Ядролық қару жаппай қырып - жою қаруы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» КАФЕДРАСЫ
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары
және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі
( Бұқаралық ақпарат құралдарына шолу )
Орындаған: Айдаулет Б. Е.
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Сембиева Ш. Б.
Ядролық қару
жаппай қырып-жою қаруы.
Ядролық қару жаппай қырып-жою
құралы ретінде қысқа мерзім ішінде
• әкімшілік орталықтарды
• өнеркәсіп және әскери нысандарды
• әскерлер тобын
• флот күштерін талқандау
• қоршаған ортаны радиоактивтік
ластандыру
• жаппай бүлдіру, суға батыру
мақсаттар үшін қолданылады.
Ядролық қару адамдарға күшті
моральдық және психологиялық әсер
етеді.
https://e-history.kz/kz/contents/view/1345 сілтемеден алынған дерек:
«Н.Ә.Назарбаев тарапынан жүргізіліп келе жатқан сыртқы саясаттың ең
бастысы ядролық қаруға қарсы Қазақстанның өзіндік көзқарасы болып
табылады. Ядролық қарудың жарылыстарын және де төл территориямызға
орналастырылған осындай қару тиеген зымырандардың орны толмас апатын
ондаған жылдар бойы толығынан басынан кешірген Қазақстанның
егемендігіне қол жеткізген күннен бастап – ақ сыртқы саясатының басты
бағыты өзіндегі Кеңес Одағынан қалған ядролық қаруға деген қатынасты
айқындау мәселесі болды. Міне сондықтан да Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның
Президенті болып сайланған алғашқы күннен шарасыздыққа түсіп, өз жерінде
ядролық жарылыстардан зардап шеккен халқының тілегі мен сұранысына
сай Семей ядролық сынақ алаңын жабу, сонымен қатар республика
территориясында молынан орналастырылған аталған қару түрлерінен
аластау мақсатындағы аластау жұмыстарының бастаушысы және жетекшісіне
айналды. Нәтижесінде қысқа мерзімде “Елбасының бастамасымен
дүниежүзіндегі ең ірі Семей ядролық полигоны біржолата жабылып,
ядролық қарудың әлемдегі төртінші арсеналы жойылды. Қазақстан әлем
тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел болды.»
Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтің қызметін де айта кеткен жөн. http://
www.akorda.kz сайтында жарияланған
мақаладан үзінді:
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
«Ядролық қарусыз әлем және жаһандық
қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын»
тапсыруға арналған салтанатты рәсімге
қатысты.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев аталған сыйлықты бұл
марапатқа қайтыс болғаннан кейін лайық деп
танылған МАГАТЭ-нің бұрынғы бас
директоры Юкия Аманоның жақындарына
және Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей
тыйым салу туралы шарт ұйымының
атқарушы хатшысы Лассина Зербоға
тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл іс-
шараның Ядролық сынақтарға қарсы
халықаралық күн мерекесімен тұспа-тұс
келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті»
http://ult.kz/post/kazakstanyadrolykkarusyzalemushin сілтемесінен:
«2016 жылдың 30 қарашасы, сағат 15.00-де ҚР Мемлекеттік орталық
музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу
аясында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл
толуына арналған «Қазақстан – ядролық қарусыз әлем үшін» атты көрме
ашылады.
Көрмеге Орталық музей қорындағы материалдармен бірге ҚР Президенті
мұрағаты мен «Невада-Семей» халықаралық халықаралық қозғалысы
комитеті ұсынған материалдар қойылып, «Ғылым Ордасы» Орталық
ғылыми кітапханасының Семей ядролық полигонына арналған кітап
көрмесі ұсынылады.»
«Егемен Қазақстан» газетінің «Қазақ елі –
ядролық сынақ зардаптары» мақаласынан:
«Әріге бармай-ақ қояйық, атом бомбасынан
қазақтың да көрген азабын айтып тауысу
қиын. Кеңес Одағы артынша Семейде 1949
жылдың 29 тамызында 22 тонналық ядролық
бомбаның алғашқы сынағын өткізді.
Жергілікті уақыт бойынша 07:00-де болған
қуатты жарылыстан аймақ бір мезетте
радиациялық күлге оранды...
Мәліметтер бойынша Семей жерінде 40 жыл
бойы сынақтан өткен ядролық зарядтардың
жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом
бомбасынан 2,5 мың есе асып түседі екен.
Яғни, бір мезетте 350 млн адамның өмірін
жалмауға қауқарлы. Осы 40 жыл уақыт
аралығында бас-аяғы 470 ядролық қару
сынақтан өтті. Оның 118-і жер үстінде болса,
қалған 352-сі жер астында өткізіліпті.
«Қазақ елі – ядролық сынақ зардаптары» мақаласынан:
КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрі негізінен Семей
полигонында өтті (500 ядролық сынақ жасалды). Бұл әлемдегі барлық
сынақтардың үштен бірін құрайды. Ол негізінен еліміздің солтүстік-шығыс
және орталық аудандарына экологиялық зиянын тигізді. Семей полигонында
өткізілген соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында болды.
Осыдан кейін, яғни 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жабылды. Еліміз егемендігін
алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан
алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды.
Одан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, зардабын бүгінгі ұрпақ әлі де
тартып келеді. Мамандар оның зияны кемінде 5-6 ұрпаққа жалғасады деген
болжамдар айтады. Жалпы бұл радиациядан зардап шеккендердің саны 2
млн. адамнан асады.»
Елбасының осы бағыттағы өлшеусіз қызметі
туралы
АҚШ экс-Президенті Барак Обаманың мына
баяндамасы
http://www.americaru.com сайтында жариялады:
“Президент Назарбаев әлемдегі ядролық қаруды
таратпау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мәселесінің үлгілі жетекшілерінің бірі болып
табылады. Қазақстан мемлекеттің ядролық
қарудан бас тарта отыра қауіпсіздігін берік
қамтамасыз ету мен экономикалық өркендеуге
жетісе алатындығының жарқын үлгісі болып
табылады. Ядролық қарудан бас тарта отыра
қазақстандықтар аймақтың барлық
мемлекеттерінен кепілдік алды, ал осының өзі
Қазақстанның аймақтағы ең тұрақты ел болуына
жағдай жасады. Ядролық қарудан бас тарта отыра
Қазақстан мүмкін болар оқшауланудан елден
халықаралық экономикаға ашық және шетел
капиталын өзіне тартатын елге айналды.”
https://e-history.kz/kz/contents/view/1345 сілтемесінен алынған дерек:
«АҚШ Конгресінің мүшесі Эни Фалеомаваеганың-: “2011 жылы АҚШ Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ерлік қадамының 20 жылдығын атап
өтті. Қазақстан Семей ядролық сынақ полигонын жабу арқылы айырықша
батылдық танытты. ... Осы орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың саяси күш-жігерін ерекше атап өткен жөн. Білуімше, сол үшін
Қазақстан халқы Елбасын бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсыну
бастамасын көтерді. Алайда, осы уақытқа дейін Нобель комитеті бұл сыйлықты
тек ядролық полигондарға инспекция жасаған, не болмаса, осы салада
ынтымақтастық орнатқаны үшін беріп келген еді. Ядролық қаруды саяси
тұрғыда жойғанына орай, ондай сыйлық әлі де бірде-бір адамға
тағайындалмаған. Сондықтан мен Қазақстан халқының бастамасына қосыла
отырып, Нобель комитетін Н.Назарбаевты осы атақпен наградтауға
шақырамын,” - деген бастамасы Қазақ елінің Басшысының Әлемді ядролық
апаттан арашалаудағы атқарып отырған қызметіне нақты айқындама екендігі
белгілі. Осылардың ішіндегі Елбасының ядролық қаруды толығымен және де
мәңгілікке жою жолындағы өзіне дейін ешкім атқара алмаған еңбегіне барша
адамзаттан, болашақ ұрпақтан ризашылық сезімі туатындығына ешқандай
күмән болмайтындығы қазірдің өзінде айқындалып отырғандығы ақиқат. Олай
болатын болса Н.Ә.Назарбаевты “ХХ ғасырдың соңы –ХХІ ғасырдың басындағы
әлемдік тұрғыдағы бейбітшілік ісіне зор үлес қосушы аса көрнекті саяси және
мемлекет қайраткер” деп есептеуге толық негіз бар.»
Қазақстанның тұңғыш Президентінің мақаласы Ядролық
қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында АҚШ-тың «The
Hill» атты күнделікті саяси газетінде жарияланды.
«Соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық,
химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде
ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін
қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл
адамзаттың қырылуына алып келеді. Жаппай қырып-
жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми
жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын
халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу
маңызды», – деп орынды ұсыныс білдірді. Шындығында
әлем елдері жеке мүддесі үшін жанталаса қаруланып,
адамзатқа ортақ мүддені назардан тыс қалдырып
отырған секілді. Мұндайда бір елдің тәуекелге барып,
өзгелерге үлгі ұсынуы, жалпы адамзаттық мүдде үшін
әрекет етуі кез-келгеннің қолынан келе бермейтін
көрегендік. Мемлекет басшысының манифесі туралы
әлемге белгілі сарапшылар, мамандар оң пікірлерін
білдірді.
Қазақстанның тұңғыш Президенті
Н.Назарбаевтың «Ядролық қарусыз әлем
қалыптастыру» атты халықаралық
конференцияның пленарлық отырысында
сөйлеген сөзінен:
«Қазірде бірыңғай үндеулермен ғана шектелмей, планетамызды ядросыз
болашаққа қарай нақты істермен алға бастырудың маңызы айрықша зор. Ол
жер тұрғындарының болашақ ұрпағының бақыты мен өркендеуі үшін, бүкіл
елдер мен халықтардың мүддесі үшін қажет. Ядролық қару туралы ортақ
конвенцияның талдануы және қабылдануы бұл бағыттағы нақты қадамдардың
бірі болып табылады. Сіздер қолдау көрсетеді деп үміттенемін. Ол ядролық
қаруды орнатуға тыйым салып, оның ішінде оған ие елдер үшін де оны жоюдың
нақты мерзімдерін белгілеуі тиіс. Сонымен бірге, біз ядролық қаруға заңнан
тысқарылық мәртебесін беретін өзге де заңдық тұрғыда міндеттейтін
құжаттардың қабылдануын жоққа шығармаймыз. Жаһандық ядролық
қарусыздануға қосқан біздің еліміздің үлесіне және менің жеке өзімнің
қарапайым үлесіме берілген жоғары бағалар үшін тағы да зор ризашылық
сезімімді білдіргім келеді.»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz