Желтоқсан құрбаны


Slide 1

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ҚАЙТА ҚҰРУ» САЯСАТЫНЫҢ СИПАТЫ. КСРО-ның ЫДЫРАУЫ

Орындағандар: Айдаулет Б.

Данияр Б.

Тобы: ИП-19-3к2

Қабылдаған: Сембиева Ш. Б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» КАФЕДРАСЫ

Slide 2

ДӘРІС ЖОСПАРЫ

КОКП-ның әміршіл-әкімшіл басшылық рөлі мен М. С. Горбачевтың демократияшыл-реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.

Жариялылық пен демократияны насихаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер.

Экономикалық дағдарыс. КСРО-ның әміршіл-әкімшіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар.

Д. А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.

Алматыдығы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.

Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы.

КазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация.

КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.

Slide 3

Дағдарыс алдындағы жағдай

КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М. С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982-1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У. Черненко қайтыс болды. [М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1, 7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі

Slide 4

Дағдарыстың белгілері

- Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі.

- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.

- Бақылаусыз басқару аппараты.

- Инфляция.

- Товар зәрулігі.

- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.

- Теңгермешілдік.

- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.

- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.

- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.

- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық және коррупция.

Slide 5

ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢІ

Сол жылдары КСРО-да көптеген реформалар қабылданып, елеулі өзгерістер болды. Қайта құрудың басы деп 1987 жылды саналады, себебі 1987 жылдың қантар айындағы ЦК КОКП пленумында «қайта құру» саясаты мемлекттің дамуының бастапқы бағыты деп жарияланған. «Қайта құру» деген термин 1986 жылы мамыр айындағы Горбачевтың Ленинград қаласына істі сапарында қалалық партия комитетінің активімен кездескенде бірінші рет айтылған. Осы термин ақпарат құралдарының тілшілерінің «арқасында» жаңа дәуірдің ұраны болып кетті. Бұл идеяның қозғаушысы - ЦК КОКП бас хатшысы

Михаил Сергеевич Горбачев

болып табылды.

Бұл Кеңес Одағының коммунисттік партия билеушілерінің 1987-1991 жылдырындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы.

Slide 6

МИХАИЛ СЕРГЕЕВИЧ ГОРБАЧЁВ

Оның бұрынғы әміршіл-әкімшіл жүйені сақтай отырып, елдегі қоғамдық өмірді демократияландыруды үсынған идеясының кеңестік империя жағдайында жүзеге асуы мүмкін еместігін 1986 ж. Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі және одан кейін орын алған Тбилисидегі, Бакудегі, Вильнюстегі оқиғалар көрсетіп берді. Горбачевті биліктен тайдырып, кеңестік империяны қайта нығайтуды көздеушілер Тамыз бүлігін ұйымдастырды. Горбачевтің кеңестік республикалар арасында жаңа одақтық шарт жасап, КСРО-ны қалай сақтап қалуға, КОКП-ны жаңа жағдайға бейімдеп реформалауға ұмтылған әрекеттері сəтсіздікке ұшырады.

1985-1991 жж. КОКП ОК-нің Бас хатшысы. 1990 жылы наурызда Кеңес одағының коммунистік партиясының бас хатшысы және сәуір айында КСРО-ның Президенті болып сайланды. Бас хатшы ретінде ол КСРО-да болған фундаметалды өзгерістердің, жариялық пен қайта құрудың, Батыс Еуропа мен АҚШ арасындағы халықаралық қатынастардың өзгеруінде бастаушы болды.

Slide 7

Горбачёв саясатының ұрандары

ЖАРИЯЛЫЛЫҚ

ЖЕДЕЛДЕТУ

ҚАЙТА ҚҰРУ

Slide 8

Жариялылық пен демократия

Жариялылық

мемлекеттік және басқа да институттардың іс-әрекеттерінің ашықтығы, ақпараттың кең таралуы, ұйымдар, мекемелер мен лауазымды тұлғалардың азаматтарға ашықтығы, қоғамдық пікірді анықтау және есептеу, қабылданған шешімдерді жариялау.

Демократия

(гр. demos - халық және гр. kratos - билік) “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: Мемлекет түрі.

Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Slide 9

Қайта құрудың бірінші кезені

(наурыз 1985 - қаңтар 1987)

Қайта құрудың бастапқы кезені:

-Кеңес одағының саясатының және экномикасының «кейбір» кемістіктерін мойындағаннан басталды.

-Алкогольге қарсы компания

-Халық шаруашылығының «жылдамдату» (ускорение) саясаты

-Сыбайластық пен жемқорлықпен күресу

т. б. қадамдарымен белгіленді.

Slide 10

Екінші кезең (қаңтар 1987 - маусым 1989)

1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі мұнайдың бағасының төменге құрт түсуі, екінші фактор - Чернобыль апаты.

1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» (Закон «Об индивидуальной трудовой деятельности») кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.

Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым-қатынасы жақсарды.

Қоғамдық өмірде «жәриялық» (гласность) саясаты орын алды.

Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т. б. ), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.

Slide 11

Үшінші кезең (маусым 1989-1991) .

Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде - өте қымбат бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.

Осы соңғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып

КСРО-ның ыдырауы басталды.

Slide 12

Қайта құруға дейінгі және кейінгі КСРО-дағы экономикалық көрсеткіштер

КСРО көрсеткіштері

1985

1991

Алтын қоры

2 500 тона

240 тонна

Доллар бойынша рубль курсы

0, 64 рубль

90 рубль

Экономиканың өсімі

+2, 3%

-11%

Сыртқы қарызы

25 млрд доллар

104 млрд доллар

Slide 13

Экономикалық дағдарыс

-өндірістің тиімділігінің төмендігі

-өндіруші сала үлес салмағының басымдылығы

-тауар айналымының кері сальдосы

-экономикадағы экстенсивтік факторлардың жоғары рөлі

-қосып жазу

-көзбояушылық

-көлеңкелі экономиканың өсуі

-коррупция

-гигантомания (алып құрылыстарға әуестілік)

Өрескел қателіктер

Мына жағдайларға әкелді

Slide 14

ХХ ғасырдың соңындағы демократиялық үрдістер

1988 жылы қуғын сүргінге ұшыраған зиялылар ақталып, есімдері халыққа айтыла бастады. Олар: А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Аймауытов, М. Дулатұлы.

Идеологиялық жағынан қате деп айыпталған зерттеулер қалпына келтіріліп, ескі жарлықтар күшін жойды. Мысалы: 1947 жылғы ҚазКСР ҒА «Тіл және әдебиет институты жұмысындағы

саяси өрескел қателіктер» туралы қаулы.

1989 жылы 22 қыркүйекте «Тіл туралы заң» қабылдануы. Қазақ тілінің мәртебесінің артуы мен қазақ тілді мекемелердің көбеюі.

Slide 15

Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:

1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

Slide 16

Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi

«Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой. . ., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек».

Slide 17

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.

1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

1930 жылы - Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.

Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан төмен екенімді

ешқашан ұмытқаным жоқ! (Д. Қонаев)

Slide 18

Қонаевтың саяси қызметі

1939 жылы - КОКП мүшелігіне қабылданды.

1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды.

1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1986 жылы 16 желтоқсан күні - Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.

Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім. (Д. Қонаев)

Slide 19

Қонаевтің игілікті істері

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.


Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан қаһармандары
Желтоқсан оқиғасы. 1986 ж
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қайраттың отбасы
"Желтоқсан оқиғасы"
Қазақ әдебиеті
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан ұлт - азаттық қозғалыстардың жал
Желтоқсан оқиғасының сипаты
“Желтоқсан ызғары”
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz