Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер сотының ерекшеліктері мен рәсімдері


Slide 1

Дәстүрлі қазақ қоғамынадағы билер сотына сипаттама

Slide 2

Ортағасырлық қазақ қоғамының бүкіл құқықтық әлемінде негізгі билік Дала заңының билігі болды. Ал оның қорының сақтаушысы, реформаторы және жүзеге асырушы күші - билер болды. Би, ең алдымен - сот (судья) . Би болатын адамның бойынан табылуы тиіс қасиеттер

Біріншіден, қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті. Мәселен, ол «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа білуі керек.

Екіншіден, би атағынан үміткердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі қажет.

Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт. Ондай билердің атақ-даңқы жөніндегі хабар дала тұрғындары арасына тез таралатын. Кейде билердің баласы да өзінің бойындағы қасиеттеріне қарай би бола алатын. Бірақ мұндай жағдай ілуде бір рет кездесетін.

Slide 3

Сот жасы келген бір биден тұрып, ол өзінің айналасына алтыға дейін тұратын билер тобын құратын. Билер сотының ерекшеліктері:

Билер соты ауызекі сөз жарыстыру түрінде өтетін

Халықтың көз алдында ашық өткізілетін, оған кез келген адам өзінің қалауынша қатыса алатын

Екі би айтысқанда жалпы үкімді шығару үшін Төбеби сайланған.

Slide 4

Би сотының шешімін сұлтандар мен старшындар жүзеге асыратын. Билердің әділетсіз шешіміне шағым жасау ілуде бір рет, өте сирек кездесетін. Би дұрыс үкім шығармаған жағдайда өзінің абыройы мен беделінен жұрдай болып, би атағынан айырылып қалатын. Би өзінің сіңірген еңбегі үшін «бидің билігі» деген сыйақы алатын. Ол кінәлі жақтын есебінен өндірілетін. Сыйақының мөлшері дауда өндірілетін мүліктің оннан бір бөлігіне тең болатын.

Slide 5

Билер сотындағы куәгерлер:

Айыпкердің кінәлі екенін дәлелдеу немесе оны ақтап шығу үшін жұртқа кеңінен танымал кемінде 2-4 адамның куәлігі болуы керек.

Куәлар табылмаған жағдайда адал адамдардың ант ішуіне жүгіну рәсімі қолданылады.

Әйелдердің, үй қызметшілері мен құлдардың, жасы кәмелетке толмаған балалардың куәгер болуына, ант ішуіне рүқсат етілмеген.

Мінез-құлқы нашар адамдар да куәгерлікке алынбайтын

Бұрын өтірік куәлік бергені белгілі болған адамдар да куәгер бола алмайтын

Жасауылдардың еңбегіне төленетін ақы кінәлі жақтың есебінен өндіріп алынатын

Сұлтандар мен елге сыйлы адамдардың куәгерлігі олар ант ішпей-ақ қабылдана беретін.

Slide 6

Ант беру рәсімі:

Айыпкерге тағылатын күнә жеткіліксіз жағдайда ақылдастар алқасының көмегіне жүгінетін болған. Ақылдастар алқасы айыпкерді жақсы білетін, оның адал да әділ руластарынан тұратын болуы тиіс еді.

Олар өздерінің адалдығына ант ішіп, сотқа тартылған адамды не айыптайтын, не ақтап шығатын.

Ақылдастардың саны қаралатын істің қаншалықты күрделі екендігіне байланысты болатын.

Ант ішкізу сот ісінде өтірік айтпауы, жалған куә болмауы үшін жүзеге асырылатын.

Ант ішу талапкерге де, жауапкерге де, куәлерге де бірдей қолданылды.


Ұқсас жұмыстар
Билер мен батырлар институтының XVII-XVIII ғғ. қазақ қоғамындағы рөлі мен құқықтық маңызы
Тәуке ханның Жеті жарғысы: қазақ қоғамындағы рөлі және билер кеңесі
Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері
Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері, түрлері және тарихи билер
Қазақ халқының дәстүрлі үйлену рәсімдері: қыз көру, құдалық және сәукеле
Қазақ отбасы тәрбиесінің дәстүрлі ерекшеліктері мен негізгі бағыттары
Қазақ билері мен билер кеңесінің тарихи рөлі: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
Қазақ билері: Төле, Қазыбек, Әйтеке және билер кеңесінің тарихи-әлеуметтік рөлі
Қазақ дәстүрлі мәдениетінің этикалық құндылықтары мен әлеуметтік-саяси құрылымы
Өлім жазасының тарихи дамуы және қазақ қоғамындағы қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz