Кирова ЖШС - жеке егістік және жайылымдық жерлері бар үлкен фермерлік шаруашылық
Презентация қосу
FOOD
MASTER
Орындаған:Шәріпова М
Тексерген:Курманова А
Компанияға сипаттама
«ФудМастер» компаниясының тарихы 1995 жылдан
басталады, сол тұста жас бизнесмендер тобы сүтті мал
шаруашылығы дәстүрлеріне бай Қазақстан йогурт
сияқты керемет өнімнен бейхабар екендігі және неге
өндірмейді деген мәселені алға қояды. Есік қ. сүт
зауытының цехын жалға алған «ФудМастер»
Қазақстанда алғаш болып йогурт өндіре бастады. 2015
жылы компания 20 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Қазіргі таңда Компанияның үш зауыты, 16 сауда
филиалы және екі жеке сүт-тауар фермасы бар.
«ФудМастер» компаниясы Қазақстан нарығында сүт
өнімдерін өндіру бойынша көш бастап келеді, сондай-ақ
республика аумағында көптеген сүт өнімдері түрлерінің
өндірісін алғаш болып іске қосқан да осы компания.
Компания отандық өндірушілер арасында
өнімдердің ең көп түрін өндіреді және де
қазақстандықтардың талғамы мен сұранысын
қанағаттандыруға күш-жігерін жұмсайды. Айран,
қаймақ, «Үй» сүзбесі, «Дольче» йогурттері, «БИО-
С Имун+» ұйыған сүті сияқты көптеген басқа да
өнімдер тұтынушылардың көңілінен шыққан.
2004жылдан бастап «ФудМастер» компаниясы
әлемнің көптеген түрлі елінде 200-ден аса
кәсіпорынды біріктірген, жоғары сапалы сүт
өнімдерін өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы –
халықаралық «Лакталиc» (Франция) тобына енді.
«ФудМастер» компаниясының негізгі
міндеті Қазақстандағы сүт өндірісін
тұрақты дамыту және республика
халқын әлемдік сапа стандарттарына
сай табиғи ингредиенттерден
дайындалған өніммен үздіксіз
қамтамасыз етуді жолға қою болып
табылады.
Есік қ. «ФудМастер» сүт зауыты
1995 жылы Есік қаласының сүт зауыты негізінде
құрылды.
Бұл Қазақстан нарығына жоғары сапалы отандық
йогурт шығарған алғашқы кәсіпорын. Бүгінде
заманауи жоғары технологиялы зауыт тәулігіне 150
тоннаға дейін сүт өнімдерін өңдеуге қабілетті.
Контактісіз өндірістің озық технологиялары мен
барлық жабдықты автоматтандырылған
зарарсыздандыру және тазалау жүйелерінің
арқасында «ФудМастер» сүт зауыты жоғары сапалы
сүт өнімдерінің мол түрін өндіріп шығарады.
Есік қ. сүт зауыты аумағында 1998 жылы жаңадан
ультрапастерленген сүт өндіретін зауыт салынды,
аталмыш зауыт швед компаниясының бүкіл әлемге
танымал жоғары технологиялы «Тетра Пак»
желілерінде ультрапастерленген сүт өндіру
бойынша Қазақстандағы алғашқы зауыт болды.
2004 жыл – «ФудМастер Компаниясы» АҚ беделді
халықаралық TUV Reinland (Германия)
сертификаттаушы органының сертификатына ие
болды.
2010 жыл – «ФудМастер-Есік» зауытында
халықаралық Тәуекелдер мен қауіпті орындарға
анализ жасау жүйесі (ТҚОАЖ) енгізілді.
«ФудМастер-Шымкент» зауыты
shymkent-zavod 1998 жылы «ФудМастер» компаниясының
Оңтүстік Қазақстан облысы Көксәйек ауылындағы бөлімшесі
ретінде құрылған.
«ФудМастер»-дің барлық кәсіпорындары сияқты компания
қолданысында бар, жалпы сапа талаптарына жауап беретін
өнім өндіретін жоғары технологиялы сүт зауыты болып
табылады.
2011 жыл – 5 маусымда мерекеленетін Бүкіләлемдік қоршаған
орта күні қарсаңында халықаралық «Интерфакс» ақпараттық
тобы Тұрақты өндіру және тұтыну орталығымен бірлесе
отырып (Алматы) Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының
түбегейлі тиімділігін (экологиялық және энергетикалық)
бағалау нәтижелерін ұсынды. Түбегейлі тиімділіктің жеке
компоненттері, атап айтқанда, кәсіпорын тиімділігінің
қарқындылығы бойынша «ФудМастер-Шымкент» зауыты
көшбасшы болды.
«ФудМастер-Павлодар» зауыты
pzvlodar-zavod «ФудМастер» компаниясының құрамында зауыт
тарихының басталуы 2009 жыл деп саналады, сол жылы Павлодар
сүт зауытына ауқымды жетілдіру жұмыстары жүргізілді.
«ФудМастер» компаниясы кәсіпорынды қайта құруға қомақты
инвестиция салды, енді тіпті, ауасына дейін
зарарсыздандырылған өндірістік желілер компанияның барлық
зауыттарындағы сияқты сақтау мерзімі жоғары табиғи әрі сапалы
өнімді өндіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда «ФудМастер-Павлодар» зауыты шын мәнінде, ең
заманауи сүт өндіру алаңдарының бірі болып табылады, онда
автоматтандырылған өндіру процестері мен сапаны көп сатылы
бақылау жүйесі енгізілген әрі жақсы әрекет етуде.
«ФудМастер» компаниясының Алматы және
Павлодар облыстарында орналасқан екі жеке ірі
сүт-тауар фермасы бар. Бұл компанияның
инвестицияларының арқасында дамып, ірі қара мал
басын ұлғайтып келе жатқан екі заманауи сүт
кешені, бүгінгі күннің өзінде Междуреченск
ауылындағы фермадағы бір сиырды сауғаннан
жылына 6500 литр сүт алынады, бұл республикалық
орташа статистикалық көрсеткіштен үш есе артық.
«Междуреченск-Агро» ЖШС – жеке егіндік жерлері
бар, жеке азық базасы болуының арқасында сүтінің
сауындылығы жоғары Алматы облысындағы ірі сүт
кешені. Ферманың жеке суармалы жерлерінде
сауынды сиырларды теңдестірілген жем-шөппен
қамтамасыз ету үшін жоңышқа, жүгері, бидай, соя
және басқа да азықтық дақылдар өсіріледі. Фермада
асыл тұқымды қоңыр швиц немесе алатау (Brown
Swiss) және голштин (Swiss Holstein) қоңыр сиырлары
өсіріледі. Бұл сиырлар көбіне Алматы облысында
кеңінен таралған, өйткені Іле Алатауының
климаттық жағдайлары бұл тұқымдар үшін керемет
қолайлы.
«Кирова» ЖШС – жеке егістік және жайылымдық
жерлері бар үлкен фермерлік шаруашылық.
Шаруашылық жерлерінің жалпы ауданы – 36 000
Га, оның – 16 000 Га – жайылымдық, ал 12 000 Га –
егістік жерлер. Фермада өсірілетін жоңышқа,
жүгері, сұлы, күнбағыс, арпа және т.б. дақылдар
фермадағы 1000-ға жуық бас сиырдан сүт сауу
мөлшерін арттыруға көмектесетін бірегей
азықтық база қалыптастырады. Бұл фермада
симментал тұқымы (Swiss Simmental) және қызыл
голштин (Swiss Red Holstein) деген екі асыл
тұқымды сиыр өсіреді.
Қазақстанда алғаш болып йогурт өндірген.
Қазақстанда алғаш болып сұйық йогурт өндірген.
Қазақстанда алғаш болып картон қаптамада
ультрапастерленген сүт өндірген.
2001 жылы беделді халықаралық TUV Reinland
(Германия) сертификаттаушы органының
сертификатына ие болып, халықаралық ISO
9001:2000 стандарты талаптарына сәйкес сапа
менеджменті жүйесін енгізе бастаған алғашқы азық-
түліктік компания.
Қазақстанда алғаш болып түйіршіктелген сүзбе
өндірген.
Назарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz