Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі


Slide 1

презентация

Тақырыбы: Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі

Орындаған: Айдәулет Б. Е. Тобы: ИП-19-3к2 Қабылдаған: Халикова Н. С.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Шымкент 2020 ж.

Slide 2

Мұхтар омарханұлы әуезов

Қазақтың заңғар жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді.

Slide 3

Әуезов өмірінің алғашқы кезеңдері

Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.

Slide 4

Әуезов шығармашылығының басталуы

1921 жылы қараша айында «Қорған-сыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 - 4 сандарын-да жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі «Шолпан» және «Сана» журналдарында қызмет етіп жүргенде, осы басылым-дарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады

1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. Ленинградта оқып жүрген кезінде 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады.

Slide 5

М. әуезовтің Мақалалары

Халқымыздың кемеңгер ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық жолының басталуы да қазақ даласындағы ірі саяси оқиғалар дәуірімен тұспа-тұс келді. Қолына қалам алған жас Әуезовті қазақ даласында сол кезде қалыптасқан ахуал түрлі тақырыптарға жетелейді. Оны бірде әйел теңдігі жайы толғантса, енді бірде оқу-ағарту, мәдениет ісі терең ойлантады. Қазақ зиялылары, ғылым негіздері, саясат, шет жұрттар өмірі, баспасөз, әдебиет мәселелері де шығармашылық арқауына айналды.

М. Әуезовтің мақалалары:

«Қазақ оқығандарына ашық хат» (1920, 5 ақпан),

«Бүгінгі зор міндет» (1920, 31 желтоқсан),

«Қазақ қызметкерлерінің міндеті» (1921, 10, 12 қаңтар),

«Қазақ бөлімдері туралы» (1921, 29 қаңтар),

«Мадиярға жауап» (1922, 14 қазан),

«Орынбордан телеграмма» (1922, 26 сәуір),

«Ашық хат» (1922, 27 тамыз)

Slide 6

Жазушының драматургия саласындағы еңбектері

Әуезовтың драмалық шығармалары

Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы») .

Әуезов драматургия саласыңда көп еңбек еткен. Ол халық әдебиетінен нәр алды. Әуезов көп ұлтты театрда істеген. Осы тәжірибе оған сахна сырын жете үйретті.

Slide 7

Адамзаттың абайы

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) - қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Қазақ халқыны Абайды танытуға ерен еңбек еткендердің бірі Мұхтар Әуезов. Мқхтар Әуезовтің Абайды зерттеуі жас кезінен басталды. Кейіннен Абай журналын шығаруға атсалысты. Абай туралы жазылған «Абай жолы» роман-эпопеясы М. Әуезовтің ең көлемді шығармасы болып табылады.

Slide 8

«Абай жолы» - қазақтың тұңғыш эпопеясы.

«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» - қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцикло-педиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті.

Slide 9

«Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Романды оқу арқылы біз ақын өмірінің елу жылын біле аламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын . . . бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр

Slide 10

«Абай жолы» романын жазуға М. Әуезов өз шығармашылық жолының 18 жылын арнады. Өзінің саналы құмырын Абайды тануға арнаған Әуезовтің бұл романы 4 томнан тұрады. Ең алғаш рет 1942 жылы «Абай» деген атпен романның бірінші томы шықты. «Абай» романының екінші томын 1947 жылы аяқтады. Одан кейін М. Әуезов қуғын сүргінге ұшырып, Мәскеуде қашып жүрді. Кейіннен елге оралып, 1952 жылы «Ақын аға» деген атпен романның үшінші томын жарыққа шығарады. 1956 жылы романның төрт томын толық аяқтап «Абай жолы» роман-эпопеясы дүниеге келді.

Slide 11

Әлем таныған роман

«Абай жолы» роман-эпопеясы әлемнің 116 тіліне аударылған. Роман-эпопеяда 192 кейіпкердің аты аталады. Осында ұлы жазушының ұлы шығармасы ескерусіз қалған жоқ. 1949 жылы романның алғашқы екі томына Бірінші дәрежелі КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Роман толық аяқталған соң 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. Луи Арагон «Абай жолы» романын ХХ ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі деп баға берген.


Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов, оның қазақ әдебиетіндегі орны және фольклортану мәселелері
БІЗ ҮШІН ӘУЕЗОВ – ЕКІНШІ АБАЙ
Мұхтар Әуезов повестері
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің оған, сірә
Қайым Мұхамедханов өмірі мен шығармашылығы
Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін ашқан Мұхтар Әуезов өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы
М. Әуезов өмірі мен шығармашылағының зерттелу тарихы Қазіргі әуезовтану ғылымының бағытбағдары, соңғы зерттеулер
Ма ғжан Жумабаев (1893-1938)
Мұхтар Әуезов (1897-1961) шығармашылығы
М. Әуезов - қазақ драматургиясының негізін қалаушы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz