Еңбек нарығы: ерекшеліктері, қызметі және құрамдастары


Slide 1

Еңбек нарығы экономикасы

Орындаған: Губайдуллина К. М.

Э-19-1

Тексерген: Атирбеков А. Ш.

Slide 2

Жоспар

2

Еңбек нарығы

Еңбек нарығының ерекшелігі

Еңбек нарығының қызметі

Еңбек нарығының құрамдастары

Еңбек биржалары

Slide 3

Еңбек нарығы

еңбек күшін айналымға жіберуге байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы. Жұмыс күші - адамның еңбек ету қабілеті, адам өз қызметінде пайдаланатын дене және рухани қабілеттіліктерінің жиынтығы. Еңбек - бұл оны иеленуші адамнан бөлінбейтін жалғыз тауар.

3

Notes: Иеленуші-адам сату сатып-алу объектісі болып табылмайды, яғни жұмысшы емес, оның еңбекке қабілеттілігі сатылады және сатып алынады.

Slide 4

Еңбек нарығының ерекшелігі

Тауарға - жұмыс күшіне меншіктік құқық оны иеленушіден бөлінбейді.

Сатушы мен сатып алушының өзара қатынасы ұзаққа созылады.

Жұмыс күшінің әртүрлі кәсіптік-біліктілік деңгейі, технологиялармен, еңбекті ұйымдастырудың саналуандылығы, жалдаудың келісімшарттық (контрактілік) жүйесіне көшу және т. б. тауар-жұмыс күшін сатып алу кезінде мәмілелерді жекешелендіру қажеттігін туындатады.

Еңбек нарығына кәсіптік одақтардың, еңбек заңнамасының, жұмыспен қамту мен кәсіптік дайындықтың мемлекеттік саясатының, кәсіпкерлер одақтары мен басқаларының елеулі ықпал етуі.

Ақшалай емес факторлардың орын алуы.

Slide 5

Еңбек нарығының қызметі

экономикалық функция, ол еңбекке қабілетті халықты ұдайы өндірудің оңтайлы үдерісін қамтамасыз етуді білдіреді;

әлеуметтік функция, ол табыстар мен адамдар әл-ауқатының қалыпты деңгейін қамтамасыз етуден құралады.

5

Slide 6

Еңбек нарығының субъектілері

Еңбек нарығының субъектілері кәсіпкерлер (ірі, орта, ұсақ фирмалар), жалдамалы қызметкерлер, кәсіподақтар, сондай-ақ өзінің уәкілетті органдарымен бірге мемлекет болып табылады.

6

Slide 7

Еңбек нарығының құрамдастары

Еңбекке сұраныс - еңбек нарығында ұсынылған жұмыс күшіне деген қоғамдық қажеттіліктердің жалпы көлемін бейнелейді.

Еңбек ұсынысы - халықтың саны және құрамымен (жынысы, жылы, білімі, кәсібі, біліктілігі және т. б. ) сипатталатын жұмыс күшінің жалпы саны.

Жұмыс күшінің бағасы (жалақы) .

7

Slide 8

Еңбекке сұраныс

8

жұмыс берушілердің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті қызметкерлерді қажетсінуін білдіреді. Еңбекке сұранысты бос жұмыс орындары, сондай-ақ жұмыс берушіні қанағаттандырмайтын қызметкерлер орнына оларды алмастырушылар іздестіретін жұмыс берушілер қалыптастырады.

Slide 9

9

еңбек нарығында белгілі бір уақытта белгілі бір баға бойынша ұсынылуы мүмкін еңбек мөлшерін білдіреді. Еңбек ұсынысы бәрінен бұрын оған жасалатын төлемнің деңгейіне байланысты және жалақы шамасына тікелей тәуелді.

Еңбек ұсынысы

Slide 10

10

бұл қызметкерге еңбегі мен жұмыс күші үшін берілетін төлем.

Номиналды жалақы - бұл қызметкердің өз еңбегі үшін алған ақша сомасы.

Нақты жалақы - бұл номиналды жалақыға сатып алуға болатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар жоғары болған кезде номиналды жалақы (ақшаның жалпы сомасы) өседі, ал нақты жалақы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағаларының жылдам өсуінен төмендейді.

Жалақы

Slide 11

Еңбек биржалары

11

- бұл еңбектік жалдау кезінде жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасындағы делдалдар болып табылатын мекемелер. Бұл мекемелер, әдетте, мемлекеттік мекемелер болып табылады.

Slide 12

12

Назарларыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Еңбек жүйесі: еңбек нарығы, еңбек тәртібі және еңбек демалысы
Еңбек нарығы мен еңбек ақы: теориялары, құрылымы және төлем жүйелері
Еңбек ресурстары мен еңбек нарығы: құрылымы, пайдалану көрсеткіштері және жұмысбастылық
Еңбек және оның экономикалық мәні: еңбек нарығы, ұйымдастыру және еңбекақы
Қазақстандағы еңбек нарығы: құрылымы, жалақының қалыптасуы және жұмыссыздық мәселелері
Еңбек нарығы: құрылымы, функциялары және сұраныс пен ұсыныс механизмі
Еңбек нарығы: құрылымы, элементтері, жұмыспен қамту және жұмыссыздық түрлері
Қазақстандағы еңбек нарығы мен жұмыссыздық: құрылымы, себептері және мемлекеттік реттеу
Еңбек нарығы: ұсыныс пен сұраныс, жалақының түрлері мен қалыптасуы
Өндіріс факторлары нарығы мен факторлық табыстар: еңбек, жер және капитал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz