Нарықтың субъектілері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ» КАФЕДРАСЫ
Нарық. Сұраныс. Ұсыныс.
Дайындаған: Айдаулет Б. Е.
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Жуманова Г. М.
Шымкент

Нарықтың атқаратын маңызды қызметтері:
-Біріншіден, нарық арқылы не өндіру қажет, кімдер өндіру қажет проблемалары өз шешімдерін табады;
-Екіншіден, нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арсында байланыстар орнайды
-Үшіншіден, нарық арқылы өнімдерді өндіруге жұмсалған шығындарды есепке алу жүзеге асырылады.
-Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі бағаны белгілеу болып табылады.
Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттай-тын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.

1. Экономикалық қызметіне байланысты - тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығы, өндіріс құрал-жабдықтарының нарығы, еңбек, инвестициялар, бағалы қағаздар, қаржы нарығы деп бөледі.
2. Географиялық жағдайына қарай-жергілікті, аймақтық, ұлттық нарығы деп бөледі.
4. Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты- жетілген бәсекелестік нарығы және жетілмеген бәсекелестік нарығы (монополистік бәсекелестік, олигополиялық, монополиялық) деп бөледі.
3. Сала бойынша- автомобиль, астық, металл және т. б. нарыққа бөледі.
5. Сатып өткізуге байланысты-көтерме және бөлшек сауда нарығы деп бөледі.
6. Заң нормаларына сәйкестігі бойынша- ресми нарық және ресми емес нарық «Қара базар»

Нарықтың субъектілері
Үй шаруашылығы
Фирма
Мемлекет

Әрбір экономикалық жүйеге тән
Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру?
сұрақтарын нарықтық экономикада нарық төрт элементтің арақатынасымен шешеді.
Нарықтың негізгі элементтері: баға, бәсеке, ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекетте болу механизмі нарықтық механизм деп аталады.
Инфрақұрылым. Баға. Бәсеке. Сұраныс пен ұсыныс.

Нарық инфрақұрылымы деп нарықты қатынастардың жемісті қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық фирмалардың жиынтығын айтады.
Үш түрлі нарықтың инфрақұрылымының элементтері бар, олар: тауар, қаржы нарығы және еңбек нарығы.
Тауар нарығының инфрақұрылымына жататындар- тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары т. б.
Қаржы нарығының инфрақұрылымына кіретіндер- қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары.
Еңбек нарығының инфрақұрылымына кіретіндер-еңбек биржалары, жұмысқа қамту мен кадрларды қайта даярлау қызмет орындары, жұмыс күшін реттеу және т. б. айналысатын мекемелер.

Сұраныс - ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс - төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Сұраныс заңы - тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі.
Сұраныстың қисығы.
Сұраныс қисығының жылжуы.

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, яғни сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Тұтынушылардың табысы.
2. Тұтынушылардың саны.
3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

Ұсыныс - бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы - бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше
Ұсыныстың қисығы.
Ұсыныс қисығының жылжуы.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Ресурстардың бағасы.
2. Технология.
3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауар бағасының өзгеруі.
4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлар өзгерістерін күту.
5. Бәсекенің деңгейі.
6. Салықтар және субсидиялар.
7. Уақыт аралығы.

Нарықтағы тепе-теңдік.
Нарықтағы тепе-теңдік жағдай сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.
Теңдік баға - бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.


Сұраныстың табыстық икемділігі - бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
Мұнда:
ЕiD - сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті.
∆Q % - сұраныстың өзгеруі,
∆J% - табыстың өзгеруі

Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауарға деген бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады.
Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және формула арқылы есептеледі:
Мұнда: ЕхуD - қиылысқан икемдіділік коэффициенті;
∆ QX% - Х тауарына сұраныстын қатысты өзгеруі,
∆ РУ%; - У тауар бағасының өзгеруі.

Ұсыныстың икемділігі - бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.
Мұнда: ЕPS - ұсыныс икемділігі;
∆Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі;
∆ Р% - бағаның қатысты өзгеруі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz