Темперамент туралы теориялар




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

О Р Ы Н Д А ҒА Н :
ТО Б Ы : И П - 1 9 - 3 К 2
Қ А Б Ы Л Д А ҒА Н : Ж А Н Д А Б А Е В А И .
Жоспары:
1. Темперамент жөнінде түсінік.
2. Темперамент туралы теориялар.
3. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген
қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр
адамның,баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс.Оның қайталанбастығы, бір жағынан,
адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса,
екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.Темперамент
адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы
– бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент
мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты
көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент –
жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы.
Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын
белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда
тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің
әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі
темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық
әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері –
Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан,
шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық
тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет
темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда
аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.

Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник
(sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole - өт),
меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі
жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және
физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет –
қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі
типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене
құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген –
конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене
құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.
Дене мүшелерінің
сырттай
өлшемдеріне
байланысты төрт
конституционалд
ы психикалық тип
белгіленген:
1.Лептосоматик- бойшаң,
нәзік денелі, тар иықты,
қол-аяғы ұзын, сидыйған.

2. Пикник- мығым,
сезімшең, кіші не орта
бойлы, қарны қампиған,
домалақ бас.

3. Атлетик- бұлшық
еттері күшті дамыған,
денесі мығым, берік,
ұзынша не орта бойлы,
кең иықты, жамбас
сүйектері тартылған.

4. Диспластик-дене бітімі
қисынсыз. Бұл адамдар
әрқилы мүшелік
зақымдарға
ұшырағандар.
Темпераменттердің психологиялық
сипаттамасы:
1. Сангвиник.
Флегматик.
3. Холерик.

4. Меланхолик.
Сангвиник.

Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы
ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып
кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді
ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып-
қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде
бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді.
Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда
кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте
сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт
қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды.
Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген
бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі
ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен
бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық,
шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға
жауапкершіліксіз қарайды.
Флегматик.

Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен
істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді
ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық
процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында
кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез
ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап
қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик
бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз
сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен
байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті
ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс-
керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен
шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде
іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз
жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.
Меланхолик.

Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді.
Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш
түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ
қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы
ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады,
бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте
сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ
сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді.
Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа
ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған
осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик
кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс
тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.
Холерик.

Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен,
ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда
психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға
тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны
тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,
агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған
жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы
– энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы –
ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Бап – баба С.Б.. Жантану негіздері:
Алматы, Заң әдебиеті, 2003.- 306 б.
2. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.-
Алматы, 2004.- 377 б.
3. Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе,
Алматы, 2004
4. Немов Р.С. Психология. – М., 2001
НАЗАРЛАРЫҢЫ
ЗҒА РАҚМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Конституционалды теориялар
Темперамент түрлері, олардың сипаттамасы
Темперамент меланхолик сангвиник
Гуморальді теориялар
Темперамент теориялары
ХОЛЕРИК САНГВИНИК ФЛЕГМАТИК МЕЛАНХОЛИК
Индивидуалды акселерация
Күшті тип Әлсіз тип
Темперамент түсінігі
Темперамент жөнінде түсінік
Пәндер