Көшпенділер мәдениеті: салт-дәстүрлер, киіз үй құрылымы және материалдық мәдениет


Slide 1

Көшпенділер мәдениеті

Орындаған: Шынбаева Дана АҚЖ-21 студенті

Тексерген: Ермагамбетова Куралай Сергабыловна

Slide 2

Негізгі түсініктер

Көшпелілік - көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі.

Ерте заманда еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта жайылымдық мал шаруашылығын жетілдіру негізінде қалыптасты.

Еуразиялық ұлы даланың ежелгі көшпелілеріне сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т. б. жатса, түркі-моңғолдық кезеңде бұл мәдени тип әлемдік үдерістерге өзінің терең әсерін тигізеді…

Қазақ мәдениеті өзінің негізгі тіні, өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет.

Slide 3

Көшпенділер деген кімдер?

Көшпенділер ( Көшпенді халықтар) - көшіп-қонып тіршілік ететін, негізгі кәсібі - мал-шаруашылығы болып табылатын халықтар.

Slide 4

Көшпелілердің салт - дәстүрлері мен діни нанымдары

Сақтар құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет-салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған”деп жазады грек тарихшылары. Олар көшпелілердің “басқалармен достық, адал әрі шынайы қарым-қатынасындағы қайырымдылық пен әділеттілікті” атап айтқан.

Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе қорымына қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған сармат көсемі мен әйелі қатар жерленген. Олардың жанына екі ат қоса көмілген. Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған. Көсемнің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, темір қылыш пен қанжар, қыш құмыра қойылған. Бұдан басқа шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары кездеседі.

Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениеті бір-біріне ұқсас. Олардың арасында марқұммен бірге аттарын көму салты кең тараған. Адамдар о дүниеде ат пен қару қожасына қажет болады деп ойлаған. Үлкен Берел қорғанында аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.

Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар ата-баба аруағына, көк тәңіріне сиынған. Қабірге мәйтпен бірге оның мүліктерін көмген. Арнаулы рулық зираттар қыстаудың маңында орналасқан.

“Мұртты қорғанның” шығысқа бағытталуы бұл оба-ескерткіштерді салған тайпалардың күнге табынғандығын білдіреді. “Мұртты обалар” ерекше сыйлы, ең қасиетті, ақсүйек адамдардың басына салынған ескерткіштер болып саналады.

Slide 5 Slide 6

Отпен тазарту

Бұл салт бойынша көктемде қыстаудан көшерде қыстау мен малды тазарту үшін қыстаудың әр жеріне от жағып, малды оның арасынан айдап өткізген . Бұл қазақ жеріне ислам діні енгенге дейінгі от киесіне табыну түрі еді . Бұл салт бойынша көктемде қыстаудан көшерде қыстау мен малды тазарту үшін қыстаудың әр жеріне от жағып, малды оның арасынан айдап өткізген . Бұл қазақ жеріне ислам діні енгенге дейінгі от киесіне табыну түрі еді

Slide 7

Қарқаралы көш

Ел жайлауға көшкенде, әрбір ауыл көштерінің салтанатты, сәнді безендіруіне ерекше көңіл бөлген. Ол үшін алдыңғы түйені жақсы алаша, кілемдермен жабулап, қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара орнатқан. Мұндай көшті “қарқаралы көш” деп атаған. Қарқаралы түйені ауылдағы құрметті әйел немесе жас келін жетекке алған. Халық түсінігі бойынша, қырғауылдың қауырсыны көшке көз тиюден немесе жол - жөнекей көшті анау-мынау қолайсыз жағдайдан сақтайды.

Slide 8

Отау қағу

Көктемде күн күркіремейінше, өсімдік жемістерін жеуге рұқсат етілмеген. Тек күн кіркірегеннен кейін тау жуасын немесе басқа жеуге жарамды жемістерді жеуге рұқсат етілген. Халықтың түсінігі бойынша, күн күркірегеннен кейін шөптің өсуі тездейді, малдың сүті көбейеді. Сол себептен, күн күркірегенде, Жетісуда әйелдер шөміш пен қысқышты бір-біріне ұрғылап: “Сүт көп болсын, от аз болсын”, - деп үй айналатын болған . Ал, Орталық Қазақстанда мұны “от қағу” деп атап, үйдің сыртынан керегенің басын қағады. Космогониялық наным бойынша бұл әдет сүттің мол болуына септігін тигізген. Көктемде күн күркіремейінше, өсімдік жемістерін жеуге рұқсат етілмеген. Тек күн кіркірегеннен кейін тау жуасын немесе басқа жеуге жарамды жемістерді жеуге рұқсат етілген. Халықтың түсінігі бойынша, күн күркірегеннен кейін шөптің өсуі тездейді, малдың сүті көбейеді. Сол себептен, күн күркірегенде, Жетісуда әйелдер шөміш пен қысқышты бір-біріне ұрғылап: “Сүт көп болсын, от аз болсын”, - деп үй айналатын болған . Ал, Орталық Қазақстанда мұны “от қағу” деп атап, үйдің сыртынан керегенің басын қағады. Космогониялық наным бойынша бұл әдет сүттің мол болуына септігін тигізген.

Slide 9

Қазық байлау

Бұл салт жайлаға барғаннан кейін бие байланып, қымыз ашытуды ұйымдастыру кезінде өткізілген, құлын-биелердің аман болуына, қымыздың көп болуына тілек білдіріп қариялар қазық басына май жағып, қымыз ашытушыларға бата береді.

Slide 10

Күнделікті өмірде де көшпенділерден қалған дәстүрлермен ұштасып жатамыз

Кіші үлкенді, әйел адамдар ерлерді сыйлады;

Жастар ақсақалдарды сыйлап, баталарын алады;

Жетім-жесірін жалғызсыратпай, қамқорлау;

Қонаққа, жолаушыға үлкен құрметпен қарау;

Әрдайым сәлемдері үзілмеген, негізгі шаруашылықтарына байланысты алдымен «мал-жан аман ба» деп бастау.

Slide 11

Киіз үй-көшпенділер баспанасы

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған, тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Мал шаруашылығымен айналасып, көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй ыңғайлы да жеңіл, қолайлы баспана. Ең кереметі оны жарты сағатта жығып, тағы сондай уақытта тігіп үлгіруге болады.

Киіз үй кереге(1), уық(2), шаңырақ(3), сықырлауық(4), табалдырық, маңдайша, таяныш сияқты негізгі бөліктерден тұрады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.

Slide 12

Шаңырақ

Шаңырақ - киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Шаңырақ бірнеше бөліктен тұрады:

1-тоғын. Ол шаңырақтың негізі.

2-күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады.

3-беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады.

4-шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады.

Slide 13

Кереге

Керегені құрайтын әрбір ағашты “желі” дейді. Желінің ең ұзынын керегенің “ерісі”(3) деп, одан қысқалауын “балашық”(2), ең кішісін “сағанақ” (1) деп атайды. Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды “көз” деп атайды.

Slide 14

Уық


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті: тіл, наным-сенім, киіз үй және эпос дәстүрлері
XVI-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының материалдық мәдениеті: киіз үй, тұрмыстық заттар, ұлттық тағамдар және киім
Қазақ ұлттық мәдениеті: дәстүрлер, киіз үй, ұлттық тағамдар, киім-кешек және музыкалық аспаптар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
Қазақ мәдениеті: негізгі құндылықтар мен дәстүрлі мұра (киіз үй, зергерлік өнер, ұлттық киімдер, тағамдар, ойындар)
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті мен тұрмыс-салт дәстүрлері
Көшпенділер мәдениеті мен Дала өркениетінің әлемдік өркениет жүйесіндегі орны: қазақтардың материалдық және рухани құндылықтары
Дәстүрлі қазақ мәдениетінің түп-төркіні мен материалдық және рухани құндылықтары: киіз үй және ұлттық киімдер
Қазақ салт-дәстүрлері, әдебиет және материалдық мәдениет жөніндегі викторина
Рухани мен материалдық мәдениет: көшпелілердің мәдениеті, көне түркі жазуы және ҒТП
Қазақ дәстүрлі мәдениеті: ауыз әдебиеті, музыкалық мұра және материалдық мәдениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz