Музыканы қабылдаудың төрт кезеңі: кіріспе, алғашқы тыңдау, шығарманы таңдау және қайталап тыңдау


Slide 1

Музыканы қабылдаудың төрт кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі;

Алғашқы тыңдау;

Шығарманы таңдау;

Шығарманы қайталап тыңдау.

Slide 2

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Кіріспе әңгіменің барысында тыңдататын музыканың авторы - сазгер туралы қысқаша түсінік беріп, осы шығармаға байланыстыра баяндау керек. Кейбір музыка пәні мұғалімдері тыңдататын шығарманың композиторлары туралы толық дәріс оқып, туған, өлген жылдарын, оның бүкіл өмірінің белестерін айтып жатады, бұл дұрыс емес, әсіресе бастауыш сынып оқушылары соншама көп мағлұматтарды еске сақтай алмайды, қайта олардың музыка тыңдауға деген ынтасы, зейіні түсіп кетеді. Сондықтан, сазгер туралы өте тиянақты, қысқаша мағлұмат берілгені дұрыс.

Slide 3

Алғашқы тыңдау

Музыканы алғашқы тыңдау барысында жоғарыда айтып кеткендей, оқушыларға тапсырмалар беріп тыңдатамыз да, олардың кім қаншалықты түсініп, байқағандарын талдау кезінде білеміз. Алғашқы тыңдау кезінде сыныпта тыныштықты сақтауды қалыптастыру керек. Егер де бір адам тыныштықты бұзса, ол барлық оқушылардың тыңдауына кесел келтіріп қана қоймайды, ол адам осы музыкалық шығарманы, және оны шебер орындаушыны сыйламайтындықтарын, музыканы түсінбейтіндіктерін көрсететінін оқушылар өздері сезіне білу мәдениетін қалыптастырамыз.

Slide 4

Шығарманы таңдау

Музыканы талдау эмоциялық қабылдауға кедергі келтіріп, тыңдаушының ойын бөледі. Сондықтан орындаған музыканы тереңдетіп талдау өте қиынға түседі. М. Горький: «Музыка туралы сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, музыканың тілі сөйлеуден де бай» дегендей музыкалық шығарманы түсіну мен сезіну бірдей емес, сөйлемдер құрап талдауға болады. Музыка тыңдау кезінде көрнекі құралдарды, яғни көркемсуретпен үнемі байланыстырып отырудың қажеті жоқ. Кейбір мұғалімдер әр сабақ сайын тыңдатылатын музыкалық шығармаға байланысты көркемсуреттер қолданып отырады, ондайда оқушылар тыңдаған музыканың мазмұнын түсінбей тек көру арқылы қабылдағандарын баяндап бере алады деген ұғым. Көркемсуреттерді тіпті қолданбау керек демейміз, кейбір оқушылардың қабылдауына қиын, мазмұны таныс емес шығармаларды тыңдаған кездерде бейнелеу құралын пайдалануға болады.

Slide 5

Шығарманы қайталап тыңдау

Музыкалық шығарманы тыңдаудың соңғы кезеңі сол шығарманы қайта тыңдау болып табылады. Музыкалық шығарманы қайталап тыңдау, оқушылардың сол шығарманы тереңірек түсінуі, қабылдау үшін, шығарманы жақсы көріп, есте сақтау үшін өте қажет. Бір рет тыңдау кезінде оқушылар ол тыңдаған музыка туралы ештеңе айта алмай, ал бір-екі рет тыңдағаннан кейін толық ойларын, пікірлерін жеткізе алатын болады. Неғұрлым музыкалық шығарманы көбірек тыңдаса соғұрлым балалардың естерінде сақтау мүмкіндігі нақты болады да, келесі тыңдатылатын музыкалық шығармалардан айыра алатын қабілеттері артады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы хор өнері мен вокалдық мәдениет: тест, музыканы тыңдау ережелері және Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы
Белсенді тыңдау: компоненттері, техникалары және дағдыларды дамыту
Коммуникацияның түрлері және тиімді тыңдау қағидалары
Дәріс тыңдау, конспектілеу және студенттің өзіндік жұмысының әдістемесі
Дәрістерді тиімді тыңдау, конспектілеу және студенттің өзіндік жұмысы
Дүниетану, 2-сынып: Мұрат атай мәтінін тыңдау және талқылау
Аускультация: жүрек дыбыстары, тыңдау нүктелері, аритмиялар, шуылдар және жедел емдеу
Ірі қан тамырлары мен жүректің кеуде қабырғасына проекциясы, тыңдау және басу орындары
Малдардың жүрегін тыңдау: жүрек саздары, қақпақшалардың естілетін орындары және клиникалық зерттеу әдістері
Сөз мәдениеті мен сөйлеу әдебі: тыңдау, түсіну және қарым-қатынас дағдылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz