Есептеу жүйелерін вирустан



Презентация
Есептеу жүйелеріндегі құжат айналымын қорғау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ» КАФЕДРАСЫ
Орындаған: Айдаулет Б. Е.
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Ельбергенова Ғ. Ж.
Шымкент 2020

Ақпаратты қорғау - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді.
Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдас-тырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Есептеу жүйелеріндегі ақпараттарды жазуда ең көп қолданылатын бағдарламалар
Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
"1С: Бухгалтерия" - ТМД-да бухгалтер-лік есепті автоматтандыру үшін ең танымал шешімдердің бірі. Өнім "1С" - 1С: Франчайзинг фирмасы серіктес-терінің желісі арқылы таралады.

Есептеу жүйелеріндегі ақпаратқа зақым келтіретіндер
Вирустар. Бұл басқа программалар мен файлдарға өз көшірмесін автоматты түрде кірістіре отырып, файлдарды «бүлдіретін» компьютерлік шағын бағдарлама (1-2 Кб) немесе макрос. Зақымданған мәліметтерді жедел жадқа жүктеуде онда орналасқан басқа файлдарға өтіп, оларға да зақым келтіре алады.
Өзге пайдаланушылар. Жалпыға бірдей таралмауы тиіс мәліметті басқа да пайдаланушылардың әртүрлі жолмен ұрлауы, ақпаратты жариялауы, бұзуы немесе басқа да есептеу жүйесіне зиян келтіретін әрекеттер жасауы мүмкін. Бұл да есептеу жүйесіндегі ақпарат ағынына зиянын тигізеді.

Компьютерлік вирустар - бұл жұмыс істеп тұрған есептеу ортасында өзінен өзі көбеюге және өзінен өзі түрленуге қабілетті және пайдаланушы үшін қажет емес әрекеттерге әкелетін бағдарламалар тобы. Әрекеттер бағдарлама жұмысының бұзылуымен, экранға бөтен хабарламалар немесе суреттердің шығуымен, жазулардың, файлдардың, дискілердің бүлінуімен, компьютер жұмысының баяулауымен және басқаларымен сипатталады.
Есептеу жүйелеріне
зақым келтіретін вирустар
Вирусқа нақты анықтама беруге талпынған кезде пайда болатын негізгі қиындық - вирустың барлық ерекше белгілері не вирус болып табылмайтын басқа бағдарламаларға тән (басқа объектілерге енуі, жасырыңқылық, мүмкін қауіптілік және басқалары), не жоғарыда көрсетілген ерекше белгілері жоқ вирустар бар (таралу мүмкіндігінен басқа) .

Есептеу жүйелерін вирустан қорғау
Компьютерді және файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустар-дан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет. Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар орнату керек. . Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар анти-вирустық программалар деп аталады. Осындай антивирустық програм-маларды жасаған орыстың атақты ғалымдары Д. Лозинский, Д. Мостов, А. Данилов, Касперский болды. Қазіргі кезде вирусқа қарсы программалардың бірнеше түрлері бар.

Детекторлар -бұлардың міндеті вирустарды табу. Мұндай программалар қазіргі кезде көп қолданылмайды.
Полифагтар- бұлар вирустарды табады және олардан емдейді. Өте қуатты полифаг- сканерлер И. Данилов құрған Dr. Web(Doctor Web) және Д. Лозинский жасаған Aidstest программалары болып табылады. Бұлар вирустарды жақсы айырады бірақ вирусқа қарсы күресетін құралдары басқа вирусқа қарсы программаларға қарағанда анағұрлым аз. Қазіргі кезде кеңнен пайдаланып жүрген Е. Касперский жасаған антивирустық программа вирусқа қарсы бірден-бір сенімді программа болып табылады.
Ревизорлар-бұлардың міндеті программалардың, каталог-тардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін-әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру. Д. Мостов жасаған ревизор-программа ADif кеңнен танымал, бұл программа ақпараттың тұтас сақталуын бақылауға және вирустардан қорғауға арналған.
Есептеу жүйесінің қауіпсіздік сақшылары

Касперский антивирусы
Eset Nod32 антивирусы
AVG AntiVirus
Comodo Internet Security
Avira Security Suite
Avast Antivirus
Panda Antivirus
360 Total Security
Microsoft Security Essentials
Кең тараған антивирустар

Есептеу жүйелеріндегі ақпаратты антивирус арқылы вирустардан қорғауға қойылатын талаптар
Табылған вирустарды антивирус программа базасына жеткізіледі. Ол вирустық қасиетке ие болып зияны болса, база сигнатурасында тіркелсе келесі бұйрықтарды орындауға мүмкіншілік болады: 1. Вирустанған (инфицированный) файлды жою. 2. Вирустанған файлдың басқа барлық файлға байланысын жою. 3. Карантинға енгізу(Антивирустың критериясы бойынша вирустың таралуы қауіпінен оны қолдануға мүмкіншілк бермейді) . 4. Файлды тазарту, яғни енген вирусты жою. 5. Ешқай бұйрық орындалмайтын жағдайда оны операциялық жүйенің келесі перезагрузкасында ғана вирусты толығымен жоюға болады.

Антивирустық бағдарлама құраушылар оны 3-4, 7-8 немесе одан да көп күндер сайын жаңартып отырады. Ол - көбінесе интернет арқылы жүзеге асырылатын процесс. Бірақ рекомендациялар программаны жиі-жиі жаңартып отыруды дұрыс әрі қауіпсіз деген тұжырым айтады. Кейбір продукттар бірнеше ядролы болып келеді. Оларды программа-тыңшы(шпион) мен кәдімгі зиянды вирустарды табуға арналған. Мысалы NuWave Software 5 ядролы, 3-уі вирустарды ал 2-уі шпион-программаларды табуға арналған.

Адам - есептеу жүйесіне зақым келтіруші
Адамдардың қорғалған ақпаратқа тигізетін
қауіп-қатерлері.
Ақпаратты рұқсатсыз пайдаланады
Есептеу
жүйесін
бұзады
Ақпаратты өзгелерге таратады
Ақпараттың құрылымын өзгертеді
Авторлық
Құқықты
бұзады
Есептеу техникасын өзгертеді
Есептеу базасының жұмысына зақым келтіреді

Хакер деген кім өзі?
"Хакер" (ағылш. hack деген сөзінен) деп, әлемдегі ең ірі әрі күрделі саналатын компьютерлік желілерге кіруге қол жеткізген, өзінің электрондық саладағы білімін жаңа идеялар енгізу арқылы дәлелдейтін және де технологияның даму мәдениетін егжей-тегжейлі білетін адамды айтады. Алайда көпшілік үшін қандай да бір электрондық жүйеге заңсыз шабуыл жасаған адам біздің қоғамда «хакер» деген атқа ие болған.

Тәртіп белгілеу - қорғалатын ақпаратты сақтау және жіберу кезінде қорғау стандарттары мен нормаларын үлкен дәрежеде орындауды автоматтандыру.
Еріксіз көндіру - ақпараттық жүйе қызметкерін немесе қолданушысын қорғалатын ақпаратты сақтау немесе жіберу кезінде еріксіз өңдеу ережелерін сақтауға көндіру арқылы орындалатын қорғаныс тәсілі.
Есептеу жүйесіндегі
ақпаратты қорғау әдістері

Аппараттық амалдар - есептеуіш техникаға қондырылатын құрылғы немесе онымен стандартты интерфейс арқылы байланысатын құрылғы.
Физикалық амалдар - қаскүнемнің физикалық енуіне қарсы тұратын әр түрлі инженерлік құралдар және құрлығылар, ол персоналға материалдық, қаржылық және ақпараттық құралдарын заңға қарсы әрекеттен сақтайды. Физикалық амалдардың мысалдары: есіктегі кілттер, терезелердегі тор, электронды қорғаныс сигналдар қою амалдары және т. б.

Файлға құпиясөз қалай қоюға болады?
"Файл"-"басқаша сақтау"опциясын таңдаңыз. Пайда болған терезеде "қызмет" түймесін басып, "жалпы Параметрлер"опциясын таңдаңыз.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz