Темперамент туралы жалпы ұғым



ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы : Темперамент
Орындаған:Абдуали Алина
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Жандабаева И
Шымкент 2020

Темперамент

Темперамент
Жоспар:
1. Темперамент туралы жалпы ұғым
2. Темпераменттердiң психологиялық сипаттамасы
3. Темпераменттердi тәрбиелеу мәселесi

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы

Ежелгі Греция ғалымы, дәрігер Гиппократ
Төрт түрлі сұйықтықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған, ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Темпераменттер төрт түрлі сұйықтық заттарға байланысты: денені жылытатын - қан, салқындататын - шырын, құрғататын - бауырдағы өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ) .

Организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (лат. “сангиус” - қан), ал шырын басым болса (гр. “флегма” - шырын) флегматик темпераменті деп, ал организмде қара өт басым болса меланхолик (гр. “мелайне - холе” - қара өт), сары өт басым болса, холерик (гр. “холе” - өт) темпераменті деп те аталды.

Темперамент
Холерик
Флегматик
Сангвиник
Меланхолик

Сангвиник
-Ширақ
-Жүйке жүйесі күшті
-Қозуы мен тежелуі тең
-Қозғалғыш адам
Флегматик
-Жүйке жүйесі күшті
-Қозғалысы баяу
-Қозуы мен тежелуі тең
Холерик
-Ұстамсыз
-Жүйке жүйесі күшті
Меланхолик
-Жүйке жүйесі әлсіз
И. П. Павлов бойынша адамның жүйке жүйесінің типтері

Темпераменттердің түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша)
Жүйке жүйесінің типтері (И. П. Павлов терминологиясы бойынша)
Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері
Күші
Тепе - теңдігі
Қозғалғыштығы
Холерик
Сангвиник
Флегматик
Меланхолик
Ұстамсыз тип
Ширақ тип
Баяу тип
Әлсіз тип
Күшті
Күшті
Күшті
Әлсіз
Тең емес (қозуы тежелуінен басым)
Тепе - тең
Тепе - тең
Қозғалғыш
Баяу қозғалады

Темпераменттің конституционалдық негізін салғандар: Э. Кречмер, У. Шелдон. Бұл теорияға сәйкес адамдардың темпераменті дене бітіміндегі айырмашылықтармен анықталады. Осыған байланысты дене бітімінің төрт типін Э. Кречмер ажыратты.

Холерик
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады. Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді.

Флегматик
Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процестер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.

Сангвиник
Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиникте жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады

Меланхолик
Бұл темперамент өкілінде психикалық процестер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады.

Әртүрлі типтегі адамдарға мамандық таңдауда
берілетін кеңестер

Жұмыстың типі: жұмысқа деген үлкен қабілеттілік,
ортаға тез бейімделеді, бір мезетте бірнеше жұмысты орындай алады.
Жаңа жұмысқа үлкен қызығушылықпен кіріссе де тез суып қалады, жаңа бір жұмысқа ауысқысы келіп тұрады. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы.
Жауапты және қауіпті жерлерде жақсы жұмысшы. Жаңа мамандықтарды тез меңгере алады. Қол астындағы сангвиник жақсы жұмыс жасау үшін оның алдына үздіксіз жаңа да қызықты тапсырмалар қою шарт
Сангвиник
Сәйкес келетін мамандық түрі: менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяршы, инженер- технолог, жақсы жүргізуші, із кесуші т. б

Жұмыстың типі: үлкен энергия жұмсайтын жұмыс түрлері сәйкес келеді. Қиындықтар мен кедергілерді оларды жеңуді ұнатады. Жұмысқа тез кіріседі. Жоспарын іске асыра алады. Біреуге бағынғаннан гөрі өз бетінше жұмыс істегенді ұнатады. Айтқаннан қайтпайды. Холерикпен жұмыс жасағанда байқау керек, ескертпелердің орнына қателіктерін түзейтін тапсырмалар берген жөн.
Холериктер флегматиктермен, меланхоликтермен жақсы жұмыс жасай алады, бірақ екі холерикті біріктіруге болмайды, олар бақталасып, шиеленіске келіп қалуы мүмкін.
Сәйкес келетін мамандық түрі: телеоператор, әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, керемет ұшқыштар, каскадерлер т. б
Холерик

Жұмыстың типі: флегматик жұмысқа да, оқуға да жәйбасар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz