Қазақстан Республикасының «Ғылым» және «Білім» заңдары мен ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасының мақсаттары, қағидаттары және ғылым классификациясы


Slide 1

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы", Білім туралы», «Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы туралы» Заңдары

Орындаған:ВМ-41топ студенті Сүндетқалиева Г. І

Тексерген: о. Нұржанова Ф. Х

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МИНИСТІРЛІГІ

КеАҚ ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

АГРАРЛЫҚ -ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты

Slide 2

Жоспар:

Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы",

« Білім туралы», «Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы туралы» Заңдары негізінде

-ғылым мақсаттары мен міндеттерін

-ғылым субъектілері мен объектілерін

- ғылым классификациясын көрсету

Slide 3

Ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың негiзгi қағидаттары, мақсаттары мен мiндеттерi

1) Ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың негiзгi қағидаттары Республиканың ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының аса маңызды қағидаттары: ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын ұлттық мүддеге, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қажеттерiне сәйкес ынталандыру және мемлекеттiк қолдау; ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру; ғылым мен техника жөнiндегi мемлекеттiк тапсырыстарды конкурстық негiзде қалыптастыру және орналастыру; ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен iске асыру кезiнде ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттiк органдардың ғылыми жұртшылықпен өзара iс-қимылын демократияландыру және қамтамасыз ету, ғылыми, ғылыми-техникалық шығармашылықтың еркiндiгiн қамтамасыз ету және ғылыми қызметкерлердiң еңбек жағдайын жақсарту; ғылымды, өндiрiс пен бiлiмдi ықпалдастыру болуға тиiс;

Slide 4

2) Ғылыми және ғылыми-техникалық саясат саласындағы негiзгi мiндеттер мен мақсаттары

Ғылыми-техникалық саясаттың негiзгi мақсаты - өмiрдiң сапасын арттыруға бағытталған зерттеулердi дамыту, жоғары технологиялы өнiмдердi экспорттауға бағдарланған, ғылымды қажетсiнетiн, ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық жағынан таза өндiрiстер әзiрлеу, шикiзатқа бағытталған экономиканы бiртiндеп технологиялық, ал технологиялықты - интеллектуалдық-ақпараттық экономикаға ауыстыру және осы мақсат үшiн жоғары бiлiктi мамандар даярлау болып табылады.

Slide 5

Оларды iске асыру үшiн:

ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтi ұйымдастырудың жүйесiн, нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаны, соның iшiнде, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру саласындағы базаны, оларды конкурстық iрiктеудi және нәтижелердi практикалық игерудi, интеллектуалдық меншiк құқығын қорғауды және басқаларын жетiлдiрудi;

iргелi зерттеулердi оңтайландыруды; экономиканың базалық салаларының қажеттілiгiн ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге арналған қолданбалы зерттеулердiң бiрiншi кезектегi бағыттылығын;

ғылымды қажетсiнетiн жаңа өндiрiстердi ұйымдастыру "зерттеу - әзiрлеу - өнеркәсiптiк игеру" бiрыңғай ғылыми-өндiрiстiк циклға көшуге ықпал ететiн инновациялық қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасауды;

ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер шығару жөнiндегі импортты алмастыратын (экспортқа бағдарланған) жаңа технология әзiрлеуді, меншiктi тәжiрибелi-эксперименттiк және өндiрiстiк-техникалық базаны одан әрi нығайтуды (қайта жаңарту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру) және дамытуды;

қызмет бейiнiн сақтай отырып, ғылыми-техникалық саланың жекелеген объектiлерiн қайта құрылымдандыруды және жекешелендiрудi;

ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi ұйымдастыру мен дамыту үшiн инвестиция тартуды, ресурстар үнемдейтiн және экологиялық жағынан таза технологиялар енгiзудi;

ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында шағын және орташа кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуын қамтамасыз етудi, нарықтық инфрақұрылым элементтерiн қалыптастыруды және дамытуды;

зерттеу институттарын, салалық ғылыми-техникалық орталықтарды және жоғары оқу орындарын, оқу процесi мен ғылыми қызметтi ықпалдастырудың тиiмді тетiгiн әзiрлеудi;

басым бағыттар бойынша кадрлар, соның iшiнде жоғары бiлiктi кадрлар даярлауды, осы негiзде елдiң интеллектуалдық әлеуетiн сақтауды және дамытуды қамтамасыз етудi;

озық шетелдiк технологияларды отандық жағдайға таңдау мен бейiмдеуге және өнеркәсiпте игеруге елдiң ғылыми күштерiн тартуды; қазақстандық ғылымды әлемдiк ғылыми-техникалық кеңiстiкке ықпалдастыру процесiн жеделдету мiндеттерiн шешу қажет.

Slide 6

Ғылым субъектілері мен объектілері:

1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылады.

2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне шығармашылық еркіндікке, жосықсыз бәсекелестіктен қорғауға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке қатысуға, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысуға тең құқыққа кепілдік беріледі және олар қамтамасыз етіледі.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдалануға құқылы.

3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен сату немесе сатуға ұсыну құқығын қоса алғанда, зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқығы бар.

4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмеуді қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

Slide 7

Əр ғылыми таным мен білімнің деңгейлері мен типтеріне тоқтаудың алдында ғылымның жіктелуіне тоқтайық. Қазіргі ғылымның классификациясы:


Ұқсас жұмыстар
Ғылым: анықтамасы, классификациясы және ғылыми-зерттеу әдістері
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық саясаты: стратегиялар, өңірлік бағдарламалар және ғылым-білім-өндіріс интеграциясы
Ғылым салалары және ғылыми зерттеулердің түрлері мен жіктелуі
Білім беру, ғылым, техника және технологиялар философиясы
Кіріспе: Ғылым және ғылыми зерттеулердің негіздері
Білім, ғылым, техника және технологиялар: философиялық негіздер мен жіктелуі
Білім, таным және ғылым әдіснамасының деңгейлері мен әдістері
Мәдениет формалары: өнер, дін, мораль, құқық, саясат және ғылым
Ғылым философиясы: философиялық білім саласы және тарихи дамуы
Ғылым мен ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми таным принциптері және педагогиканың ғылыми ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz