Қазандық агрегатының оттығына берілетін отынның сағаттық шығынын есептеу




Презентация қосу
Қазандық құрылғысының пайдалы әсер
коэффициенттерін (брутто, нетто) есептеу.
Қазандық агрегатының оттығына берілетін
отынның сағаттық шығынын есептеу. Отын
құрамын талдау арқылы шық нүктесінің
температурасын есептеу.

ОРЫНДАҒАН: ИСЛАМОВ Е.
ТЕКСЕРГЕН: ОСПАНОВА Ш.
Қазан қондырғысында пайдалы
қолданылған жылудың ошақтан берілген
барлық жылу мөлшеріне қатынасы
қондырғының жылулық тиімділігін
анықтайды және оның пайдалы әсер
коэффициенті деп аталады.
Электр станцияның тиімді жұмысы пайдалы әсер
коэффициентімен шартты отын шығынымен, электр
энергиясының өндіру кезіндегі жылу шығынымен және
энергияның өзіндік бағасымен бағаланады.
Электр станция пайдалы әсер коэффициенті электр
энергиясының шығынын ескермеген кезде анықталатын
брутто пайдалы әсер коэффициенті және өзіндік
қажеттіліктеріне арналған электр энергиясымен жылу
шығынын ескерген кездегі нетто пайдалы әсер
коэффициенті болып екіге бөлінеді.
Қондырғының брутто және нетто пайдалы әсер коэффициенттерін
анықтауға болады. Брутто пайдалы әсер коэффициенті қазан
қондырғысының өз басының мұқтаждарына кеткен энергия
шығындарын ескермейді(қоректік су сорғысының, үрлегіш – түтін
сорғыштың, отынды ұсатуға, қызу беттерін үрлеуге және т.б.),
сондықтан келесі түрде анықталады (1)

В- отын шығыны, кг/с
Электр энергиясы мен жылудың қондырғының өз басы мұқтаждарына
кететін шығындарын ескеретін пайдалы әсер коэффициенті нетто
ПӘК-і деп аталады.
qc.н. - қазандық қондырғының өз басына кететін энергия шығындары
қосындысының барлық жылуға қатынасы (2)
Қазан қондырғысы пайдалы әсер коэффициенті
тікелей және кері теңестіктен анықтауға болады.
Қондырғыда бөлінген жылудың 10-20% -ы пайдаға
аспайды.Кез келген қазандық қондырғының
жұмысы әртүрлі жылу шығындарымен байланыста
болады. Қазан қондырғысына енгізілген жылудың
пайдалы Q1 жылуға және жылу шығындарына
жіктелуі қондырғының жылулық теңестігінен
көрінеді (3)
Q2 - қазаннан шыққан газдардың алып кететін жылу
шығыны;
Q3 - отынның химиялықкем жанудан (толық
жанбаудан)болған жылу шығыны;
Q4 - отынның механикалық кем жанудан(толық
жанбаудан)болған жылу шығыны;
Q5 - қазанның сыртқы қоршаулары арқылы
қоршаған ортаға кеткен жылу шығыны;
Q6 -шлактың алып кеткен физикалық жылуы.
Жылулық баланстеңестігінің оң және сол жақ
бөліктерін - ге бөліп және 100%көбейтсе,
теңестік келесі түрде жазылады. (4)
qi- қазанның салыстырмалы жылу шығындары.

ТІКЕЛЕЙ ТЕҢЕСТІК АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ(5)
БРУТТО ПӘК-ТІ ТІКЕЛЕЙ ТЕҢЕСТІКТЕН АНЫҚТАУ ОШАҚҚА
ӘКЕЛІНГЕН БАР ЖЫЛУДЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚОЛДАНЫЛҒАН
ЖЫЛУДЫ СИПАТТАЙТЫН ШАМАЛАРДЫ ТІКЕЛЕЙ ӨЛШЕУДІ
ҚАЖЕТ ЕТЕДІ. МҰНЫҢ ӨЗІ КӨП ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ
ҚАТЕЛІКТЕРДІ ТУҒЫЗАДЫ. АЛ ЖЫЛУ ШЫҒЫНДАРЫ ӨТЕ ҮЛКЕН
ДӘЛДІКПЕН АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ, СОНДЫҚТАН ҚАЗАН
АГРЕГАТЫНЫҢ ПАЙДАЛЫ ӘСЕР КОЭФФИЦИЕНТІН АНЫҚТАУДЫҢ
ЕҢ ДӘЛМЕ-ДӘЛ ӘДІСІ БОЛЫП ОНЫ КЕРІ ТЕҢЕСТІКТЕН АНЫҚТАУ
ТАБЫЛАДЫ.
(3) - ШІ ТЕҢЕСТІКТЕН ҚАЗАН ҚОНДЫРҒЫСЫНДА
ЖАҒЫЛАТЫН САҒАТТЫҚ ОТЫН ШЫҒЫНЫН ДА
АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ (6)
Механикалық кем жану салдарынан қондырғыға берілген
отынның барлығы толығымен жанып кетеді деп айтуға
болмайды. Сондықтан бір сағат бойы отын жанғанда бөлінетін
газдар көлемі толық жанумен салыстырғанда біраз кем
болады. Жану өнімдері көлемі мен қажырын отынның 1 кг(1
м3) үшін есептегендіктен, механикалық кем жануды ескеру
үшін ошаққа берілген отын мөлшері сәл азырақ деп саналады
және жылулық есептеулерде сағаттық есептелген отын
шығынын қолданады (7)
Пайдаланылған әдебиеттер:

http:libr.aues.kz

Ұқсас жұмыстар
Қатты отынды ұнтақтау
Ашытқы қамырын дайындау тәсілімен қара бидай қамырын жасау схемасын сызу
Қозғалтқыштың реттеу сипаттамасы тұрғызу және жылу есептемесі
Гидрокүштік қондырғылар
Тамақ дайындауға арналған газ қазандығы
Жану процесі
Қазандық қондырғы
Көмірді гидрогендеу процесі
Бу турбиналық конденсациялық электр станция (КЭС)
Мұнай өңдеуіндегі гидрогендеу процестері Мұнай өңдеудегі гидрогендеу процестері
Пәндер