Экология бөлімі




Презентация қосу
Экологиялық
перамида

Орындаған:Арыстан
Гүнұр
Тобы:1404-19к
Жоспар
• 1.Экология
• 2.Экология бөлімі
• 3.
• 4.
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке
организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын,
ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм
деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің
– популяциялардың, организмдер
қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның
ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын
зерттейтін ғылым.
Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866).
Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары
пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында
ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе
климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен
сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз
байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар
қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы
кезде қалыптаса бастады Геккель Эрнст— неміс биологы.
Экологияның бөлімдері. Экология ғылымы зерттелетін
объектілердің ерекшеліктеріне, әдістеріне байланысты
бірнеше бөлімдерден тұрады: Аутэкология – жеке
организмдердің қарым-қатынасын зерттейтін экология
бөлімі. Демэкология немесе популяциялар экологиясы –
қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін,
популяция санының өзгеруін зерттейді. Синэкология
немесе қауымдастықтар экологиясы (биоценология) –
биоценоз түзетін әр түрге жататын өсімдіктер,
жануарлар және микроорганизмдер популяцияларын,
олардың түзілуін, дамуын, құрылымын, өзгеруін және
қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді.
Адам экологиясы, антропоэкология – Биосфераның (оның құрамдас
бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке
тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды;
Адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын
қалыптастыру, қорғау туралы пән

Ғаламдық экология – табиғи және табиғат іс-әрекетінен туындайтын
биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен
құбылыстарды зерттейді. Мәселен,ядролық қауіп-қатер, экологиялық
апаттар, қатерлі эпидемиялар т.б. Осы бағыттағы ірі-ірі бүкіл әлемді
қамтитын проблемаларды қарастырады.

Нооэкология - адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік,
экономикалық және экологиялық жағыдацларды, қарым-
қатынастарды бір-бірімен ұйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын
проблемаларды адамның парасатты ақыл-оймен шешуін қамтамасыз
етеді.
Экологиялық пирамида дегенімізтабиғи экожүйедегі продуценттер,
консументтер және редуценттер массасымен белгіленіп, графиктік
үлгі ретінде көрсетілген олардың арасындағы ара-қатынас. Мұндай
пирамиданы Ч.Элток (1927) құрастырған. Пирамиданың табаны
продуценттер деңгейі, ал келесі қоректік деңгейлер пирамиданың
қабаттары мен төбесін түзеді. Экологиялық пирамиданың негізгі 3
түрі белгілі:

Сандар пирамидасы, ол коректік тізбек бойынша жеке ағзалардын
санын көрсетеді, жэне де продуценттерден әралуан ретті
консументтерге қарай жүргенде дарактар саны едәуір кемиді;

Биомасса пирамидасы — осы экожүйедегі әртүрлі агзалардың
қоректік тізбек бойынша ара-қатынасын көрсетеді, бүл жерде
продуценттер параметрлері эралуан ретті консументгерден жогары
(осыдан барып пирамида түрі шығып тұр).
Биомасса пирамидасы — осы экожүйедегі әртүрлі агзалардың қоректік тізбек
бойынша ара-қатынасын көрсетеді, бүл жерде продуценттер параметрлері
эралуан ретті консументгерден жогары (осыдан барып пирамида түрі шығып
тұр).

Энергиялар пирамидасы — трофтық тізбек арқылы қорек массасының
жылдамдығын бейнелейді. Пирамиданың барлық үш түрі де экожүиелердің
энергетикалық қатынастарьга білдіреді.

Продуценттер - күн энергиясын пайдаланатын жасыл өсімдіктер немесе
органикалық заттарды биогенді элементтерден құрайтын жасыл өсімдіктер
Консументтер - өсімдіктер синтездеген органикалық заттарды жаңа формаға
айналдыратын тұтынушылар, яғни олар (латынша-«consumo»-тұтынамын)
продуцентттер жасаған органикалық заттарды пайдалантын гетеротрофты
организмдер. Редуценттер - органикалық қосылыстарды минералды
қосылыстарға дейін ыдырататын организмдер, яғни олар (латынша «reduceus,
reducentis» - қалпына келтірушілер, деструктор) органикалық заттарды
ыдырататын және оларды басқа организмдер игеретін бейорганикалық заттарға
айналдыратын ағзар
Биомасса пирамидасы – қоректік тізбектің бірінші деңгейінен екінші
деңгейіне берілетін органикикалық заттар массасы. Продуценттердің
биомассасы едәуір көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Бұдан кейінгі
әрбір қоректік тізбекке өткен сайын биомасса мөлшері 10 есеге дейін азая
береді. Организмдердің өнімділігі белгілі бір уақыт аралығында түзілген
құрғақ органикалық заттардың биомассасы арқылы өлшенеді. Энергия
пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге
берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергия мөлшері де бір
деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді.

Сан пирамидасы – әрбір қоректік тізбек деңгейлеріндегі организмдер саны
арақатынасының заңдылығы. Қоректік тізбектегі дарабастар саны келесі
қоректік деңгейлерде азая түседі. Бірақ оның көбеюі де мүмкін. Мысалы,
орманда өсімдікпен қоректенетін жәндіктердің дарабастарының саны көп
болған жағдайда. Сан пирамидасының диаграммасы биомасса мен энергия
пирамидаларының диаграммасынан басты ерекшелігі – оның төмен
деңгейлеріне қарағанда, жоғары деңгейлері бірте-бірте ұлғая түседі.

Ұқсас жұмыстар
Экология пәні және оның мазмұны
Экологиялық қауіпсіздік
Экологиялық пирамидалар
Экологияның бөлімдері
ЭКОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ
ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Экологиялық пирамида
Биомасса пирамидасы - қоректік тізбектің бірінші деңгейінен екінші деңгейіне берілетін органикикалық заттар массасы
Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар
Жезқазған - Балқаш өңірінің экологиясы
Пәндер