Сот билігі
Презентация қосу
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
ҚР СОТ БИЛІГІ:
Орындағандар :
САЛАЛАРЫ МЕН ДЕҢГЕЙЛЕРІ Филология 201-топ
Амангелді Шұғыла
Бұлқұнбек Дана
Жүнісбек Назерке
Қожагелді Алтынгүл
Сауытбек Арайлым
Тойгулова Айдана
Жоспар:
• Сот билігі дегеніміз не?
• Сот билігінің салалары мен деңгейлері
• Қазіргі қоғамдағы қызметі
Сот билігі – мемлекеттік билік
тармақтарының бірі.
• «Сот билігі» ұғымы өзімізге белгілі, қазақстандық құқық
басында қайта пайда болды. Кеңестік тоталитарлық партиялық
режим жағдайындағы сот билігінің қазіргі Қазақстандағыдай
болуы мүмкін емес еді: сондықтан, Кеңестік Конституциямен
бекітілген соттардың жинтығы қандай жағдайда болмасын өзін
көрсете алмады. «Сот билігі» ұғымының өзі «сот жүйесі»
ұғымымен алмасты, ал ол көбіне құқық қорғау органдарының
бірі ретінде қарастырылды. Олай болса, сот билігі мемлекеттік
биліктің дербес тармағы.
Сот билігі – мемлекеттік билік
тармақтарының бірі.
• Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс
ережесін шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда
туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді.
• Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес,
қорғаушылық қызмет атқарады.
• Сот билігінің тәуелсіздігі жайында Қазан төңкерісіне дейін қазақ зиялыларының
ішінде тұңғыш болып Барлыбек Сыртанов мәселе көтерген. Ол 1911 жылғы “Қазақ
елінің уставы” атты еңбегінде: “Сот билігі өз еркімен іске асады. Судьялар дау
шешкенде хүкметке, яғни адам баласына бағынбай, закон їәм сот ережелері негізімен
хүкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға сот хүкімі кесіледі” деп
жазған.
• Қазақстан Республикасының сот билігінің ерекше белгісі
болып оның пәндік сипаты, оның өкілеттілігінің сәйкес
объектілерге қолданылулығы болып табылады. Сот билігі
Қазақстан Республикасының Конституциясының 76
бабының ережелеріне сәйкес олардың сот өндірісіне
қатысуынан тәуелсіз соттардың шешімі жолданған барлық
азаматтарға, органдар мен ұйымдарға шектеусіз
қолданылады.
1-бап. Сот билiгi
• 1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда
көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге
тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
• Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.
• Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн
шығаруға тыйым салады.
• Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот
билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
• Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен
шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың
қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
• 2. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар
мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға,
Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
• Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де
адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген
құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды
шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға
кепiлдiк берiледi.
• Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып
құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
• Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу
нысандары арқылы жүзеге асырылады.
• 3. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға
ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды
немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
• Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол
берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша
есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi
бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот
қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi.
• Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп
соғады.
• Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын
барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды
тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен
4-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi
• Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi:
• 1) Конституцияда, осы Конституциялық заңда, iс жүргiзу және өзге де заңдарда белгiленген,
барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен;
• 2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары
арқылы жүзеге асырумен;
• 3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен;
• 4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;
• 5) заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың
мiндеттiлiгiмен;
• 6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз
етiледi.
• Осы бапта көзделген талаптар "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотына
қолданылмайды.
• Соттар шешімдердің, үкімдері мен өзге де қаулылардың
Республиканың бүкіл аумағында міндетті күш болады, оларды
орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң
бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады.
• Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция
мен заңға ғана бағынады.
• Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да
болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша
жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп
бермейді.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін —
жоғарғы сот және жергілікті соттар құрайды
• Қазақстан Республикасының сот
жүйесiн Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты, Қазақстан
Республикасының Конституциясына
және осы Конституциялық заңға
сәйкес құрылатын жергiлiктi және
басқа соттар құрайды.
• Қандай да болмасын атаумен
арнаулы және төтенше соттар құруға
жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
• Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
— сот жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы
Сот азаматтык, қылмыстық және жалпы сот
ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де
істер жөніндегі жоғары сот органы болып
табылады. Заңда көзделген іс жүргізу
нысандарында езінен төмен тұратын
соттардың қызметін қадағалауды жүзеге
асырады. Нормативтік қаулылар алу
жолымен оларға сот практикасының
мәселелері бойынша түсініктемелер беріп
отырады. Жоғарғы Сот төрағадан, алқа
төрағаларынан және тұрақты судьялардан
тұрады.
17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi
• 1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жатқызылған
азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып
табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және
нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерi бойынша
түсiндірулер беріп отырады.
• 2. Жоғарғы Сот:
• 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;
• 2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары
бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың
сақталу мәселелерiн қарайды;
• 3) нормативтік қаулылар, қаулылар қабылдайды;
• 4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
18-бап. Жоғарғы Соттың құрылымы мен
құрамы
1. Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президентi белгiлейдi.
2. Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін
3. Сот алқасының сандық және дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша
Жоғарғы Соттың жалпы отырысы белгілейді.
4. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы жасақтайды.
5. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес, халықаралық кеңес және баспасөз
органы құрылады.
6. Жоғарғы Соттың жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Жергілікті соты
• Аудандық (қалалық) соттар — соттар жүйесінің негізгі буыны — сот әділдігін
жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады.
Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала
ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай
соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге
соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді
қарайды.
• Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен Алматының
қалалық соттары) — орта буын соттарын — Президент құрады. Бұл буындағы соттар
жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-
ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет
етеді.Қаралып отырған соттар сот төрағасынан, алқалар төрағаларынан және
тұрақты судьялардан тұрады.
1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi – аудандық
соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы
бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта
ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.
• Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiкте бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше
аудандық сот құруы мүмкін.
• Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген
тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
• Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол
осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.
11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен
құрамы
• 1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.
• 2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
• 3. Мыналар: 1) жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстар;
• 2) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;
• 4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы облыстық соттың органдары болып табылады. Сот алқасын осы
Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.
• 4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың
жалпы отырысы белгілейді.
• 5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды.
• 6. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан
консультативтік-кеңесші орган – Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады.
• Судья лауазымдарына кандидаттар бойынша қорытындыларды Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес
Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін беруге тиіс.
Қазақстан Республикасының сот билігі
тарихы
• Республиканың тәуелсіздік алуына байланысты 1993 жылы қабылданған
Республикалық Конституцияда сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы
Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын
төменгі соттарға тиесілі екені көрсетіліп, сот билігінің өзге мемлекеттік
биліктердің қатарында екендігіне кепілдік берілді. Аталған Конституция
судьялардың сайлануы мерзімін 10 жылға дейін ұзартты.
• 1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған мемлекетіміздің жаңа
Конституциясының дүниеге келуінен басталды. Жаңа кезең бойынша сот
құрылымына тек Республика Жоғары Соты және жергілікті соттар
жататындығы белгіленіп, бұл соттар тұрақты судьялардан тұратын болды.
Сөйтіп, бұрынғы Конституциялық Сот және Жоғарғы Төрелік Сот
таратылды.
Қазақстан Республикасының сот билігі
тарихы
• 2000жылдың 1қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Президентінің
«Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі
шаралар туралы» Жарлығымен байланысты. Жарлықпен Республикадағы соттар
қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге
асыратын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылып, сот билігі атқарушы
биліктің ықпалынан толығымен шығарылды.
• Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі
тағы бір оқиға – 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы
сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның
қабылдануы. Бұл Заң судьялардың құқықтық мәртебесін және жаңа сот жүйесін
бекітіп, Жоғарғы Сот Төрағасының және жергілікті соттар төрағаларының
өкілдіктерін кеңейтті.
• Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:
• — адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп
есептеледі;
• — бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
• — сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
• — жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың
жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін
жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
• — айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
• — ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге
міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
• — заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана
сотталуға тиіс емес;
• — адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
• қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz