Психикалық дамуы тежелген балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту




Презентация қосу
Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты
Анатомия, Физиология және Дефектология

Психикалық дамуы тежелген
балалардың ауызша сөйлеу
тілін дамыту

Студент: Амантаева Динара
Топ: Д-31
Жетекші: Мурзатаева А.К.

Павлодар 2017
■ Зерттеу мақсаты: Психикалық дамуы тежелген оқушылардың
ауызша сөйлеу тілін кітап оқыту арқылы дамыту-түзету және оны
тәжірибеге енгізу.
■ Зерттеу міндеттері:
1. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің
ерекшеліктерін зерттеу;
2. Психикалық дамуы тежелген баланың ауызша сөйлеу тілін дамыту
жұмыстары;
■ Зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу, бағалау, сараптау, эксперимент.
■ Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі
жандарға арналған заңдары, Педагог–дефектологтардың ғылыми
кітаптары, әдіснамалық нұсқаулар, оқу құралдары.
■ Зерттеу жұмысының базасы: «Павлодар қаласы Қалижан Бекқожин
атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің» мемлекеттік
мекемесі
■ ӨЗЕКТІЛІГІ:
Қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы әлемдік
білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып
жатқан талпыныстар жан-жақты дамыған тұлғаны
қалыптастыруды талап етеді. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылдың 11–шілдеде «Мүмкіндігі
шектеулі балалардың құқықтары мен оларды әлеуметтік
қамсыздандыру туралы» заңы қабылданды. Осыған
сәйкес, түзету сыныптарындағы ПДТ оқушылар ҚР
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай
білім алады. Соңғы жылдары ПДТ балалардың танымдық
қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту–түзету (коррекциялық)
жұмыстары, сондай–ақ оларға арнайы мамандарды
дайындау өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Психикалық дамуы тежелген балалар
дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде
қиындықтарға кездесетін үлгермеуші
балалар. 1980 жылы К.С.Лебединская ПДТ
классификациясының 4 нұсқасын ұсынды:
1. Конституционалдық ПДТ
2. Соматогенді ПДТ
3. Психогенді ПДТ
4. Церебральды-органикалық ПДТ
Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу
тілінде мынандай ақаулықтар болады: жалпы тіл
кемістігінің ІІІ және ІVдеңгейі, фонетика–
фонематикасының толық дамымауы, дислекция,
дисграфия.
ПДТ балаларда кездесетін жалпы тіл кемістігі
ІІІ деңгейіндегі сөйлеу тілінің бұзылуындағы
көріністер:
-Ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір
сөздерді білмейді, дұрыс қолданбайды;
-Тілдің грамматикалық жағынан дамымауы;
-Сөйлегенде тек жәй сөздерді қолданады;
-Дыбыстық талдау, жинақтау әдісін меңгеруде
қиналады.
ПДТ балаларды оқытудағы түзету міндеттерінің
бірі - сөйлеу тілін жан-жақты дамыту жатады.
Бастауыш мектеп бағдарламасында ПДТ
балалардың жас ерекшелігіне сай тапсырмалар,
жаттығу жұмыстары берілген. Бірақ сол
тапсырмаларды орындату үшін мұғалім әр
баланың даму деңгейін, яғни, қабылдауын, зейінін,
танымдық қабілеттерін біліп, ол баламен жұмыс
жүргізеді. ПДТ балалардың тілін дамытуда
кітаппен жүргізілетін жұмыстардың алатын орны
өте жоғары.
ПДТ балаларды оқытуда сөйлеу тілін дамыту
жұмыстары мынадай бағытта ұйымдастырылады:
–Оқушыға қоятын талаптар баланың мүмкіншілігіне
сай болуы;
–Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті
пайдалануы;
–Оқу материалының күрделілігі, орындалатын
жаттығу жұмыстары, баланың ұғымына таныс, жеңіл
болуы;
–Тіл дамытуда мақал – мәтелдер, мысалдар, өлең-
жыр, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер таңдалып
алынуы;
–Жаңа сөздерді үйретіп, оны іс жүзінде қолдана
білуге үйрету керек.
Жоғарыда аталған тәсілдерді пайдалану ПДТ
оқушылардың тек қана сөйлеу тілін ғана дамытып
қоймайды, қайта олардың таным процестерінің,
басқалармен қарым-қатынасының дамуына,
сынып оқушыларын татулыққа, бірлікке, бір
сөзбен айтқанда адамгершілік қасиеттерге баулуға
өз септігін тигізеді.
Тіл дамытуға мүмкіндік беретін –
жаңылтпаштар. Ол баланың тіліне, оның әрбір
сөздеріне тартымды қылықтарына күле отырып,
оларды дұрыс сөйлеуге, тілін ширатуға
бағыттайды. Қазақ халқы баланың тілін ұстарту
үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту
мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.
Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін
қиналып айтатын дыбыстарды және сол дыбыс
кездесетін сөздерді жиі-жиі айтқызып, жаңылмай
айтуға жаттықтырған жөн.
Тіл дамытудың тиімді құралдарының тағы бір түрі
– жұмбақ айтқызып, оның шешімін тапқызу. Бала
тілін дамытатын өз ортасы. Айналасындағы түрлі
оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы, көрген
кинолары ПДТ баланың сөйлеу тілін, ойлау
әрекетін дамытады. Тілді дамытуда ертегілердің
атқаратын маңызы зор. Ертегілерді баланың оқуы
не тыңдауы, мазмұнынын қайталап айтып беруі,
шамасына қарай рөлдік ойындарға қатысуы, сөздік
қорын молайтады, байланыстырып сөйлеу тілін
дамытып, қиялдауға мүмкіндіктер туғызады.
ПДТ оқушылардың сөздік қорын дамытуда –
халық ауыз әдебеті үлгілерінің ішіндегі ең
негізгісі ертегілер болып табылады. Ертегінің
бай фантастикасы психикалық дамуы
тежелген оқушылардың ойына қозғау салып,
өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана-
сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте
қалыптасуына, соның негізінде сөйлеу тілінің
дамуына көмектеседі. Ертегілердің осындай
ерекшеліктері балалардың талғамын
күшейтіп,сөйлеу мәнерін, байланыстырып
сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі, жинақы
жеткізе білуге үйретеді.
Ақпан айында жүргізілген сабақтардың
мақсаты – ауызша сөйлеу тілін түзету, сөздік
қорын дамыту жұмыстары.

Жұмыстың нәтижесі:
Даму деңгейінің қорытындысы:
9-10 ұпай-жоғары
5-8 ұпай-орташа
0-4 ұпай төмен
3-кесте
Зерттелуші Жоғары Орташа Төмен
оқушы
Ж.М. +
С.К. +
Ж.М. +
Ж.Қ. +
А.Ж. +
Наурыз айында сөйлеу тілін ертегі арқылы
дамыту және кітапқа деген қызығушылығын
арттыру мақсатында сабағымызды жүргіздік.
Жұмыстың нәтижесі:
•балалар ауызша сөйлеу тілі дамыды;
•сөздік қорлары толықты;
•байланыстырып сөйлеуге дағдыланды;
•дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары
қалыптасты;
• кітапқа деген қызығушылықтары артты.

Ұқсас жұмыстар
ОҚЫТУҒА ҚАБІЛЕТСІЗ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ
Баланың сөйлеу қиындықтар
Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі
Оқыту және тәрбие әдістемесі
Дамуында психикалық бұзылысы бар балалармен түзету - коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары
Жедел психиатриялық көмек
Есту қабілеті бұзылған балалар
Дамуында ауытқушылығы бар балалар категорияларының жіктелуі
Мектеп оқушыларының сөйлеу тіліндегі қателіктерді жою жолдары
Балалық шақ кезіндегі аутизм
Пәндер