомдар, молекула немесе
иондардың кеңістікте периодты түрде реттілікпен орналасуы.
Заттың кристалдық күйі бөлшектердің ретпен орналасуына
байланысты сипатталады.
Кристалдар
• Белгілі балқу температурасы бар, кристалдық құрылымы бар, физикалық
денелер;
• Кристалдар – анизотропты, яғни физикалық қасиеттері бағытқа тәуелді;
• Кристалда жарықтың таралуы жылдамдығы, жылу өткізгіштігі, серпімділігі
бағытқа тәуелді болады;
• Кристалл атомдары кеңістікте қатаң тәртіппен орналасып кристалл торын
құрайды;
• Кристалдар белгілі бір бұрыштармен орналасқан жазық бұрыштардан
тұратын болса, монокристалл деп аталады;
• Егер кристалл өте ұсақ кристалл жиынтығынан тұратын болса,
поликристалл деп аталады.
Монокристалл Поликристалл
Кристаллография кристалдық заттардың сыртқы пішінін, ішкі
құрылысын, пайда болу жолын зерттейді. Ежелгі гректер мен
римдіктер мұзды “кристаллос” (таза мұз) деп атаған. Сөздің өзгеруі
нәтижесінде ол “кристалл” сөзіне айналған. Кристалды құраушы
атомдар белгілі тәртіппен реттеле орналасып кристалды тор
құрайды. Атомдар, иондар, молекулалар бір-бірінен белгілі
қашықтықта симметриялық қатарлана тізбектеледі. Олардың
арасындағы қашықтық бірнеше ангстрем (А0) шамасында болады
(ангстрем санти-метрдің 10-8 бөлігіне тең). Кристалдардың сырт
пішіндері жақ, қыр және бұрыштарымен сипатталады. Олар
симметрия жасай орналасады.
• Кристалдық затта барлық бағытта физикалық қасиеттері бірдей
болса, олар изотропты заттарға жатады, ал физикалық қасиеттері
әр бағытта әртүрлі өзгерсе анизотропты заттарға жатады, бұл
қасиет аморфты заттарға тән.
• Кристалдар сұйық ерітінділерден, балқыған күйдегі магмадан,
газды заттардан, қатты заттардың бастапқы кристалдарының
ыдырап қайта құрылуынан пайда болады. Кристалдар
құрылуында олардың ұсақ не ірі болуларының кенді пайдалану
мақсатымен жүргізілетін өңдеу процестері үшін, әсіресе кен
байытуда алатын орны ерекше.
Кристалдық тор типтері
Иондық Атомдық

Молекулалық Металдық
Кристалдық торлар деп - түйіндеріндегі бөлшектер белгілі бір ара қашықтықтан кейін жүйелі
қайталанатын ретті құрылымды айтамыз.

Бөлшектердің
Балқу
Тордың типі Құрылыс бірлігі арасындағы Ерігіштігі Мысалдар
температурасы
байланыс типі
Бейтарап С, Si, SiO2
Атомдық Ковалентті Жоғары Ерімейтін
атомдар
Барлық газдар,
жай заттар, І2,
Әлсіз Органикалық Вr2, қышқылдық
Молекулалық Молекулалар молекулааралық Төмен еріткіштер мен оксидтер,
байланыстар суда ериді қышқылдар,
органикалық
заттар
Металдар мен
бейметалдардан
Суда ерімтал
Иондық Иондар Иондық Жоғары түратын заттар,
келеді
гидроксидтер,
тұздар
Металл
Ерімейтін
Металдық атомдары мен «Электрон» газы Әр түрлі Example
Металдар
катиондары
1. Атомдық кристалдық торлы заттарда (а) байланыс ковалентті, оны үзу үшін арнайы химиялық
реакциялар жүргізу қажет. Қалыпты жағдайда олардың барлығы қатты, балқу температуралары
жоғары, ерігіштігі өте нашар заттар.
2. Молекулалық кристалдық торлы заттар (ә) түйіндерінде молекулалар орналасқан, ал
молекулааралық тартылыс күші өте аз болуына байланысты мұндай кристалдық торлы заттардың
көпшілігі қалыпты жағдайда газ күйінде кездеседі. Оларды қыздырғанда оңай балқиды немесе
температура әсерінен ыдырап кететін беріктігі нашар қосылыстарға жатады.
3. Ионды кристалдық тop (б) түйіндерінде иондар орналасқан, олар суда жақсы ериді, ерітінділері мен
балқындылары электр тоғын жақсы өткізетін қатты заттар.
4. Металдық кристалдық тop (в); Металдарда металдық байланыстар болады, себебі кристалдық
торларының түйіндерінде металл атомдары мен иондар орналасқан, ал металдың көлемінде электрон
бұлттары (валенттілік электрондар оңай белініп шығады, өйткені олар ядромен нашар байланысқан)
еркін қозғалып жүреді. Осы электрондар металдық қасиеттерді анықтайды:
а) жоғары жылу және электрөткізгіштік
ә) металдық, жылтыр
б) созылғыштық, тапталғыштық
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Кристаллизациялау процестеріне арналған аппараттарда тамақ өнімдерін өндіру әдістері
Балқыма және қатты электролиттердің электрөткізгіштігі
КРИСТАЛДЫҚ КҮЙ
Кристаллохимия
Аморф заттар Кристалл заттар
Кристаллография туралы жалпы түсінік
Қатты денелердің қасиеттері
Торша цитоплазмасының патологиясы
Кристалл және аморф денелер
Қатты дене қасиеті
Пәндер