Өнімділік - таңдалған мақсат бойынша оның дұрыс орындалуы өнімді қорытынды беру қадамы


Slide 1 Slide 2

Жоспары

УАҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ НЫҒАЙТУ

КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ ӨНЕРІН МЕҢГЕРЕЙІК!

МАҚСАТ ҚОЮ ЕРЕЖЕСІ

СТРЕССТІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ

Slide 3

УАҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

Уақыт. Біз уақытты дұрыс қолдана алмаймыз. Біз оны тек жоғалтуға ғана бармыз. Әрқайсымыз сөткесіне 24 сағат аламыз, бірақ бұл уақытта барлық өздерінің ойлаған нәрселеріне үлгеретін адамдар да болады. Уақыттың шығындалуын үнемдейтін бірнеше әдістерді қолданып көріңіз:

Slide 4

1. Жұмыс тізімін құрыңыз. Оған ең қажетті істейтін нәрселеріңізді белгілеңіз. Сіз қаншалықты алға жылжыдыңыз, бұл таңдануға жағымды әсер болатынын мұқият белгілеңіз.

2. Барлық жұмыстарды сапасы бойынша іріктеңіз: ең бастысы - бірінші кезекте нені істеу керек, шағын бағдарды тезірек, нақты, соңына дейін бос уақытта орындау қажет. Келесі схема бойынша уақытты қалай үнемдеу керектігін көресіз.

Slide 5

3. Артық уәде беруден аулақ болыңыз. Өзіңідің істей алу мүмкіндігіңізге байланысты бос уақытты қалай тиімді өткізуге болады, бір жағынан қарапайым істі орындауға қанша уақыт жұмсайсыз.

4. Белсенді және өнімді іс-әрекетіңіз арасындағы айырмашылықтарды айыра біліңіз.

Белсенділік (айталық, көпше түрде телефон хабарламалары) барлық жоспарларыңызды ұтымды орындау болып табылады. Өнімділік - таңдалған мақсат бойынша оның дұрыс орындалуы өнімді қорытынды беру қадамы. Тек белсенді болмай, мүмкіндігіңізге байланысты ұтымды істеуге тырысыңыз.

Slide 6

ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ НЫҒАЙТУ

1. Өз-өзіңе өзіңнің мықты және әлсіз жақтарыңды анықтап, өз күшіңді сәйкесінше жұмса.

2. Өзіңізге не құнды екенін шешіп, неге сенетініңізді ажыратыңыз, өз өміріңізді қандай ғып елестетесіз. Өз жоспарыңызды сараптамадан өткізіп, оны прогресс болған кезде пайдаланатындай ғып бүгінгі күннің есебімен бағалаңыз.

Slide 7

3. Тамырына дейін жетіңіз. Өткеніңізге сараптама жасап бүгінгі күнгі жағдайға қалай жеткеніңізді анықтаңыз. Сізді азап шегуге душар еткен адамды немесе қажет кезде көмек көрсете алса да көрсетпей қойған адамды түсініп, кешіруге тырысып көріңіз. Өз-өзіңіздің бұрын жасаған қателіктеріңізді, алданушылығыңызды, күнәләріңізді кешіріңіз. Есте қалған ауыр жағдайлардан қандайда болмасын пайдалы тұсын іліп алып, оны қайтадан еске алмаңыз. Сіздің жадыңызда басыңыздан өткізген жаман жағдайлар, тек сіз ол ойларды қуғанға дейін ғана болады. Одан да аз да болса қолыңыз жеткізген табыстарды еске алыңыз.

4. Кінә мен ұят сезімдері сіздің табысқа жетуіңізге көмектеспейді. Оған берілуге жол бермеңіз.

Slide 8

5. Өзіңіздің мінез-құлқыңыздың себептерін қазіргі жағдайдың физикалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси аспектілерінен іздеңіз.

6. Әрбір оқиғаны әртүрлі бағалауға болатындығын ұмытпаңыз. Шынайылық - бұл әрбір адамның әр нәсеге деген көзқарасы емес, бұл адамдар арасындағы әр нәрсені өз атымен атау туралы келімдерінің нәтижесі ғана. Мұндай көзқарас сізге адамдарға шыдамдылықпен қарауға және кемсітушілік болып көрінетінді шыдамдылықпен бастан кешу

Slide 9

КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ ӨНЕРІН МЕҢГЕРЕЙІК!

Көпшілік алдында сөйлегенде қай-қайсымыз болсақ та уайымдап, қорқыныштың бойымызды билеп алуына жол береміз.

Slide 10

Шешен сөйлеуге арналған 5 көмек:

Бірінші көмек: тыңдармандардың проблемасын шешіңіз.

Аудиторияңызды мазалаған сұрақтарға жауап беріңіз. Өз сөзіңізді де осы проблеманы сипаттаудан бастаңыз. Осы арқылы өзіңіздің біліміңізді көрсетіп, тыңдармандардың назарын өзіңізге аударасыз. Осыдан кейін сол мәселелердің шешу жолдарын айта бастаңыз.

Екінші көмек: тезистерді қысқартып алыңыз.

Көпшілік сөйлеушінің қателігі - айтқысы келген сөзін бірден, жалпылама айта салуы. Өз сөзіңіздің ішіндегі артықтарын алып тастап, тек негізін қалдырыңыз. Айтқыңыз келген ойды бастапқыда бірнеше мәрте қайталап алыңыз. Егер сіздің сөйлеген сөзіңіз тыңдарманға қызықты болса, қалған мәліметті олар өздері-ақ тауып ала алады.

Slide 11

Үшінші көмек: оқиғаны баяндап беріңіз.

Адамдар оқиға естігенді жақсы көреді. Мұны адамдардың интернетте көп отырып, әлдекімдердің оқиғасын оқығанды сүйетінінен-ақ білуге болады. Адам ақпаратты түсіну үшін оған мысал ретінде оқиға қажет, сол арқылы мәселені бірден түсініп алады. Өз сөзіңізді бас-аяғы бүтін оқиға етіп құрастырыңыз. Сіздің сөйлеуіңіз адамдарға жаңа эмоция мен артық білім беруі тиіс.

Slide 12

Төртінші кеңес: ақылгөйсімеңіз.

Айтар мәтініңізді қағазға жазып алып оқып тұрмаңыз. Ең қызықты сөз - бұл экспромт. Тыңғылықты дайындалған экспромт болуы тиіс. Айтар мәселеңізді бірнеше бөлікке бөліп алыңыз да жаттаңыз. Егер өз сөзіңізді өзіңіз түсініп тұрсаңыз - мәтінге қараудың еш реті жоқ. Егер мәтінді жатқа айтамын десеңіз, 99% жағдайда ұмытып қалып, күлкіге айналасыз.

Бесінші көмек: тәжірибе жасаңыз, тәжірибе жасаңыз және тәжірибе жасаңыз!

Сөйлейтін сөзіңізді айна алдында тұрып пысықтаңыз. Сосын жақын адамдарыңыздың алдында сөз сөйлеп дайындалыңыз. Олардың қай сөзіңізге күлгенін, қай сөзіңізді мән беріп тыңдағанын, қай кезде ұйқысы келгенін бақылаңыз. Қай тұста салмақты сөйлейтініңізді, қай тұста жеңіл, яғни әзілмен сөйлейтініңізді ойланыңыз

Slide 13

МАҚСАТ ҚОЮ ЕРЕЖЕСІ

Психологтардың тәжірибесіне сүйенсек, көптеген проблемалар адамдардың өз алдына мақсатты дұрыс қоя білмегендегінен туындайды. Демек, егер мақсат нашар анықталса, оған қол жеткізу тым қиын. Әзірше, мақсат қоюдың екі ережесі беріледі, толық нұсқасында бұл тоғызға жуық.

Slide 14

1. Мақсат оңды құрастырылуы қажет - яғни бұл сіздің қаламайтыныңыз емес, алғыңыз келетініңіз болуы міндетті. Мысалы, «мен өзімді мазақ еткенді қаламаймын» емес «мен өзімді өзіме сенімді адам ретінде көрсеткім келеді». Демек, мақсатты құрастыру аз, оны дұрыс құрастыру маңызды.

Кезінде генерал Эйзенхаур өз жауынгерлеріне «Егер бізге ештеңе бөгет болмаса» емес, «Біз табысқа жеткен кезде» дейді екен.

Slide 15

2. Сіз мақсатты көз алдыңызға жақсы елестетуіңіз қажет. Өзіңіздің бұл мақсатқа қол жеткізуіңіз нені білдіреді? Сіз нені сезінетін, сіз нені көретін, сіз нені еститін боласыз. Өзіне сенімді… (есіміңізді қойыңыз) қалай көрінетінін елестетіңіз, ол қалай сөйлейді, қалай қозғалады, мұнда не сезінеді. Егер өзіңізге қажетті нәтижеге басқа адамдарға байланысты болса, олардың реакциясы қандай: олардың бет-әлпеттерінің қандай болуы қажет, олар не дейді, қандай интонациялар болады және т. с. с.

Алғашқы бапты - барынша саналы, вербалдық бөлік, ол екіншісін - бейсаналық, вербалдық емес бөлік деп айтуға болады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Вариациялық қатардың түрлері
Өсімдіктер селекциясы
Құрастыру үрдістерін жобалау
Мектеп оқу - тәжірибе телімдерінде жүргізілетін тәжірибе жұмыстары
Зияткерлік ресурс
Ресурсты сатып алу
Жоспарлау жұмыстарын бөлудің артықшылықтары
Бюджетті бақылаудың мақсаты - барлық деңгейдегі бюджетке кірістің неғұрлым толық жұмылдырылуын, бюджеттік қаражаттың нысаналы мақсатқа және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету
МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ. МЕНЕДЖМЕНТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Дәріхана ашудың инвестициялық жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz