Тарихтың атасы Геродот сақтар туралы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН
КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ
МӘДЕНИЕТІ
Алғашқы қауымдық мәдениет - тарихи-мәдени типология
бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне,
ежелгі, архаикалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын
мағынада қолданылады. Антропология ілімінде кейінгі
палеолит дәуірінде (30 - 40 мың жыл бұрын) "нағыз адам"
пайда болуымен, қару-жарақтар мен қарапайым еңбек
құралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның
нәтижесінде отбасы және рулық қауымның
қалыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің
алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі
тіл қарымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара
бастайды. Осының негізінде мифтік сана пайда болды.
Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-
қатынастарды реттеудің дәстүрлік жүйесін
қалыптастырады.
Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние
құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.
Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын
этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-
1917) енгiзген. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi
дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады
және олардың ментальдық дүниесiне енедi.
Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелi»,
«қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат
аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан,
құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б.
тұрады. Табиғи құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие
болады, олардың рухы және иесi бар делiнедi.
Тотемизм, тотемшілдік – ру-тайпаның
белгілі бір жан-жануарлармен,
өсімдіктермен тылсым туыстық
байланысы бар деп білген ежелгі
наным-сенімі.
Зерттеушілер тотемшілдікті
адамдардың тұрмыс-салтында ерекше
орны бар жануарларды киелендіріп,
қасиетті деп санауымен, тіптен
табынуымен байланыстырады.
Фетишизм - (франц. тұмар,
қасиетті күш бар зат) -
көбінесе алғашқы қауымдық
құрылыс, архаикалық
мәдениетіне тән жансыз
заттарға қасиетті деп
табыну. Фетиштер арқылы
рухани киелі күштер әрекет
етеді, қамқорлық көрсетіп,
қорғап қоршайды деген
түсінік алғашқы
адамзаттың мифологиялық
- синкреттік санасына сай
туындаған болатын.
Терминді ғылыми
айналымға ағылшын
жиһанкезі Дж. Лонг енгізген.
Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен
Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа.
Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар,
аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.
Тарихтың атасы Геродот сақтар туралы: "Киімі мен өмір сүру
дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен
өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді." деп жазған.
Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.

Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде
қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі
дегеніміз - түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге,
тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар
күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында
сәйгүлік ат Күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан
көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астынікі Индира секілді
құдайлар болған.
Сақтарда қолөнер ісі жақсы дамыған. Қолөнер
шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды
жасады. Зергерлер алтын, күмісті балқытып, қалыпқа
құюмен айналысты. Зергерлік өнерде ағаштан ойып
жасалған бейнелер мен сәндік бұйымдарды алтынмен
аптау ісі жақсы дамыған. Асыл тастардан көз салынған
алқа, сақина-сырғалар, өңіржиектер мен белдіктер
Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз
жасалған.
зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда,
сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық
әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары
болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының
мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының
салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері
бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге
негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның
беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің
көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында
атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына
тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл
ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі
«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік
қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты
табылды.[1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік
қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ
жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан
табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970
жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.

Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м,
биіктігі 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің
басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңтүстік
және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген
ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған.
Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен
бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын
жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш
салынған.
Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген
атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.
Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600
мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген.
Астанасы Битян қаласы болған.

Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне
жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен,
жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген.
Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар
бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар
(семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың
сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің
қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар,
айналар, сырғалар, киімге тігілген қалдықтар табылды.
Негізінен өлік тікбұрышты етіп қазылған қабір
шұнқырларына жерленген.
Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) Қазақстанды
мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері
болды.
Үйсін мәдениеттніңбейіттердің қазылуында, жобалануында,
қару-жарақ, сәндік бұйымдар мен тұрмыстық заттардың
түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар. Мал, егін
шарушылығымен қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеді.
Әсіресе қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды.
Өндеу кәсібі дамыды. Темір мен қоладан еңбек құралдары,
қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа,
сырға, түрлі әшекейлі заттар жасалды. Тоқыма кәсібі, тері
илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері дамыды.
Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал
бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Археологиялық қазбалардан
жер өңдейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол
диірменнің табылуы — сол замандағы тұрғындардың
егіншілікпен айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің
бір дәлелі.
Үйсіндердің салт-дəстүрі туралы ғылыми деректер аз.
Ертедегі үйсіндердің түсінігінше, өлген адам тіріледі деп
сенген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде
керек болады-ау деген заттардың бəрін қосып көмген.

Табылған заттары мен əшекейлері, қару-жарағы жоғарғы
көркемдігімен қатар үйсіндердің діни ұғымын, өмірге
көзқарасын да көрсетеді.
Диадемадағы жапырақтар əлемді тіршілік ағашының көзі,
өмір нəрі, жан беруші əйел бейнесі болып табылады. Бұл
ағаш жер ортасындағы тау шыңына өсіп, дүниенің төрт
бұрышын жəне əлемнің үш бөлігін: тамыры тереңге кететін
жер астын- о дүниені, адамдар мен жан-жануарлар өмір
сүретін жер үстін- бұл дүниені, құдайлар мен құстар
мекені- аспан əлемін жалғастырып тұр.
Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып,
түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған.

Олар негізінен киіз үйлерде тұрды. Киіз үй торкөз кереге,
уық, шаңырақ жəне киіз жабуынан тұрды. Киіз үйдің төріне
қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ,
жебелер салған қорамсақ т.б. іліп қоятын болған.
Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте
күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында
ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы
жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да
болған.
Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы
мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін
түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке
меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың
құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам
мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Қолға үй жануарларының көптеп үйретiле бастауына
және оларға жаңа маусымдық жайылымдарды, сулы
жерлердi жиi ауыстырып отыруына байланысты
Номадизм ұғымы қалыптасты.

Номадизм - [грек, nomades - көшпенді] - өндіріс
процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде
аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым. XX ғ. 70-ші жж.
Э.Тоффлердің еңбектерінде көрініп, 1990-шы жж. Ж.Аттали,
М. Маффезоли, Р. Брайдотти және т.б. еңбектерінде
жетілдірілген.

Номадизм – мәдениет типi ретiнде. Көшпендiлiк,
номадизм – шарушылықтың ерекше түрi және өмiр
сүру формасы болып табылады. Номадизм –
адамдар топтарының кеңiстiкте орналасуы деген
мағына бiлдiредi.
Көшпендiлiк мал шаруашылығы б.з.д. I
мыңжылдық басында пайда болған. Б.з.д. I
мыңжылдықтың орта шенiнде мал
шаруашылығының үш типi қалыптасты:
1. көшпендi (Батыс және Орталық Қазақстан).
2. жартылай көшпендi (Жетiсу және Шығыс
Қазақстан)
3. отырықшы (Оңтүстiк Қазақстан).
Бұлардың әр типiнде өзiндiк ерекшелiктерi
қалыптасты көшпендiлiк радиусы (3 шақырымнан
– 3000 шақырымға дейін) асып жатты.

Номадизмнiң ерекшелiктерi: тұрақты тұрғылықты
жерi болмады, екiншi бiр типi ортаға тәуелдi
болды және мал түрiнiң ерекшелiгiне қарай
жартылай номадтық, жартылай отырықшы,
тiкелей номадтық, маусымдық номадтық т.б.
пайда болды.

Ұқсас жұмыстар
Сақтардың шығу тарихы
Дарий бастаған парсылар
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақ туралы алғашқы мәліметтер
Сақ тайпаларының мекендеген дәуірі
Сақтар туралы деректер
Қазақ ханы
Сақтар
Қазақстандағы индустрияландыру жылдары
Сақтардың коғамдық құрылысы
Пәндер