МӘДЕНИЕТ РӘМІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РӨЛІ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТІ: «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРҒЫ
МЕКТЕБІ»
КАФЕДРАСЫ: «ҚАРЖЫ» II ТОП

ОРЫНДАҒАН: ШЕРЕХАН ДИНАРА
ТЕКСЕРГЕН: БИЯЗДЫКОВА КЕНЖЕГУЛ
ТАҚЫРЫП:
МӘДЕНИЕТ РӘМІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РӨЛІ
МЕН МАҢЫЗЫ
ЖОСПАР

1. Коммуникациялық
рәміздерді семиотикалық
талдау
2. Дәстүрлі қазақ мәдениеттіндегі
коммуникaциялық рәміздер
3. Қазақ этномәдениеттіндегі коммуникациялық
бастаулар және олардың рәміздік таңбалық
нысандары
4. Материалдық және рухани мәдениет
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда жаппай жаһандану жүріп жатқан уақытта, қазіргі жер шарындағы халықтардың
айтарлықтай бөлігіөзінің тілінен, ұлттық ерекшеліктерінен айырылуда. Демек, қазақ
этносының тілі мен ділі, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде
өнерінің қазіргі кезеңде сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін міндеті болып
отыр. Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының семиотикалық үрдістері әлі күнге дейін көбіне
классикалық талдаудың талдаудың үлгісінде зерттеліп келеді. Семиотикалық тәсіл дәстүрі
мәдениеттің бірыңғай мәтінін біртұтас коммуникациялық жүйе ретінде, әрбір рәміз- таңбаның
басқа таңбалармен ара қатынасы түрінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі коммуникациялық суреттемелерде ұлтсыздандырылған тұоғасыздандырылған
рәміздерден гөрі этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын рәміз- үлгілер жоғары
бағаланады. Зерттеудің көкейкестілігін " Басқаны түсіну алдымен өзіңде таны!" деген ұстаным
арқылы жеткізуге мүмкіндік бар. Әрбір адамның құнды екендігін мойындау сол адамдарды
тұтастандырып тұрған этномәдениеттің де құндылығын мойындамау болып табылады.

Ұлттық рәміздер Елтаңба мемлекеттік Байрақ, Әнұранымызда айшықты көрініс тапқаны
белгілі. Оларда ұлттық болмыс пен мәденидаму бағдарлары стратегиялық тұрғыдан
түйінделген. Шексіз көкте самғаған қыран, кедергіге тоқтамайтын пырақ, мәңгілікке меңзейтін
ою- өрнек және т.т - бұл кімді болса да толғандырмай қоймайды
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың
мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің
қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл
міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл міндет білім берудің,
мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат
құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын,
Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден
бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін
жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына
сіңіріп өсетіндей еткен жөн» - дейді.
Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.
Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы
да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып
шығармашылық белсенділікке жол ашты.
Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент
Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР

Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық
редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.
ЕГЕМЕНДІ ЕЛДІҢ ӘРБІР АЗАМАТЫ ҚҰРМЕТТЕУГЕ, МАҚТАНЫШ ЕТУГЕ ТИІСТІ РЕСМИ
РӘМІЗДЕРІ БАР. БІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ РӘМІЗДЕРІ - ТУ, ЕЛТАҢБА, ӘНҰРАН. БҰЛ
РӘМІЗДЕР 1992 ЖЫЛЫ 4 МАУСЫМДА ҚАБЫЛДАНДЫ. БІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ТУЫМЫЗДЫҢ ТҮСІ – КӨК. КӨК ТҮС АСПАННЫҢ БЕЛГІСІ. БҰЛ КИЕЛІ ТҰС - БІРЛІК
ПЕН ЫНТЫМАҚҚА ШАҚЫРЫП, БАРЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ҮШІН ӘРДАЙЫМ ТЫНЫШТЫҚ,
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН БЕРЕКЕ СИМВОЛЫНА АЙНАЛҒАН. МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАНЫҢ
ОРТАЛЫҚ ГЕРАЛЬДИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТІ – КӨГІЛДІР ТҮС АЯСЫНДАҒЫ ШАҢЫРАҚ
(КИІЗ ҮЙДІҢ ЖОҒАРҒЫ КҮМБЕЗ ТӘРІЗДІ БӨЛІГІ) БЕЙНЕСІ. ШАҢЫРАҚТЫ АЙНАЛА
КҮН СӘУЛЕСІ СЕКІЛДІ ТАРАҒАН УЫҚТАР ШАНШЫЛҒАН. ШАҢЫРАҚТЫҢ ОҢ ЖАҒЫ
МЕН СОЛ ЖАҒЫНА АҢЫЗДАРДАҒЫ ҚАНАТТЫ ПЫРАҚТАР БЕЙНЕСІ
ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН. ЖОҒАРҒЫ БӨЛІГІНДЕ – КӨЛЕМДІ БЕС БҰРЫШТЫ ЖҰЛДЫЗ, АЛ
ТӨМЕНГІ БӨЛІГІНДЕ «QAZAQSTAN» ДЕГЕН ЖАЗУ БАР. ЖҰЛДЫЗДЫҢ, ШАҢЫРАҚТЫҢ,
УЫҚТАРДЫҢ, АҢЫЗДАРДАҒЫ ҚАНАТТЫ ПЫРАҚТАРДЫҢ БЕЙНЕСІ, СОНДАЙ-АҚ
«QAZAQSTAN» ДЕГЕН ЖАЗУ – АЛТЫН ТҮСТЕС.
ҚАЗАҚ ЭТНОМӘДЕНИЕТТІНДЕГІ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
БАСТАУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РӘМІЗДІК ТАҢБАЛЫҚ НЫСАНДАРЫ

Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар
рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген. Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз
үғым. Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға
болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында
елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе
мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.
Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Жай ғана мысал,
Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі
мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен
эмоция тудырады.Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің үлттық патриотизмді
және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше
екені даусыз.

«Қоғамда Қазақстан - біздің отанымыз, бүл үғымға көп нәрсе кіреді деген қарапайым
ойды қалыптастыру керек» - деп, атап көрсеткен Елбасымыздың сөзі терең ойдан
туындаған пікір. Қай үлттан шыққанына қарамай, әрбір азаматтың парызы ең
алдымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы.
Құрамындағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған
мемлекеттер аз емес. Бүл елдерде патриоттық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда
мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мектептерде сабақ
басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да көптеген іс-шаралар
кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады. Қазақстандық патриотизм елдің
нағыз патриоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне: Туына, Елтаңбасы мен
Әнұранына ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен
қадірлейді және оны басқалардан талап етеді. Қазақстандық патриотизм - өзіңді
республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді,
халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың
парызы мен намысын тәрбиелеу.

Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың дәстүрлі қоғамында
орныққан құндылықтар қатарына, «Отан», «атамекен», «ел-жүрт», «азаматтық борыш»,
«ар-намыс», «адалдық пен әділдік», «азаматтық парыз», «қанағатшылдық пен
жомарттық», тағы басқа үғымдарды жатқызуға болады.

Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше
қадірлейді. Қазақ үшін атамекен - отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық
атрибуты. Сондықтан да халқымыз өз ата-мекенін, Отанын, өз халқы, өз тілін, өз
мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған
тәрбиелеген, баулыған.
Ал, енді саяси тұрғыдан келсек рәміздер – мемлекеттік
тұтастық идеясын білдіреді.
Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің
бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік
рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс -
ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен
байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік
рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси
жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі
Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай
мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан
осы мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы
белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның
әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін құрайды.
Қазақ мемлекеттілігінің үш кезеңін қамтитын рәміздер
тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы
құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
және Қазақстан Республикасы.
Әр тарихи кезеңнің мемлекеттілік билігіне тән белгілерінің өзіндік
ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасының бас рәмізтанушысы
Е.Шәймерденнің пікірінше, елтаңбаның қарапайым пішінінен күрделі
түріне дейінгі дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен. Бірінші кезең,
ерте әлеуметтік белгілердің пайда болуымен сипатталады. Қазақ
қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен салу. Екінші
кезең, таңба белгілерінің қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл деңгейге
дала мәдениетіңің айрықша белгісі болып табылатын тайпалық
таңбалар сәйкес келеді. Үшінші кезең, мөрлердің пайда болуы,
төртінші - рулық таңба, бесінші – аймақтық және қалалық герб,
алтыншы, ең жоғарғы деңгей – ресми бекітілген мемлекеттік
елтаңбаның болуы. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда
пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол
кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты
биліктің жеке белгілері қолданыла бастады.
Қазақ халқы мен мемлекеттілігінің дамуында қазақ жүздерінің
тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет,
жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Олардың
әрқайсысының өз таңбасы болды.
Материалдық және рухани мәдениет
Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет
бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір - бірінен
ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани:
бірі - материалдық өндірістін, екіншісі - рухани өндірістің
өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани
мәдениеттін өнімдері - еңбек құпралдары және көркем
шығырмалар ар түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса
материалдық және рухани мәдениетттік қызметтік
ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі
материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие.
Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның
идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық
нысанда болады, соның нәтижесінде ол объектіге айналуы
мүмкін және қоғамдық өмірдін факторы болып қалады.
Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей - ақ,
тұтас бірлікте алып карауға да болады. Мәселе бұларды
ажырату да емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес,
органикалық бірлігін мойындауда.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кеңпейілділік, кешірімділік, дос­қа адалдық, өзара адами түсіністік қарым-
қатынастар көп қырлы сипатымен адамдардың өздерін өз өмірлерін бағалай
білуге жетелейді. Асан қайғының ойынша, адамның қоғамдағы орны оның
атқаратын іс-әрекеттерінің адамшылық арнадан көрінуі және адамдардың
бірін-бірі бағалай білуіне байланысты. Әсіресе дау-дамайдан, жанжал, ұрыс-
керістерден өздерін сақтауы тиіс. Адамның қадірлі болуының негізі – сол
адамның мінез-құлықтарынан туындайды. Адам өз-өзін тежеп, сабырлы
ұстауы оның беделін арттырады. Философиялық ой ағымымен айтсақ,
адамның бағалы не бағасыз болуы оның өзіне ғана байланысты. Ол өзі ғана
осы қасиетке ие бола алады немесе бола алмайды. Асан толғауының негізінде
қайырымдылық рухы жатыр. Зұлымдықтан, жамандықтан, адам беделін
түсіретін әрекеттерден сақтандыру, бұл орайда маңызды сатылар, тек
қайырымдылық арқасында жағымсыз құбылыстарды тудырмау немесе
болдырмау Асанның болмысындағы әділеттіліктен бастау алады. Асан тыйым­
салып отырған әрекеттердің адамға тигізер зияны көп. Біріншіден, Асанның
өзін ұстай білуге үндеуі коммуникацияда адамның қадірін арттырып, оның
бағалы жақтарына баулиды. Бұл дегеніміз адамның бағасын білдіреді,
мойындатады, яғни коммуникацияға қажетті қасиеттердің сапалы болуын
көздейді.

Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясының мазмұны
Мәдениет тілі
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Коммуникациялық рәміздерді семиотикалық талдау
Көк түс аспанның белгісі
МӘДЕНИЕТ РӘМІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
Мәдениет тілдері
Мәдени код сақтаудағы қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің рөлі
Мәдени код
Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері
Пәндер