Тауар айналысының формасы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Капитал

О Р Ы Н Д А Ғ А Н : Б Е К Б ОЛ А А .
ТОБЫ: ИП-19-3К3
Қ А Б Ы Л Д А Ғ А Н : Ж У М А Н О ВА Г.

Шымкент
Капитал (ағылш. Capіtal – басты
нәрсе‚ негізгі қаржы)
Бұл – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі
немесе адам өзінің тіршілік әрекеті
барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б.
өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған
ресурстар, қосымша құн әкелетін құн.
Капиталға К.Маркстің концепциясында
жан-жақты, терең түсініктеме беріледі.

Маркстің пікірінше, ақша да, өндіріс құрал-жабдықтары
да өздігінен капитал бола алмайды. Олар тек басқаның
ақы төленбеген еңбегін пайдаланып, оның өнімін тегін
иемденген кезде ғана белгілі бір өндірістік қатынастар
құрамында ғана капиталға айналады.
Тауар айналысының формасы: Т – А – Т
Т – А – Т формасында қозғалыс тауар сатудан
басталып, басқа бір тауарды сатып алумен
аяқталады, бұл тауар айналыстан шығып,
тұтынуға түседі. Демек, мұнда ақша иесі оны
біржолата жұмсайды. Тұтыну, өз қажетін
қанағаттандыру – Т – А – Т ауыспалы
айналымның түпкі мақсаты, міне, осындай.
Капитал ретіндегі ақша айналысының формасы:
А – Т – А’
А – Т – А формасында қозғалыс тауарды сатып алудан басталады да,
оны сатумен аяқталады. Бұл процестің бастапқы пункті де, соңғы
пункті де – ақша. Мұнда ақша біржолата жұмсалмайды, тек алдын-
ала жұмсалады. Ақшаның капитал ретіндегі қозғалысының шегі
жоқ. Бір ауыспалы айналымның аяқталуы екінші ауыспалы
айналымның басталуы болады
Капитал ретіндегі ақша
қозғалысының толық түрі
А – Т – А’
мұнда А’ = А + ∆А қосымша құн

Сөйтіп, капитал дегеніміз – бұл өздігінен артатын құн немесе
қосымша құн әкелетін құн.
Сонымен, біріншіден, капитал дегеніміз – зат емес, бірақ
заттар арқылы көрініс табатын және сол заттарға ерекше
қоғамдық сипат беретін, белгілі бір қоғамдық қатынастар
болып табылады.
Екіншіден, барлық элементтері үнемі қозғалыста
болатындар ғана капитал бола алады. Ақша үнемі қозғалыста
болған жағдайда ғана капиталға айналады.
Үшіншіден, капитал дегеніміз жалдамалы жұмысшы
жасаған, өздігінен өсіп, ұлғайып отыратын құн.
Кез-келген ақша өздігінен қосымша құн жасай алмайды.
Капиталист нарықтағы айналыс сферасында тұтыну құны құн
жасай алатын, оған қоса, өзінің құнынан артық құн жасай
алатын тауарды табады. Бұл жұмыс күші деп аталады.

Жұмыс күшінің тауар ретіндегі
қасиеттері:
• Жұмыс күшінің құны - оны
қалыпты, сапалы етіп, ұдайы
өндіруге қажетті тіршілік
заттарының құны болып
табылады.
• Тұтыну құны - қосымша құн
өндіру қабілеттілігі.
Капиталдың әрбір бөлігі құн жасау процесіне әртүрлі қатысып,
оның өсуіне (көбеюіне) әртүрлі үлес қосады. Осы сипатына
байланысты К. Маркс капиталды екі түрге бөлді:
Тұрақты капитал
(С)
Капиталдың, өндіріс құрал-жабдықтарына айналатын және
еңбек процесінде өзінің құн мөлшерін өзгертпейтін бөлігі.

Өзгермелі капитал
(V)
Капиталдың жұмыс күшіне айналатын және өндіріс
процесінде өз құнын өзгертетін бөлігі.
Кәсіпорындарда өндірілетін тауарлардың құнын анықтау
формуласы
w=c+v+m.
Мысалы: тігін фабрикасы костюм тігеді делік. 1 костюмге
кететін заттай шығын:
a) өндіріс үйлері мен ғимараттар (бір костюм тіккендегі) –
100 тенге;
б) машина және басқа еңбек құралдары (бір костюм
тіккендегі) – 200 тенге;
в) шикізат (мата, жіп, электроэнергия және т.б) – 300 тенге.
Барлық заттай және еңбек шығыны = 800 тенге. 1
костюмді тігуге кеткен уақыт – 4 сағат. Жұмыс күні уақыты
– 8 сағат. Демек, бір күнде екі костюм тігеді. Енді екінші
костюмді тіккенде өндіріс иесі – 600 теңге заттай шығын
жасайды. Костюмнің бағасы 800 тенге – 600 тенге = 200
тенге (екінші костюмнен түскен пайда – қосымша құн).
Екінші костюмді сатқандағы баға мен нақты шығынның
айырмасы (200 тенге) қосымша құн болады (төленбеген
еңбек).
Қосымша құн өндірудің үш әдісі бар. Олар:
• Абсолюттік
• Салыстырмалы
• артық қосымша құн.

Абсолюттік қосымша құн – жұмыс
күнінің ұзақтығын арттырып қажетті
жұмыс уақытын өзгертпей бұрынғы
қалпында қалдырады да, қосымша
жұмыс уақтысын ұзартады. Жұмыс күнін
шексіз ұзарту мүмкін емес, себебі тәулік
24 сағаттан тұрады, осыған байланысты
жұмыс уақтысының екі шегі болады:
төменгі және ең жоғарғы шегі.
Салыстырмалы қосымша құн – қажетті
жұмыс уақытын қысқарту және қосымша
жұмыс уақытын соған сәйкес тиісінше
арттыру арқылы алынатын қосымша құн.
Қосымша құнның бұл түрі, тіпті жұмыс күні
қысқарған жағдайда да орын алады.

Артық қосымша құн – жекелеген
кәсіпорындарды ғылыми- техникалық
революцияның нәтижелерін өндіріске
енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру
жолымен алынған қосымша құн. Артық
қосымша құн қандай да бір кәсіпорындар
да жоғалса, басқа кәсіпорындарда пайда
болады.
Капиталдың ауыспалы айналымы – ақшалай
қаражаттың өндіріс пен айналыс аясындағы
қозғалысы‚ бұл қозғалыс барысында капитал
үш сатыдан өтеді.
Негізгі капитал — бұл өндіріс процесіне
тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын
өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік
иесіне ақшалай формада бірте-бірте
қайтып оралатын капитал. Негізгі
капиталға барлық жабдықтардың,
машиналардың, өндірістік
ғимараттардың, құрылыстардың құны
жатады.

Айналым капиталы — өндіргіш капиталдың
бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты
капиталдың шикізат, материалдар, отын,
өндірістің аяқталмаған элементтері және
өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне
жұмсалатын шығын) кіреді.
Инвестиция
(латынша іnvestіre – киіндіру)
Бұл - табыс алу, меншікті капиталын
молайту, елдің материалдық
байлығы мен материалдық емес
сипаттағы қоғамдық құндылықтарын
еселей түсу үшін шаруашылық
жүргізуші субъектілер салатын
инвестициялық қаражат.

Инвестиция екі бағытта пайдаланылады:
1) Нақты инвестиция – материалдық активтерге қаржы
жұмсау;
2) Қаржылық инвестиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Ақшаның мәні мен маңызы
Ақшалар төлем Ақша төлем құралы ретінде құралы
Ақшаның түрлері
АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ ЗАҢЫ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕЙТІН ИНСТИТУТТАР
Толық құнды ақшалар
Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасы
Капитал ретіндегі ақша айналысының формасы
Ақша айналысының заңы, оны реттейтін институттар
Ашаның пайда болуы, мәні және қызметтері
Ақша – айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ
Пәндер