Асық ойындары
Презентация қосу
Павлодар облысы, Тай ауылы. Өлеңті НЖББМ. «Бөбектер» ш.о
Алтын асық – ұлттық мұра
Түрі: асық терапиясы
Дайындаған: М.О. Оралова
2020
Сіз білесіз бе?
1. Қазіргі балалар ойнайды ма?
2. Балалар ойындарының
тақырыптары қандай?
3. Балаларға арналған қандай
ойындар бар?
4.Ұлттық ойындардың қандай
түрлерін білесіздер?
Кіріспе
Еліміздің ертеңгі болашағы өсіп келе жатқан жас ұрпақ болғандықтан, ұрпақ тәрбиесіне аса
жауапкершілікпен қарау баршамыздың жауапты міндетіміз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген, бойында ұлттық
санамен ұлттық психология қалыптасқан имандылық әдебі бар парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу,
өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті.»
Сонымен қатар Елбасымыздың “Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар” аясында ұлттық
қасиетті, салт-сананы, дәстүрді қалпына келтіре отырып, қазақ халқымыздың ұлттық
ойындарының пайдасын насихаттау. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан ,өзінің
төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары
білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін,
мәдениетін жасөспірімдер бойына сіңіріп, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын
дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі,
әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы
жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық,
ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз –
жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Компьютерлік ойындар
1. Баланың жүйке – жүйесін тоздырады.
2. Баланың бойына тұйық мінезді
қалыптастырады.
3. Қан айналымын бұзады.
4. Жүрек-қан тамырларының жұмысын баяулатады
5. Көздің көруін нашарлатады.
6. Бойдың өсуіне кері әсер етеді.
Асық ойындары
1. Баланың ойлау қабілетін дамытады.
2. Адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді.
3. Денені шынықтырады.
4. Қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің
жұмысын жақсартады.
5. Көз қашықтықтан көруге қалыптасады.
6. Бойдың жылдам өсуіне көмектеседі.
Тақырыбы: “Алтын асық-ұлттық мұра”
Жобаның ұраны: Дені сау бала бақытты!
Жобаның түрі: Ұзақ мерзімді
Жоба мерзімінің орындалуы: 2018-2019 оқу жылы
Жобаның өзектілігі: Балалар ойын ойнағанды жақсы көреді.
Ойынның қызығына салынып кетсе, ойыншықтар қалып,
планшет, ноутбук, сенсорлы ұялы телефондар, жалпақ тілмен
айтқанда виртуалды ойын ойнағанды жақсы көріп тұрады.
Баланың сөйлеу қабілеті де азайып , әрі бала денсаулығына
зияны тиіп жатады. Осы орайда ұлттық ойынымыз асық
ойындарын ойнасақ, құндылығымыз жойылмас екендігі белгілі.
Жобаның мақсаты:
Балалардың қиымыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік,
көрнекі – бейнелік және сөздік – логикалық ойлауды сатылай қалыптастырып,
шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шыдамдылық, сабырлық,
бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелеу.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында Отан сүйгіштіктің негізі ретінде туған жерге, ата
дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру қажеттілігін үйрету; балаларға қазақ
ұлттық ойындарының бір түрі асық ойындарын жаңғыртып, балаларды ұйымшылдыққа,
саусақ моторикасының дамуына,мергендікке, шапшаңдыққа, ептілікке, дене құрылысының
жақсы қалыптасуына, достыққа баулу.
Оның үстіне ол өте қарапайым әрі қолжетімді.Балаларға қазақтың бұл ұлттық ойынның
қажет екеніне көз жеткізіп ұлттық сананы қалыптастыру.
Жобаның міндеті:
1.Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп,
ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
2.Қазақтың ұлттық ойыны асық ойынын дәріптеу.
3. Асық ойынының маңызы мен оның түрлерін анықтау.Өткенді
зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау.
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны.
Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың
қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ерте кезде әр қазақтың
балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны
ойнатылатын. Ұсақ малдың (қой,ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр
сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы,
тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып
жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқы асық аталады. Асық
ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан
ату), қақпақыл, т.б.
Асық ойыны – баланың ұсақ моторикасын дамытады, бұлшықет
қозғалысын жақсартады. Дәлдікті, мергендікті, зейінін арттыруға ықпал
етеді. Көпшілдікке, сыйластыққа, әділдікке тәрбиелейді. Асықты санаса
да, ұстаса да болады. Адамның алақанында әртүрлі нүктелер бар. Қалай
айналдырса да асық өте қолайлы.
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны
«Денсаулық» саласы бойынша
оқу қызметтерінде пайдаланатын көрнекіліктер
Дене тәрбиесі оқу қызметінде біз баланың
денсаулығын нығайта отырып, оны
түрлендіру мақсатында қазақтың салт-
дәстүрін, ойын түрлерін балаларға
насихаттау барысында “Бес тас,
ханталапай, арқан тарту” т.б. ойын
түрлерін өткіземіз.
«Әлеуметтік» саласы бойынша
таза ауадағы оқу қызметі
Құм мен су қалашығындағы ойындар
Ханталапай - қазақтың ұлттық ойындарының бірі.
Ойнаушылар шеңбер бойынша отырады, басқа асықтар арасынан
ерекшені хан деп тандап, шеңбер ортасына асықтарды шашады. Асық
қандай жағымен құлағаны маңызды, өйткені асық ішік құласа ішікпен
қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға
болады. Егер ойнаушы тигізбесе немесе басқа жақпен тигізіп қақса,
онда жүріс келесіге беріледі. Асық бойынша қағу тек үлкен саусақтын
жоғарғы бөлігімен жасалынады. Хан кімде болады, сол жеңімпаз
аталады.
«Шығармашылық» саласы бойынша
оқу қызметтерінде пайдаланатын асықтан жасалған
музыкалық аспаптар
Асығымыз “Қара жорға”биімен
«Таным» , «Коммуникация» саласы бойынша
оқу қызметтерінде пайдаланатын көрнекіліктер
Бірінші кіші топ
Асықты жіпке тізу (Асық арқылы балалардың сенсорлық моторикасын
дамытатын жаттығулар) Балалар боялып, тесілген асықтарды жіпке бір
түстен соң екінші түске тізбектеп тізеді. Бұл тізбекті тізу арқылы бала
түстермен танысып, бір – бірінен ажырата алады. Қолмен жұмыс жасау
барысында баланың ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс
жасауда баланың саусақтары иілгіш болып, жұмыс жасауға жаттығады
(бірінші кіші топтағы жұмыс төмендегі әдіспен жҥүеге асырылуда).
«Таным» , «Коммуникация» саласы бойынша
оқу қызметтерінде пайдаланатын көрнекіліктер
Екінші кіші топ
Қағазда қанша тор, сонша асық
Бұл әдіс асық және фетр қағазын қолдану арқылы жасалынады. Фетр
қағазы торкөз дәптер беттері сияқты шаршыларға теңдей бөлінген.
Балалар фетр қағазында қанша дөңгелек, шаршы немесе үшбұрыш тізілсе
сонша асықты тізе білуі тиіс. Тапсырмаға мұқият мән бере отырып,
ойланып орындайды. Тапсырма бойынша фетр қағазындағы әр шаршының
ішіне асықты дұрыс орналастыра білуі шарт.
«Таным» , «Коммуникация» саласы бойынша
оқу қызметтерінде пайдаланатын көрнекіліктер
Орта топ
Асықпен құмда сурет салу
Балалар құмның үстіне асықпен түрлі мазмұнды суреттер сала отырып,
нені бейнелегендерін айтып береді. Ойнай отырып құмға асықпен сурет
салу бала үшін қызықты, әрі пайдалы. Баланың ұсақ моторикасымен қатар
бейнелеуге деген қызығушылығы артады, қиялы дамиды және өзінің
ойымен салынған бейнені өз сөзімен түсіндіру барысында сөздік қоры
молаяды, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
«Таным» , «Коммуникация» саласы бойынша
оқу қызметтерінде пайдаланатын көрнекіліктер
Ересек топ
Мозаика
Балалар жеке – жеке отырғызылады. Оларға асықтан жасалған белгілі бір
бейнеленген пішін беріледі. Пішінді балалар дәл сондай қалыпта боялған
асықтармен құрастырып шығулары тиіс. Бұл тапсырма балалардан
ұқыптылық пен мұқияттылықты талап етеді.Тапсырманы орындау
барысында балалар пішіннің көлемімен қатар, оның ішінде берілген
түстерден жаңылмауы тиіс. Ересек топтары үшін тапсырма қызықты әрі
өте пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау
қабілеттері артады және бір – бірімен бәсекелесіп орындау барысында
шапшаңдылыққа тәрбиеленеді.
«Таным» , «Коммуникация» саласы бойынша
оқу қызметтерінде пайдаланатын көрнекіліктер
Асық сүйектерінен
жасалған шашка ойыны
Асық сүйектерінен
жасалған қолғап
Күтілетін нәтиже:
Балалар денсаулығын нығайту, қимыл - қозғалыс
қабілеттерін және қимыл дағдыларын жүзеге асыру.
Мәселенің өзектілігінің маңыздылығын педагогтар
мен ата-аналардың түсінуі.
Балабақшада заттық – кеңістік дамытушы ортаны
жаңғырту.
Қорытынды:
«Асық ептілікке, мергендікке баулиды. Бұл – үлкен
халықтық тәрбие»,- деп Ұлы Отан соғысының
батыры қандасымыз Б.Момышұлы жоғарғы
басшылыққа хат жазған болатын. Ендеше, құрметті
тыңдарман, асық төңірегінде тақырыпты бірге
түрлендірейік! Тыңдағандарыңызға алғысымда айта
отырып, әрдайым асықтарыңыз алшысынан түссін
дегім келеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz