Бәсекенің пайда болу шарттары


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ» КАФЕДРАСЫ

Бәсеке

Дайындаған: Айдаулет Б. Е.

Тобы: ИП-19-3к2

Қабылдаған: Жуманова Г. М.

Шымкент

Slide 2

Бәсеке (лат. concurred -қақтығысу) - өнім өндіру мен өткізудің экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы сайыс.

Бәсекенің пайда болу шарттары:

Бір өнімдіөндірітін бірнеше өндіруші болуы;

Шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайын иелік ету үшін таласу;

Көбірек пайда табуға ұмтылу.

Slide 3

Классикалық бәсеке. Негізін қалаған: А. Смит.

Қасиеттері:

еркін

жетілген

Бағалық

Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады.

Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде XVIII-ші ғасырда XIX-шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалды.

Бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн) тууына дейін болған.

Slide 4

Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке теориясында айқын көрінді. Оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967 ж. ж. ) болды.

Классикалық (еркін) бәсекенің орнына

еркін емес;

жетілмеген;

бағалық емес;

монополиялық бәсеке келді.

Slide 5

Бәсекенің түрлері

Жүргізу тәсіліне қарай

Бағалық

Бағаны өзге қарсыластарымен салыстырғанда арзандату

Бағасыз

Сапасы, жарнама, сервис көрсету арқылы

Ниет тәсілдері бойынша

Адал бәсеке

Ниетсіз бәсеке

Нарық бойынша

Жетілген бәсеке нарығы

Монополиялық бәсеке нарығы

Олигополиялық бәсеке нарығы

Таза монополия нарығы

Slide 6

Жетілген бәсеке нарығы - кез келген ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы сұрынысты және тауар бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады.

Slide 7

Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі «монос» бір, «полео» - сатамын) - көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады. Өнімдері бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша ажыратуға болады. Сатып алушылар осындай көрсетуі бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады.

Slide 8

Олигополия (гр. olіgos - аздаған және poleo - сатамын‚ сауда жасаймын) - рынокта аздаған ірі компаниялар мен бірқатар шағын фирмалар әрекет ететін жағдай. Олардың әрқайсысының өнімі ұқсас үрдісте болады. Мұндай рынокқа басқа фирмалардың (компаниялардың) кіруі әдетте қиын болады‚ ал бағаны бақылау олардың бір-біріне тәуелділігі себепті шектелген. Жеткізуші бағаны төмендетпейді‚ өйткені оның бәсекелестері дереу бағаны түсіреді. Бұдан сатып алушы ұтады. Бағаны көтерудің де мәні жоқ - рыноктан айырылып қалуы мүмкін. Бәсеке бағадан тыс салада - жарнамада‚ өткізімді ынталандыруда‚ сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуде‚ кепілдіктер мен несие беруде пайда болады.

Slide 9

Таза монополия нарығы, онда бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады және ол өнімді соған жақын ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық қолдану кәсіпорындары қызмет жасауы мүмкін: жергілікті телефон байланысы, электр жүйесін жөндеуші және басқада қоғамдық қызмет жасау жүйелері.

Slide 10

Кәсіпорындардың көшілігі жетілмеген бәсеке жагдайында жұмыс істейді. Мемлекет антимонополиялық заңнама аркылы бәсекені қолдауға тырысады, монополия мен олигополйяның шаруашылық қызметтеріне араласып, монополиядан айыру саясатын жүргізеді.

Сот практикасы рынокта қандайда бір тауардың 50 пайыздан көбірегін сататын неше түрлі фирма, артель немесе тресті монополист деп санайды. Рынокты монополиялап алуға тырысқандар бір жыл түрмеде отыруға немесе ақшалай ірі айыппұлмен жазаланатын.

Slide 11

Бәсекені дамыту, монополисте қызметті шектеу жоніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу үшін 1991 жылы антимонопо-лиялық саясат жонінде Қазақстан Республикасының Мемле-кеттік комитеті қүрылды.

Антимонополиялық саясаттың артықшылығы:

баға саласында мемлекеттік саясатты өзірлеу жөне іске асыру, бесекені дамыту, монополиялық қызметті шектеу, түтынушылардың қүқықтары мен мүдделерін қорғау;

тауарларға баға мен тарифтерді, табиғи монополияның және мемлекеттік органдар субъектілерінің жүмыстары мен қызметтерін реттеу.

Slide 12

Бәсекеге қабілеттілік - берілген нарықта ұсынылған аналогті объектілермен салыстырғанда белгілі бір қажеттілікті нақты немесе ықтималқанағаттандыру дәрежесімен сипатталатын объектінің өзіндік ерекшелігі.

Теория мәліметтері кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің оның экономикалық әлеуетіне қатысты өзара іс-қимылының әр түрлі аспектілерін зерттейді. Осындай іс-әрекеттің маңызды аспектісі кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін оның экономикалық әлеуетінің қалыптасуы негізінде қамтамасыз ету болып табылады.

Slide 13

нарық мөлшері;

нарықтың өрлеу қарқыны;

қуаты;

баға;

тауарды стандарттау деңгейі;

икемді технологиялық модульдер;

қажетті капиталдық салымдардың мөлшерлеріне талаптар;

ауқымдағы үнемдеу;

өнім ассортиментінің тез жаңартылуы.

Бәсекелік күреске ықпал ететін факторлар:

Slide 14

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен қалыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:

• Баға;

• Сапалық;

• Жаңалық;

• Жарнама;

• Пайдалану сенімділігі;

• Көркемдеу, мәнерлеу;

• Буып-түю, т. б.

Slide 15

Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:

• бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;

• саланың салыстырмалы баяу өсуі;

• үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдык корлар құны түріндегі тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;

• дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше - конверсия шығындары) ;

• қуаттардың секірмелі өсімі;

• жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.

Slide 16

Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде, 3-ке болып бөлінеді.

микродеңгейлі

(өнімнің сапасы мен бағасын көрсетеді)

мезодеңгейлі (салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартады)

макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т. б. көрсетеді)

Slide 17

Бәсекеге қабілеттіліктің бірінші деңгейі:

• маркетингті басқарудың жақсы жағдайда басқаларына қарағанда неғұрлым маңызды функцияларының бірі ретінде түсіну.

• қарапайым бағалық бәсекеге деген көзсіз сенім.

• нарықты зерттеуге деген айрықша немқұрайдылық. Бұндай кәсіпорындарда маркетинг таза өткізушілік жұмыс ретінде қабылданады;

• жұмыскерлердің біліктілігі мен ынтасына, персоналды басқару мәселелеріне көңілдің жеткілікті бөлінбеуі.


Ұқсас жұмыстар
Бағалық бәсеке
Нарықтық механизмнің басты элементі ретінде
Кәсіпорын экономикасына қатысты класстар және анықтамалар
Бәсеке түрлері
Бәсекенің моделі
Нарықтық құрылымның жіктелуі
Бәсекелік күрес деңгейін талдау
НАРЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕ
Субъекті иеленуіндегі қатер тудыратын факторлардың ролі және олардың қатерге тигізетін әсері
Бәсеке
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz