Күріштен жарма өндіру


Slide 1

Күріштен жарма алу технологиясы. Қарақұмық жармасын алу технологиясы. Тары жармасын алу технологиясы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ

«ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫ

Орындаған:Шолпанбай Ж ТПРП- 309к

Тексерген: Тимурбекова А. К

Slide 2

Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім. 2. 1 Күріштен жарма алу технологиясы. 2. 2 Қарақұмық жармасын алу технологиясы 2. 3Тары жармасын алу технологиясы III. Қорытынды. IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе.

Жарма (Крупа) - дақыл тұқымдастарына жататын бидай, арпа, тары, күріш, жүгері және қарақұмық дәндерін өңдеу арқылы алынатын өнім.

Жарма ретінде бұршақ тұқымдастарының дәндері де пайдаланылады. Жарманың тағамдық қасиеттері жоғары және балалар мен науқас адамдар үшін ерекше жұғымды. Жарма крахмал мен өсімдік белогының негізі болып табылады. Сонымен бірге жармада аз мөлшерде витаминдер, минералды заттар бар. Қазіргі кезде жарма өндіруге арналған механикаландырылған кәсіпорындар бар. Олар дақылдарды ботен қоспадан тазалап, өлшемдері бойынша іріктеп, қабығы мен қауыздарынан арылтып жарма дайындайды.

Slide 4

Күріш негізгі жарма дақылдарының бірі. Күріш дәнінің беті гүлді қабықпен жабылған, оның мөлшері 20% шамасында болады. Ұрықтық және тұқымдық қабықтары жұқа болып келеді, күріштің кейбір сұрыптарының тұқымдық қабықтарының құрамына қызыл-қоңыр пигменттер болады. Тұқымдық ұрықтық қабықтарының мөлшері 4-5%, алейрон қабаты 3-5%, эндоспермі 65-67%, ұрығы 2-3% болады.

Қарақұмық дәнінен ірі жарма (ядрица) және ұсақ жарма (продел) алынады. Ірі жарманы ұнтақталмаған ірі дәннен алады, ол електің 1, 6х20 мм-лік саңылауларынан өтіп 0, 8 мм-лік өтпеген сырғымалар. Қарақұмық дақылының құрамында өзіне тән, тазалау кезінде бөлініп алуы қиынға түсетін қоспалар болады-жабайы шалғам тұқымы, татар қарақұмықы, жетілмеген дән, т. б кездеседі. Саңылауларының мөлшері 3мм електен өткеннің бәрі шөп-шалаң қоспаларға жатады

Көп тараған және сұрыпты ең бағалысы тарыдан алынған жарма болып есептелінеді. Қазіргі кезде тары дәнінен қауыздалған және ажарланған үш түрлі жарма алынады. Олар жоғары, бірінші және екінші сұрыптар болып бөлінеді. Тары жармасының тағамдық құндылығы жоғары және қысқа мерзімде дайындалынады да, піскен ботқаның көлемі 6-7 есе ұлғаяды, ботқаның дәмі, түсі, жұғымдылығы жоғары болады.

Slide 5

Күріштен жарма алу технологиясы.

Күріштің эндоспермі шынылы немесе ұнды болады. Оның құрамында ақуыздың мөлшері өте аз, ал крахмалдың мөлшері керісінше көп. Құрылысының ерекшеліктеріне қарай күріштің ядросы жарылғыш келеді, ал ондай дән ылғалдап, кептіргенде тез ұлғаяды. Жарылғыш дәннің саны көбейген сайын ірі жарманың шығымы азайып, жарылған дәннің және ұнтағының мөлшері көбейеді.

Күріш массасында сарғайған дәндер кездеседі. Олар жарманың тағамдық қасиетін және тауарлық құндылығые нашарлаталы.

Slide 6

Күріш партиясының құрамында бөлінуі қиын қоспалар да кездеседі. Оларға тауық тарысы (куриноепросо), күрмек, дәні ірі жабайы тарылар жатады. Бұл қоспалардың сызықтық өлшемдері күріштің өлшедеріне сәйкес болғандықтан оларды бөліп алу қиын. Бөлінуі қиын заттар тобына тас, құм, кейбір астық дақылдары (арпа, бидай) т. б. жатады. Сондықтан күрішті жарма алуға дайындауда осы қоспаларды түгелдей бөліп алу қажет.

Бұл технологиялық жүйелерде желді елек және желді сеператорларды, жарма бөлгішті, жарма елеуішті, тас бөлгішті және желді бөлгіш үстелді қолданып қоспаларды бөлу, сондай-ақ қажетіне байланысты ылғалдау және булау операциялары атқарылады. Қоспалардан тазаланған күріш екі ағынмен қауыздау бөліміне жіберіледі.

Slide 7

Күріштен жарма өндіру

Дайындалған дәннен жарма алуда қолданылатын технологиялық операциялар.

-дәнді резеңкелі білікті машинада қауыздау

-қауыздалған заттарды падди-машинасында сұрыптау

-ядроны бірнеше рет ажарлау

-жарманы және бөгде заттарды тексеру

Slide 8

Күріштен жарма алу технологиясының негізгі кезеңдері

Жылдам айналатын біліктің жүрісі 9, 2м\сек, жылдамдықтарының қатынасы 1, 4:1 болуы қажет. Біліктердің арақашықтығын қауыздау коэффиценті 85% кем болмауын және 2%-дан көп болмауын қамтамасыз ететіндей қылып белгілейді.

Slide 9

Бірінші дәнді қауыздау. Жарма зауыттарында күрішті резеңке білікті ЗРД қауыздау машинасын қолданып қауыздайды. Бұл машина сапалы қауыздауды қамтамасыз етеді және электр қуатын аз жұмсайды. Күрішті қауыздауда біліктерінде резинасы бар AI-ЗРД қолданылады.

Екінші, қауыздалмаған дәндерді бөлу. Дәнді резеңке білікті ЗРД машинасын қолданып қауыздағанда ұсатылған ядро мен ұнтақталған ұнтақтардың шығымы аз болады. Сондықтан осыны қолданып қауыздаудан алынған заттарды бөлудің әртүрлі сызбасын қолдануға болады. Ең жай сызба бойынша жел сорғышпен ұнтақты, қауызды және ұсақ дәндерді бөліп алып, қауыздалған дәндерді палли-машинада бөледі.

Үшінші, ядроны ажарлау. Күріш жармасын өндіруде жарманың шығымы мен сапасы ядроны ажарлаумен тығыз байланысты. Ұсақ жармалардың көпшілігі осы ядроны ажарлау кезінде пайда болады.

Бөліп алынған жарманы қосымша ажарлап, кейіннен желсорғышпен тексереді. Тас-құм қоспаларын бөліп алу үшін желді бөлгіш үстелді қолданады.

Slide 10

Қауыздау бөлімінің қалдықтарын тексеру.

Қауыздаудан алынған тыс заттар қауыз және ұнтақ. Химиялық құрамы мен жұғымды заттардың мөлшері жағынан ұнтақ құнды заттарға жатады. Ұнтақты құрама жем жасауда қолданылады, ал шет елдерде одан күріш майын алады. Өйткені оның құрамындағы майдың мөлшері 20%-ға жетеді. Елеуішті қолданып ұнтақты №1, 2 сым темір електе елеп тексереді. Оның құрамында ірі ядро мен ұсақ ядроның мөлшері 0, 5%-дан аспауы керек.

Ұнтақ пен ядроны бөліп алғаннан кейін қауыздың құрамы 40% клетчаткадан, 20% минералды заттардан, 2, 5% ақуыздан, 1, 5% майдан тұрады. Қауыздың көлемдік өлшемі 100кг\м³

Slide 11

Дайын заттардың шығымы

Сапасы тұрақты күріштен алынған дайын заттардың шығымы ажарланған немесе жылтыратылған жарма шығарумен байланысты.

Қауыздалған дәнді РС-125 маркілі ажарлағыш поставты қолданып, төрт рет ажарлайды. Бірінші ажарлау жүйесінде AI-БШМ маркілі ажарлаушы машинаны қолданады. Көптеген заттардың көрсеткіштері AI-БШМ машинасының РС-125 машинасына қарағанда ажарлау сапасының жоғары екенін көрсетеді. Бірақ, онда ұнтақталған дән мөлшері көбейеді.

Ажарлауда ядроның сыртқы қабаттары, ұрықтары алынуына байланысты оның химиялық құрамы біраз өзгереді. Ажарлауда 10-15%-дай ұнтақ алынады. Сынық жарманың шығым мөлшерін азайту үшін күріштің шыны дәнін 14, 4-15, 2%-ға дейін 13, 4-13, 6%-ға дейін ылғалдау керек.

Ұсақ ядроны ажарлау үшін бөлек ажарлаушы машина қойылады.

Slide 12

Жарманың сыртқы көркін жақсарту үшін оны жалтыратады.

Жылтырату кезінде жарманың сортын жылтыратады, ұнтақ пен кедір-бұдырлардан тазартады.

Жарманы жылтырату.

Slide 13

Жарманы тексеру.

Ажарланған немесе жылтыратылған жарманы AI-БРУ елеуішін қолданып тексереді. Саңылауы 3, 0-3, 2 мм електен немесе сым темір 2-2, 8 електен сырғып түскен ірі жармадан қауыздалмаған дәнді бөліп алу үшін падди-машинада қосымша тексереді. Өйткені сұрыпты жарманың қүрамында қауыздалмаған дән болмауы керек.

Slide 14

Қарақұмық жармасын алу технологиясы

Қарақұмықтан алынған заттардың жұғымдық және биологиялық құндылығы өте жоғары болады.

Құрмындағы ақуыздың мөлшеріне байланысты олар бірінші қатардағы жармаларға жатады, онда негізгі тапшы аминқышқылдар басқа жармалармен салыстырғанда едәуір көп. Қарақұмық жармасы майға бай келеді, оның құрамында көп мөлшерде витаминдер мен минералды заттар болады. Қарақұмық үш қырлы болып келеді.

Дәннің сыртқы ұрықтық қабықпен жабылған, оның мөлшері дәннің салмағының 15-20%-ын құрайды. Ұрығы өте ірі және дәннің ішінде орналысқан. Ерекшелігіне байланысты қарақұмық жармасы ажарланбайды.

Slide 15

Қарақұмық тұқымының технологиялық ерекшелігі -оның дәндерінің ірілігі мен біркелкілігі.

Майда дән қабығы ядромен тығыз байланысты болғандықтан, қауыздағанда тұтас жарманың шығымы азаюы мүмкін.

фракция

Дәннің ірілігі, мм

Жарманың шығымы, % есебінен

Електен өткені

Сырғыма

Бүтіні

Ұсағы

I

-

4, 5

76, 0

2, 9

II

4, 5

4, 2

76, 1

3, 2

III

4, 2

4, 0

76, 0

3, 2

IV

4, 0

3, 8

73, 1

5, 1

V

3, 8

3, 6

68, 9

7, 7

VI

3, 6

3, 3

66, 0

9, 9

Ірілігі әртүрлі бөлшектерді қауыздаудың сапасы

Slide 16

Қарақұмықты жарма алуға дайындау

Дәнді жарма алуға дайындау үшін қоспалардан тазалайды, булайды және фракцияға бөледі.

Қарақұмықты қоспалардан бөлшектеп бөлу тәсілін қолданып тазалайды. Әр қоспалардан тазалау үшін бірінші және екінші жүйедегі сепараторларға саңылауы үшбұрышты 7, 5-7, 0 мм-лік електерді қолданады. Қоспаларды дәннен мұқият ажырату үшін AI-БРУ елеуіші немесе жарма бөлгіштер пайдаланылады.

Slide 17

Қарақұмықты ылғалдау және булау.

Дәнді булау оның сапасын жақсартады, ұсақ жарманың шығыны 2-3%-ға төмендеп, бірінші сұрыпты жарманың шығымы көбейеді. Бұл операция булау және кептіру, суыту бойынша жүргізіледі.

Дәнді будың 0, 25-0, 30МПа қысымымен 5 минут булап, оны 20-30 минут жатқызып қояды, одан кейін ылғалдығын 13, 0-13, 5%-ға дейін төмендетеді. Оны 20-25°С бөлме температурасына дейіе суытады. Булаудың нәтижесінде дәнді қауыздау сапасы және өндірістік қуаттың тәуліктік қауыздау өнімділігі артады.

Slide 18

Дәнді жармаға айналдыру-дәнді қауыздау алдында бірнеше бөлшектерге бөлу, дәнді қауыздау, қауыздалған заттарды бөлу, жарма мен қосымша алынған заттарды тексеруден тұрады.

Қоспаларды қосымша бөліп алу үшін бөлшекті үшбұрышты саңылауы бар електерді қолданып елейді.

Бөлшектердің фракциясы

Бөлшектерді бөліп алатые електер саңылауының өлшемі, мм

Үш бұрышты саңылауының қабырғаларының өлшемі, мм

Бөлшектердің фракциясы

Бөлшектерді бөліп алатыын еектер саңылауының өлшемі, мм

Үш бұрышты саңылауының қабырғаларының өлшемі, мм

I

4, 5

7, 0

IV

3, 8

5, 5-6, 0

II

4, 2

6, 0-6, 5

V

3, 6

5, 0-5, 5

III

4, 0

6, 0

VI

3, 3

5, 0

Бөлініп алынуы қиын қоспалардан тазалайтын електер.

Slide 19

Дайындау барысында дәендерді булауда қауыздау коэффиценті өседі, ол ұсақ жарманың шығымын төмендетеді.

Қауыздаудан алынған затттард AI-БРУ елеуішінде бөледі. Елеуіште екі бөлімнен қүралған електер орналысқан. Бірінші топтағы електер, қауыздалмаған дәндерді бөліп алу үшін қолданылады.

Екінші бөлімдегі електерді қауыздалған дәндер мен ұнтақтарды бөліп алу үшін қолданылады. Бұл үшін ұзыншық саңылауы бар өлшемдері 1, 6х20мм-лік немесе 2, 8 мм-лік електерді қолданылады.

Slide 20

Дайын өнімдердің шығымы.

Тұрақты немесе негізгі сапалы қарақұмық дәнінен алынатын дайын заттардың шығым мөлшері огы дайындау тәсілімен тығыз байланысты және булауды қолдану немесе қолданбауға тәуелді.

Егер дайындау кезінде дәнді булау қолданылса, онда тұтас жарманың ядрицаның шығымы тұрақты шығымының мөлшерінен көп болады, керісінше ұсақ жармалардың шығымы азаяды.

өнімдер

Жарма алудағы шығым мөлшері, % есебімен

өнімдер

Жарма алудағы шығым мөлшері, % есебімен

Булауды қолдану

Булаусыз

Булауды қолдану

Булаусыз

Бүтін жарма

Қауыз, III категориялық қалдық

Бірінші сұрып

59, 5

52, 0

Қалдықтар

21, 5

20, 0

Ұсақ жарма

5, 0

10, 0

I, II категориялы

Жарманың барлығы

67, 0

66, 0

Қалдықтар

6, 5

7, 0

Жемдік ұнтақ

3, 0

6, 0

кебуі

1, 5

1, 0

Барлығы

100, 0

100, 0

Қарақұмық дәнінен алынатын дайын өнімдердің шығымы.

Slide 21

Жарма шығаруға қолданылатын тары дәндері төрт топқа бөлінеді. Ең құндысына ақ және ақшыл сары түсті дәндер жатады. Олардың қабықтарының мөлшері 20%-дан аспауы керек. Ядросы шынылы тары сұрыптарының ерекшелігі олардың ядросының ерекшелігінде, олардын қауыздалған және ұсақ дәндер шығады.

Гүлді қабықтары тары дәнінің ядросымен бірікпеген, сондықтан қауыздағанда тез ажырайды. Жарма дайындауда тары дәнінің ылғалдылығы 13, 5-14, 5%шамасында болуы керек. Егер одан төмен болса, қауыздауда ұсақ дәндер көп шығады.

Тары жармасын алу технологиясы

Slide 22

Тары дәнін жарма алуға дайындау

Тары дәнінің өзіндік ерекшелігі-оның құрамындағы тазалануы қиын қоспалардың көп болуы. Олардың көбінің қасиеттері тары дәнінің қасиеттерне сейкес келеді. Тары дәнінің құрамында өзі тектес, бірақ одан ұзынырақ келетін дәндер кездеседі. Олардың қабығының мөлшері 50%-дан жоғары болады, қиын қауыздаладыда, жарманың сапасын төмендетіп, шығымын азайтады. Олардың көпшілігін майда дәндермен бірге електің 1, 6х20 мм нөмерін қолданып бөліп алуға болады.

Дәнді дайындау сызбасының құрамына үш қатар желді-елек сепараторлары, қоспаларды қосымша тазалауға арналған тасалғыш машиналары кіреді.

Slide 23

Үш қатар желді-електі сепараторлардың қолданып, ірі қоспаларды бірінші сепараторда 4, 0-4, 5 мм және үшінші сепараторда 3, 0-3, 5 мм електерден бөліп алады. Майда қоспаларды бөліп алу қиынға түсетін болғандықтан, желді-елек сепараторларымен қатар AI-БРУ елеуішін қолданады. Бұл сызба бойынша желді-електі сепараторлардың екінші және үшінші жүйелерінде, одан кейін AI-БРУ елеуішінде майда қоспаларды майда дәндермен бірге 1, 7х20 мм електі қолданып, бірге бөліп алады. Осы қоспадан майда дәнді бөліп алу үшін AI-БРУ елеуішін және буратта қолданады.

Slide 24

Тары дәнінен жарма алу

Жарма алу құрамына дәнді қауыздау, аралық өнімдерді сұрыптау, ядроны ажарлау, жарма мен қалдықтарды тексеру кіреді.

Қауыздауды аралық өнімдерді, әсіресе ядроны бөлі алмай жүргізеді. тары дәнін білік декалы станокты қолданып қауыздайды.


Ұқсас жұмыстар
Гендік модификацияланған ағза (ГМА)
Жармалық шикізаттың сипаттамасы және жарманың ассортименті
Дәнді-дақылдар және олардан алынатын өнімдер
Дәнді дақылдардың құрылысы
ЖАРМА ӨНІМДЕРІН САРАПТАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Дәнді дақылдар туралы жалпы мәлімет
Жүгері, өсу аймағы, түрлері
ҰН, ЖАРМА ЖӘНЕ ЖАРМАЛЫҚ КОНЦЕНТРАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жарма алудың аппаратуралық - технологиялық схемаларын қарастыру
Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz