Инклюзивті білім беру: кедергісіз орта жобалауындағы негізгі құжаттар мен қағидалар


Slide 1

Инклюзивті білім беру жолдарындағы маңызды құжаттар. Кедергісіз білім беру ортасын жобалағанда есепке алынатын міндетті ерекше қағидалар

Орындаған: Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының І курс студенті Шари Ж. М.

Тексерген: Атем М. Н.

Slide 2

Жоспар:

3. Қағидалар жүйесі

2. Құжаттарға шолу

1. Халықаралық құжаттар

4. Қорытынды

Slide 3

Халықаралық құжаттар - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы - Бала құқықтары туралы конвенция (Нью- Йорк, 20 қараша 1989 жыл) - Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция (Нью- Йорк, 13 желтоқсан 2006 жыл) - Балалардың өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік декларация

Slide 4

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының қазіргі заңнама базасы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық-құқықтық құжаттарының ықпалымен қалыптасты.

БҰҰ өзінің дүниеге келуінен бастап қоғамның неғұрлым осал және соғұрлым аз қорғалған бөлігі ретінде мүгедектер проблемаларына ерекше алаңдаушылық білдіріп келеді. Мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттың басты басымдығы оларды қоғамға кіріктіру саясаты болып жарияланды.

Slide 5

Осыған байланысты, бұл зерттеу үшін мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында базалық принциптерді бекіте түсетін негіз қалаушы халықаралық-құқықтық құжаттарды белгілеу маңызды.

БҰҰ-ның халықаралық алғашқы құжаттарының бірі, қандай да бір айырмашылығына қарамастан үйленуге, меншікті иеленуге, қоғамдық қызмет көрсетуге, әлеуметтік қамсыздандыруға және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын жүзеге асыруға тең қол жеткізуге барлық адамдардың құқықтарын таныған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» болып табылады.

Slide 6

«Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» қамтыған принциптер одан әрі «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы» және «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактілерде, «Ақыл-ойы кенжелеп қалған тұлғалардың құқықтары туралы» декларацияда және «Мүгедектердің құқықтары туралы» декларацияда неғұрлым нақтырақ баяндалды. «Мүгедектердің құқықтары туралы» декларацияда, атап айтқанда, мүгедектер осы Декларацияда баяндалған құқықтардың бәрін пайдалануға тиіс. Осы құқықтарды ешкім де тысқары қалмай және айырмашылықсыз әрі кемсітушіліксіз барлық мүгедектер тануға тиіс . . . » деп көрсетілген.

Slide 7

Кедергісіз білім беру ортасын жобалағанда және үлгілегенде есепке алынуға міндетті ерекше қағидалар:

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Қорытынды: Инклюзивті білім беру пәні даму мүмкіншілігі кешуілдеген балаларға білім беру мәселесін жан- жақты қарастырады. Осыған орай бірнеше заңнамалық, нормативтік маңызды құжаттар ұйымдастырылған. Бұл туралы біз жоғарыда айтып өттік. Яғни, инклюзивті білім берудің объектісі- ерекше балалар үшін ерекше оқу жоспары әзірленуі керек. Сонымен қатар оларға “кедергісіз аймақтар” құру да басты назарға алынған мәселе. Жалпы қандай да бір жасалып жатырған іс шара, құжаттар болмасын олардың түпкі мақсаты даму мүмкіншілігі кешеуілдеген балалардың социумге кірігуі, басқа адамдармен тең құқығының сақталуы болып табылмақ.

Slide 11

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беру: қағидалар мен ұйымдастыру әдістері
Инклюзивті білім беру: тұжырымдама, қағидалар және Қазақстандағы ұйымдастыру
Қазақстандағы инклюзивті білім беру: қағидалар, құқықтық негіз және ұйымдастыру формалары
Консилиум: инклюзивті білім беру жүйесінде мамандардың қызметін ұйымдастырудың негізгі құралы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеуде инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру: принциптері, мақсаттары және Қазақстандағы жүзеге асырылуы
Қазақстанда инклюзивті оқыту мен ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау
Білім беру ортасының анықтамасы, құрылымы және инклюзивті модельдеу
Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық-әдістемелік негіздері
Музыкалық білім беру әдістемесі: типтік бағдарлама мен оқу-әдістемелік құжаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz