Сиыр сүті


Slide 1

Малдың сүт өнімділігіне әсер етуші факторлар

Орындаған:Шәріпова М

Тексерген:Курманова А

Slide 2 Slide 3

Жоспары

Сүттілікке әсер ететін жағдайлар

Тұқым қаулаушылықтың маңызы

Сиырдың жасына, салмағына байланысты өзгеруі

Slide 4

Сүттілікке әсер ететін жағдайлар

Сүттің құрамында, оның мөлшері де көптеген жағдайларға байланысты өзгерістер болады.

Солардың ішіндегі ең басытылары: тұқым қуалаушылық, азықтандыру, күту жағдайлары, бұзаулаған маусымы, сауын және суалу маусымының ұзақтығы т. б.

Slide 5

Мал түтігі

Құрғак зат

Майлылығы

Ақуызы

Лактоза

Күлі

Сиыр сүті

12. 5

3. 8

3. 3

4. 7

0. 7

Бие сүті

10. 3

1. 25

2. 15

6. 5

0. 4

Ешкі сүті

13. 4

4. 4

3. 6

4. 9

0. 8

Қой сүті

18. 2

6. 7

6. 3

4. 3

0. 9

Түйе сүті

13. 6

4. 5

3. 6

5. 10

0. 7

Мал сүтінің құрамы

Slide 6

Тұқым қаулаушылықтың маңызы

Сұрыптау және азықтандыру жағдайын, күтімін жақсарта түсу негізінде өнімділігі әр түрлі сиыр тұқымдары пайда болды. Сонымен қатар бір тұқымға жататын мал ішінде де ата-тегіне байланысты өнімділігі де әр түрлі сиырлар бар.

Мұндай тұқымаралық ерекшелік сиырды бонитировкалау талабында ескерілген.

Тұқым қуалаушылықтың және өнімділік көрсеткішінің жалпы әртүрлілігіне сыртқы ортаның тигізетін әсерін білу үшін тұқым қуалаушылық коэффициенті есептеледі. Тұқым қуалау коэффициенті дегеніміз жалпы әр түрлілік ішіндегі тұқым қуалаушылық қана әсерін тигізген өзгергіштік. Сүттілік пен тұқым қуалаушылық коэффициентінің О-ден 68% -ке дейін өзгеруі мүмкін. Тұқым қуалаушылық коэффициентінің көрсеткіші табын өнімінің деңгейіне, асылдандыру және алдын ала жүргізілген сұрыптау жұмысына, азықтандыру жағдайына, күтіміне және т. б. байланысты.

Тұқымдық қасиет атасынан ұрпағына тұрақты түрде берілген сайын бұл көрсеткіш те жоғарылай береді.

Slide 7

Сүттіліктің сиырдың жасына қарай өзгергіштігі

Бірінші және екінші бұзаулаған сиырдан сақа сиырлармен салыстырғанда сүт 15-30% кем шығарады. Алтыншы, жетінші, сегізінші, бұзаулаған сиырлардың да сүттілігі азая түседі.

Сиыр сүтілігінің өзгергіштігі оның азықтандыру жағдайына, жетілгіштігіне, дене бітімінің мықтылығына байланысты.

Дұрыс азықтандырылған, күтімі жақсы мал 10-12 жыл бойы өте сүтті болады.

Алғаш ұрықтандыру жасы сиырдың келекшегі сүттілігіне әсерін тигізеді. Ерте ұрықтандырылған құнажын өспей қалады да, оның сүті де төмен болады. Сондықтан уақыты келген құнажының салмағын да ескеру керек. Құнажынды оның салмағы сақа сиырлар салмағының 70% жеткенде ұрықтандырған дұрыс.

Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Свердлов атындағы тұқыммал колхозында құнажындар алғаш рет 17- 18 айлығында салмағы 340-360 кг жеткенде ұрықтандырылады.

20-24 айлық, салмағы өсіп кеткен құнажынды кеш ұрықтандырудың да сүттілікке деген кері әсері бар.

Slide 8

Сүттіліктің сиырдың тірілей салмағына байланыстылығы

Бұл көрсеткіш малдың жалпы жетілгендігі көрсетеді. Сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігі арасында өзара байланыс бар екендігі анықталған. Егер сиырдың сүтті малға тән дене бітімі, тұлғасы сақталса, тірілей салмағы өскен сайын оның сүттілігі де көтеріле түседі.

Профессор С. А. Рузский сиырдың тірілей салмағымен мен сүттілігінің арасында айнымалы байланыс бар екендігін де анықтады. Сиырдың салмағы артқан сайын, белгілі бір шамаға дейін сүттілік көтеріледі де, одан әрі тірілей салмақ қанша артқанмен сүттілік мөлшері өспейді.

Оқымыстылардың айтуынша, сиырдың сауын маусымындағы сүттілігі өзінің тірілей салмағынан 8-10 есе артық болғаны дұрыс.

Slide 9

Сервис және сауалу кезеңдерінің ұзақтығы мен сүттілікке қоңдылықтың әсері.

В. Ф. Воскобойниковтың зерттеулеріне қарағанда қара ала тұқым сиырлары салмағының бұзаулау алдында 530-550 кг тартқаны жөн. Бұзаулау алдындағы тірілей салмағының тым төмендеуі оның сүттілігінің 300 кг дейін төмендеуінің себепші болады, ал салмағы 500 кг сүтін кемітеді. Ал суалу мерзімі 30 күн болса, ссүттілігі 20% кемиді.

Slide 10

Азықтандыру мен күтіп- бағудың әсері

Азықтандыру және күтіп- бағу сиыр сүттілігіне әсер ететін ең маңызды жағдай. Көптеген шаруашылықтарда азықтандыру және күтіп- бағу жағдайын жақсарту жолымен сиыр сүттілігін 60% арттырып та отыр.

Сүтінің мөлшері жемшөптің сапасына, әр түрлілігіне және рационның толық құндылығына да байланысты. Сондықтан сауын сиыр рационы протеин, витамин, минералды заттар мөлшеріне қарап реттеледі. Белок пен углеводтардың да өзара байланысына көп көңіл аударылады. Оның 1, 5:1 болғаным дұрыс. Ал азық өлшемінде де 100-120 г сіңімді протеин болуы керек. Жемшөп жетіспесе сауын маусымында сауылатын сүт мөлшері де төмендеді. Ал әрі азық азайып, құнарлығы төмендеген кезде тіпті күнделікті сауылатын сүттің өзі азаяды. Сиыр тез суалады.

Азықтандыру жақсарту және әрбір кг сауылған сүтке 1:1, 2 азық өлшемін беру сиыр сүттінің мөлшерін жоғарылатуға, сондай- ақ бұзаулаған сиырдың тез ширауына әсерін тигізеді.

Сиыр сүттілігіне күтіп- бағу жағдайы да әсер етеді. Суық қорада тұрған сиырдың зат алмасуы бұзылады. Күнделікті берілген азық денедегі жылу алмасуға жұмсалады. Сөйтіп сиырдың сүті кемиді. Сондықтан да қазіргі кездегі сапалы азық беріліп, жылы кешендерде тұрған сиырлар әрбір кг сауылатын сүтіне азықты аз жұмсайды.

Slide 11

Сиырдың бұзаулау маусымының әсері

Шаруашылықтарда жемшөп жеткілікті жағдайда сиырдың бұзаулау маусымы оның сүттілігіне көп әсер ете қоймайды. Бірақ біздің елде ауа райы бір- біріне ұқсамайтын климаттық аймақтар көп болатындықтан және олар сиыр сүттілігіне әсерін тигізетіндіктен бұзаулау маусымын ескермеуге болмайды. Әсіресе сиырдың біркелкі азықтандыра алмаған жағдайда оның бұзаулау маусымы сүттілікке әсерін міндетті түрде тигізеді.

Сондықтан егер жемшөбі жеткілікті болса, солтүстік аудандарда сиырдың қыс айларында бұзаулағыны дұрыс.

Мұндай жағдайда сауын маусымының жартысы жайылым отының піскен шағына деп түседі. мұның бұзау өсіруге де пайдасы бар. Бұзау сүт еметін кезін қыс айларында өткізіп, көк шыққанда жайылымда отығады.

Мысалы, наурызда бұзаулаған сиырлардың сауын маусымының екінші жартысы көктем айларында өтеді. Мұның өзі сиыр сүттілігіне әсер етпей қоймайды. Жыл бойы байлауда тұратын жемшөбі мол кешендерде сиырды жыл бойы бұзаулата беруге болады.

Slide 12 Slide 13

Сүттің құрамы және оның өзгергіштігі


Ұқсас жұмыстар
Сүттің құрамы, оның адам ағзасына пайдасы
Ешкі сүті және ешкі сүтінің тағамдық құндылығы
Буйвол сүті
Түйе сүті Сиыр сүті
Сүт ферменттері
Бие сүті
Ешкі сүті
Соя өндірісі
Төрт түлік туралы жырлар
Бие сүті мен қымыздың қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz