Білім мазмұнының түрлері


Slide 1

Жоғары білім берудің мазмұны

Орындаған: География және табиғатты пайдалану факультеті, Геодезия мамандығының 1 курс магистранты

Мұқаметжан Мейіржан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Slide 2

Жоғары білім берудің мазмұны

Жоғарғы білім

Жоғары білім берудің мақсат-міндеті

Жоғары білім беру мазмұны

Білім мазмұнының түрлері

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Педагогикалық білім беру құрылымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Жоғарғы білім

Жоғарғы білім - толық орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманның кәсіби біліктілік дәрежесі.

Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар (35 бап, 1 бөлім, ҚР «Білім туралы» заңы) .

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарында iске асырылады. Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары оқу орындарының негiзгi түрлерi болып табылады (35 бап, 2 бөлім, ҚР «Білім туралы» заңы) .

Slide 4

Жоғары білім берудің мақсат-міндеті:

Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін тандауға кеңінен мүмкіндік беру.

Іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек нарығы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;

Жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;

Студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу.

Slide 5

Жоғары білім беру мазмұны

Жоғары білім беру мазмұны - іс-әрекеттің мазмұнды моделінен туындайтын өзара байланысты элементтер жүйесі. Болашақ маманның үздіксіз кәсіби-тұлғалық дамуын қамтамасыз етеді және үздіксіз білім беру мазмұнының элементі болып табылады.

Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. С. Леднев, М. Н. Скаткин, т. б. зерттеді.

И. Я. Лернердің анықтамасы бойынша “білімнің мазмұны дегеніміз - тұлғаға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі. Ең басты білім мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту қажет. ”

Slide 6 Slide 7

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары оқу орындарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.

Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:

1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;

2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.

Slide 8

Педагогикалық білім беру құрылымы

Кәсіби-педагогикалық даярлық құрылымы

Мазмұндық аспект

Технологиялық аспект

Тұлғалық аспект

Болашақ оқытушылардың кәсіби-педагогикалық даярлығы

Пән бойынша терең білімі; әлеуметтік гуманитарлық пәндердің негізін және қоғам, құбылыстар туралы дүниетанымның қалыптасуы

Алған білімдерін практикада қолдана білуі, өзіндік әдістерді жүзеге асыруы, ақпаратты алуы мен талдауы

Мамандық бойынша психологиялық-педагогикалық білім, білік, дағдылар негізінде қалыптасатын сапа қасиеттер

Slide 9

Қорытынды

Қазіргі университеттік білім беру тек білімді жеткізу емес, сонымен қатар теориялық білімді, дүниені менгеретін шығармашыл құралға айналдыру міндетін көздейді.

Жоғары оқу орнын жақсы бітіргендерге бакалавр атағы беріледі, бұл атаққа ие болғандар 2 жыл қосымша оқудан соң, ғылым магистрі атағын алады. Алайда, кез келген елдегі Жоғарғы білім беру ісі елдің ішкі ерекшеліктерімен қатар, дүниежүзілік ортақ стандарттарға сай келуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында да білім беру жүйесін әлемдік стандарттармен сәйкестендіру мақсатында оқу ісін реформалау жұмыстары жүргізіліп келеді. Шет елдердің көпшілігінде Қазақстанда берілген Жоғарғы білім мойындалады.

Slide 10

Пайдаланылған әдебиеттер

ҚР «Білім туралы» Заңы;

Жоғары мектеп педагогикасы, оқу құралы;

Ахметова Г. К., Исаева З. А. Педагогика: учебник для магистратуры университетов;

Мынбаева А. К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал.

Таубаева Ш. Педагогика әдіснамасы. - Алматы: 2013 жыл.

Қазақстан Республикасының «Білім туралың Заңы. - Астана: //Егеменді Қазақстан, Ақорда, 2007.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Білім мазмұнының компоненттеріне сипаттама
Білім беру мазмұнының компоненттері
Бағдарламаның бөліктері
8-семинарБілім беру мазмұнының компоненттері
Білім мазмұнының компоненттері
Жеке рефлексия
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ
Мемлекеттік стандарттар
Қазіргі заман талабына сай ойын түрлерін сабақ барысында қолдана білуді үйрету
Тəрбиенің құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz