Елдімекендерді жоспарлау және санитариялық-гигиеналық қағидалар


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Елдімекенді гигиеналық тазалау негіздері, елдімекенді жоспарлау.

Дайындаған: Көшер Көркем 11 “ФКБ”

Тексерген: Айымкуль Жандарбековна Молдахметов

Арқалық Қалалық колледжі

2020-2021 оқу жылы

Slide 2 Slide 3

Қала құрылысының негізгі гигиеналық қағидалары 1. Елді мекендердің құрылысы немесе қайта құруы кезінде тұрғындардың материалдық, рухани және гигиеналық қажеттіліктерін қанағатттандыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасау қажет. 2. Қала мен ауыл арасындағы үлкен айырмашылықтарды жою мақсатында шаралар қолданылуы қажет. 3. Жеке қалалардың, ауылдардың және поселкелердің ғана емес, сонымен бірге бүтіндей экономикалық аудандардың да жобалары жасалуы қажет, яғни табиғи факторларды (суаттарды, жер асты су көздерін, жасыл желектерді және т. б. ) ең тиімді пайдалануға және елді мекендер мен өндіріс нысандарын дұрыс орналастыруға мүмкіндік беретін аудандық жоспарлау жұмыстары жүргізілуі қажет.

Slide 4

4. Өте үлкен және үлкен қалалардың өсуін, олардың жанынан 8-1 тұрғындары бар, серіктес қалалар салу арқылы шектеуі тиіс. 5. Қаланы кеңейту немесе жаңа құрылыс салу үшін, ол жерде тұруға салауатты өмір сүру жағдайларын барынша қамтамасыз ететін аймақтарды таңдап алу керек, сонымен бірге, бұл аймақтың функционалдық зоналарға бөлінуі жүргізілуі керек. 6. Тұрғын аймақта құрылыс салуда, оның ең қолайлы түріне - микроаудандарға ерекше назар аударылуы қажет. 7. Селитебті аймақта тұрғындарға қызмет көрсететін тұрмыстық, мәдени, медициналық және дене шынықтыруға бағытталған мекемелердің дамыған жүйесі мен жасыл желектер отырғызу қарастырылуы керек.

Slide 5

8. Санитарлық абаттандырудың барлық түрлері, яғни су құбыры, канализация, қатты қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандырудың бас сызбасы мен тиісті жабдықтар, орталық жылыту, газ және электрмен жабдықтау қарастырылуы қажет. 9. Көлік қозғалысы түрлерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда көліктердің қоғамдық түрлеріне, олардың ішінде көбінесе шуды аз шығарып, ауаны ластамайтын және қауіпсіз түрлеріне берілуі керек. 10. Елді мекендердің жобаларын жасау кезінде, атмосфералық ауа, суаттар мен топырақты санитарлық қорғау жөніндегі шаралар, сонымен қатар, шудың, сілкіністердің, радиожиіліктер диапазонындағы электромагниттік өрістердің және бірқатар басқа да факторлардың зиянды әсерлерінің алдын алуға бағытталған шаралар қарастырылуы қажет.

Slide 6

Қаланы жоспарлау және салу. Қала келесі тұрғын, өндірістік, коммуналдыққойма, сыртқы транспорт, тұрғындардың демалысына арналған қала шетіндегі орындар мен нысандар сияқты, негізгі функционалдық зоналарға бөлінеді. Қалада қолайлы гигиеналық жағдайларды жасау үшін функционалдық аймақтардың өзара тиімді орналасуы ең маңызды болып табылады.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Селитебті аумақтың негізгі құрылымдық элементі ықшамаудан болып табылады. Ықшамаудан 6-20 мың адамға есептелген, оның құрамында тұрғын үй ғимараттары, күнделікті қолданылатын мекемелер (бөбекханалар, бала бақшалар, мектептер, спорт кешендері, азық түлік дүкендері, асханалар, кір жууға қабылдайтын орындар, т. б. ), сол сияқты саябақтар, тұрғындардың күнделікті демалу үшін шағын бақтар болады. Оның ауданы 20-50 га құрайды. Ықшамаудандардың шекаралары магистральдар немесе тұрғын көшелер, көлік жүретін жолдар мен табиғи шекаралар болып табылады.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Жасыл желектер - тұрғын аудандардың міндетті түрдегі құрамдас бөлігі болып табылады. Жасыл желектер қала микроклиматының адамға әсерін жеңілдетеді. Ағаштардың жапырағы күннің ыстық сәулелерінен қорғайды, ал шөптесін өсімдіктер қалың өскен топырақ, аз қызады (асфальттың температурасы 50ºС жеткен кезде, газоны бар топырақтың температурасы 20ºС аспайды) . Жасыл желектер арасында ауаның температурасы 1-3 градусқа төмендеу болады. Көгалданған аумақ сол территориядағы ауа температурасын ғана емес, сонда орналасқан ғимараттардағы бөлме төмпературасын да төмендетеді.

Slide 13

Коммуналдық-қойма аумағы сауда қоймаларын, көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған қоймаларды, көліктерге қызмет көрсететін кәсіпорындарды (депо, автотұрақтар), тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін (кір жуатын орындар, т. б. ) орналастыруға арналған. Оны тұрғын ауданнан тысқары, көбінесе өндірістік мекемелердің санитарлық-қорғаныш аумағында орналастырады.

Slide 14

Сыртқы транспорт аумағында жолаушылар және жүк тасымалдайтын темір жол бекеттері, порттар, кемежайлар, т. б. орналастырады. Тұрғын ауданды теміржол желісінен 100 метрлік санитарлық қорғаныш аумағы арқылы бөлуді ұсынады. Жаңа теңіз және өзен порттары тұрғын аудандар аумағынан тыс, 100 м кем емес қашықтықта орналастырылады. Әуежайлар үшін санитарлық қорғаныш аумағы олардың кластарына байланысты 530 км дейін болуы керек.

Slide 15 Slide 16

Тұрғын үй гигиенасының негізгі міндеттері, адамның тұрғын үйі ғимараттарында болуы кезінде салауатты және қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған тиісті гигиеналық нормативтер мен ұсыныстарды ғылыми тұрғыдан негіздеу мақсатында тұрғын үй жағдайының тұрғындардың денсаулығы мен тұрмысына тигізетін әсерін зерттеуден турады.

Slide 17 Slide 18

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қанаева З. Қ. Экологиялық нормалау мен сараптама негіздері

Slide 19 Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Балаларға арналған жазғы сауықтыру мекемелерін жоспарлау мен құрылысқа қойылатын гигиеналық қағидалар
Борттық тамақтанудың гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптары
Гигиеналық зертханаларда еңбек және техника қауіпсіздігін ұйымдастыру және санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Мал шаруашылығы өнімдері мен малды тасымалдаудың санитариялық-гигиеналық талаптары
Бюджеттік жүйе және бюджет процесінің ұйымдастырылуы: қағидалар мен жоспарлау
Өндірістік шаңның санитариялық-гигиеналық маңызы: жіктелуі, пневмокониоздар және алдын алу шаралары
Құс өнімдерінің қауіпсіздігі: жұқпалы және инвазиялық аурулар кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қағидалар
Сабақ жоспарлау және оқу мақсаттарын қою: стратегиялар, кезеңдер мен қағидалар
Қояндар мен терісі бағалы аңдардың ұсталуы және санитариялық-гигиеналық талаптары
500 метрлік санитарлық қорғау аймақтарын талдау және ғимараттардың санитариялық-гигиеналық талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz