Сөйлеу әрекетін үйретуді жазба сөзден бастаған дұрыс



Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университеті Психология және дефектология кафедрасы
Семинар 9
Тақырыбы: Сөйлеу
Орындады: Қуанышбаева Малика ( AH-19-12, ФилД, ИнЯз)
Тексеруші: Маканова Анар Жарулловна (педагогика ғылымдарының магистрі)
Костанай 2020

Жоспар
1. Сөйлеу туралы жалпы ұғым. 2. Сөйлеу және тіл. 3. Сөйлеу түрлері мен қызметтері. 4. Сөйлеу процестерінің 4 түрі: айту, тыңдау, оқу, жазу. 5. Сөйлеу және ойлау. 6. Оқушылар сөйлеуінің дамуы.

Сөйлеу (орыс. речь, говорение) - адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б. ) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент

Адам баласының сана-ссзімінің дамуьшда дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.

Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, әжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т. б. деңгейлері болады.
Негізгі қызметі:
1) ақпараттық коммуникативтік(ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты) ;
2) реттеуші коммуникативтік(адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру) ;
3) аффективтік коммуникативтік(адамның эмоционалдық аясымен байланысты

Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз екінші сигнал жүйесі арқылы тітіркендіру нәтижесінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс және оның жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлініп, олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасқан. Мысалы, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінің орталығы мидың желке бөлігінде орналасқан

Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі - коммуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында кеңінен қолданылады.
Монологтық сөйлеу - сөйлеу әрекетінің кең тараған түрі. Мұнда айтылуға тиісті ой-пікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады, әрбір жайт пен жағдай тыңдаушыларға жете түсіндіріледі. Соған орай ол жүйелі, дұрыс ырғақты, екпінді, бет, дене құбылыстары мен қимыл-қозғалыстар арқылы қажетті сөздерді өзгелерге жеткізудің әдіс-тәсілдерін қамтиды.

Диалогтық сөйлеу - екі немесе бірнеше адамның тілдесуі, оқиға мен болмыс көбінесе, нақты тақырыпқа құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады
Үнсіз (іштей) сөйлеу - адамның практикалық іс-әрекеті мен ой-пікірі жоспарланып, белгілі жүйеге салынуы. Іштей сөйлеуде адамның ерні жыбырлап, тілі қозғалады, дыбыс сыртқа шықпайды. Ішкі сөйлеудің психологиялық мәселелері психолог А. Н. Соколов зерттеулерінде қамтылған.
Жазу сөзі - мұны монологтық сөйлеудің бір түрі деуге болады. Жазу сөзі ауызша сөйлеуге қарағанда, ой-пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде жеткізеді. Сөйлеу әрекетін үйретуді жазба сөзден бастаған дұрыс. Жазба сөз мәдениеті жоғары адам өз ойы мен пікірін ұтымды, бейнелі, әрі түсінікті етіп білдіре алады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz