Жүрек пен өкпе


Slide 1

Презентация

Тақырыбы: ЖҮРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ФИЗИОЛГИЯСЫ. ЖҮРЕК ЦИКЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІ

Тобы: ХБ-911 к2

Орындаған: Искандарова С. Р.

Қабылдаған: Есенбекова А. Ш.

Шымкент

Slide 2

Жүрек қандай мүше?

Жүрек - іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады.

Slide 3

Жүрек бұлшықеті

Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys - бұлшықет, kardia - жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард) . Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.

Slide 4

Жүректің құрылысы

Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі - сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы - құлақшадан және төменгі- қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

Slide 5

Жүректің жалпы құрылысы

Slide 6

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.

Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта - құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан

қан тамырларына барады.

Slide 7

Адам жүрегі

Адамның жүрегі, негізінен, кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады. Өте сирек жағдайда жүректің ауытқып орналасуы да кездеседі. Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі - негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады.

Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын - үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды.

Slide 8

Жүректің ағзада орналасуы

Slide 9

Жүрек 3 қабаттан тұрады

Сыртқы жұқа қабаты

эпикард

Ортаңғы қалың бұлшық етті қабаты миокард,

Камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты эндокард

Slide 10

Эпикард жүректің сыртын жауып жатқан жұқа қабықша. Эпикард қабаты жүректің негізінен перикардқа, яғни жүрек қапшығының ішкі бетіне көшеді. Перикард пен эпикард аралығындағы қуыстықта /саңылауда/ сероздық ылғал болады. Ол жүрек жиырылып жұмыс істеп тұрғанда қабықшаларының өзәра үйкелесуіне себеп болады.

Эпикардтың ішкі бетіне миокард тығыз бірігіп жатады. Миокард -қалың ет қабаты. Қалыңдығы әр түрлі. Жүрек етінің қаңқа етінен айырмашылығы ет талшықтары өзара көлденең қосылыстар түзіп торлана жатады. Сол себептен де жүрек еті жиырылса, тұтасынан жиырылады. Жүрекшелер қабырғасының ет талшықтары екі бағытта орналасқан:-ішкі-әр жүрекшені жеке орайды. Беткей екі жүрекшені бірдей орайды. Веналардың ашылар жерінде сақиналы ет талшықтары бар. Жүрек қарыншаларының миокардтық қабаты 3-сыртқы /беткі/, ортаңғы және ішкі. Бұнда ортаңғы қабат әрбір қарыншаны жеке орап жатады. Беткі және ішкі бұлшық еттер екі қарыншаны бірдей орайды.

Slide 11

Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей қоршап жатады. Қарыншалардағы бұлшық ет талшықтарының қабаттары (сыртқы және ішкі) екі қарыншаны да тұтасымен қоршап, ал ортаңғы қабаты әрбір қарыншаны жекелей қоршап жатады. Сол қарыншаның миокард қабаты оң қарыншаның миокард қабатынан 2 - 3 есе қалың. Өйткені сол қарыншадан бүкіл денеге тарайтын қолқа қан тамыры басталады. Жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы тесікті жақтаулы қақпақшалар (клапандар) жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалар қарыншаларға қарай ашылады. Оң жүрекше мен оң қарыншаның арасын үш жақтаулы, ал сол жүрекше мен сол қарыншаның арасын қос жақтаулы (митральді) қақпақшалар жауып тұрады.

Slide 12

Жүрек өлшемдері

Ересек адамдарда

Жүректіңтің салмағы 250 - 330 г

ұзындығы 10 - 15 см

көлденеңі 8 - 11 см

қалыңдығы 6 - 8, 5 см

Шамамен жүректтің үлкендігі әркімнің өзінің жұмған жұдырығындай болады.

Slide 13

Жүрек жұмысы

Жүрек жұмысы 3 кезеңмен өтеді:

1. Екі жүрекше жиырылады да жақтаулы қақпақшалары ашылып қан қарыншаларға өтеді.

2. Қарыншалар жиырылып айшық қақпақшалар ашылумен қан айналу шеңберлріне жіберіледі.

3. жүректің біраз тыныштық күйі өтеді. -жүрек еттерінің жиырылуын систола, босалуын диастола, ал аз уақыт тыныштықкүйін пауза дейді.

Slide 14

Жүрек қалай жұмыс істейді?

Жүректің қызметі жүрекше бұлшық еті мен қарынша бұлшық етінің белгілі бір ырғақпен кезектесе жиырылуы (систола) және босаңсуы (диастола) арқылы атқарылады. Ең алдымен, жүрекше жиырылып, қанды бос қарыншаға итереді, оған 0, 1 с уақыт кетеді; екінші кезеңі - қарыншалардың жиырылуы (қан қолқа мен өкпе артериясына итеріледі), оған 0, 3 с, ал үшінші кезеңі - жүрекшелердің де, қарыншалардың да босаңсуы (диастоласы), мұны жалпы пауза деп атайды, оған 0, 4 с уақыт кетеді. Ж-тің осындай жұмысына 0, 8 с уақыт кетеді. Ересек адамның Ж-гі минутына 72 - 75 рет соғады. 1 мин-та Ж-тің қантамырларға шығаратын қан мөлшерін Ж-тің минуттық көлемі деп атайды. Ж-тің жұмысы қанмен бірге келетін гормондар арқылы, сондай-ақ, өзіндегі шеткі жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырылады. Ж-тің адам организмінде алатын орны ерекше.

Slide 15

Жүректің қызметі

Жүректің қызметі дегеніміз - жүрек циклінің үш фазасы: құлақшаның жиырылуы, қарыншаның жиырылуы және жүректің жалпы босаңсуының ырғақты түрде алмасуы.

Жүрек циклінің жалпы ұзақтығы шамамен 0, 8 секунд. Жүректің жалпы босаңсу фазасына 0, 4 секундтай уақыт кетеді. Жиырылу аралығындағы мұндай тынығу жүрек бұлшық еттерінің жұмысын толық қалпына келтіруге жеткілікті болады.

Slide 16

Жүректің жиырылу жиілігі мен күші организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. Жүректің жиырылуы баяулап әлсіресе, организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері кемиді. Сөйтіп, денеде барлық мүшелердің қанмен жабдықталуы өзгереді. Жүрек қызметі автономиялы нерв жүйесінің қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің жиырылуын баяулатып әлсіретсе, симпатикалық жүйкелер арқылы келетін импульстер оны күшейтіп, жиілетеді. Гуморальдық реттелу жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін бүйрек безінің гормонын жиілететін адреналинге, кальций тұздарына және басқа биологиялық әрекетшіл заттар жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді. Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия, тездетуін тахикардия дейді.

Slide 17

Жүрек пен өкпе

Жүрек пен өкпедегі жетіспеушілік - егер жүректің қызмет етуге мүмкіндігі шамалы болса, онда мұндай жағдайда қызмет етуге әкелінбейтін қосымша компенсаторлы механизмнің қатысуынсыз жүректің мүшелері бірдей қанмен жабдықтауға қабілетсіздігі.

Жүрек пен өкпе коэффициенті - қазіргі телеренген сәулесі арқылы зерттеу арқылы анықталған жүрек көлдененінің, көкірек қуысы көлдененіне байланыстылығы; жүрек ауруында ұлғаяды ренген көлеңкесінде ұлғайтылып көрсетеді, өкпе альвеоларының эмфиземасында кемиді.

Slide 18

Жүрек пен өкпе

Жүрек пен өкпенің созылмалы түрде ауруы өкпенің созылмалы ауруында, мысалы, өкпе тінінің араласып, дәнекер тінге айналып қатаюында, өкпе альвеоларының кеңеюінде, өкпенің созылмалы қабынуында, көп жыл бойына бірте-бірте дамиды.

Жүрек-өкпе препараты. Жүрек пен өкпе жұмыстарын зерттеу мақсатында қан айналымын бұзбастан өкпе мен жүректі үлкен қан айналу шеңберінен ажыратуды жүрек-өкпе препараты дейді. Жүрек-өкпе препараты арқылы жылы қанды жасанды жолмен айдауға болады. Бұл әдісті бірінші рет И. П. Павлов қолданған.

Slide 19

Жүрек дыбысының тұйықтығы

Жүрек дыбысының тұйықтығы, тұншығуы. Жүрек дыбысының тұйықтығы, тұншығуы жүрек жиырылғанда (соғу кезінде), жүректің үстіңгі және көкіректің алдыңғы жағында пайда болады. Жүрек пен өкпенің аралығында пайда болған дыбысты абсолюттік дыбыс, ал жүректің алдыңғы жағында шыққан дыбысты -салыстырмалы дыбыс деп атайды.

Slide 20

Жүрек қантамырлар жүйесі

Қан айналу жүйесі - қанның қан тамырларымен тоқтаусыз ағу қызметін атқаратын жүйе. Қан айналу жүйесіне кіреді:

жүрек

қан тамырлары.

Slide 21

Қан тамырлары

Сүткоректілердің жүрегі өзара тек қан тамырлары аркылы ғана байланысатын оң және сол бөліктерден тұрады. Оң жүрекше бүкіл денеден вена қанын кабылдап, оны оң қарыншаға айдайды. Өкпеде қан көмір қышкыл газын өкпе көпіршіктеріне (альвеолаларға) бөліп, оттегімен қанығады да, артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен басталып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін «қан айналудың кіші шеңбері» деп, ал, қан айналу жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде екі қуыс венамен аяқталған бөлігін «үлкен қан айналу шеңбері» деп атайды.

Slide 22

Артерия және вена қанайналым жүйелері

Slide 23

Жүрек аурулары

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т. б.

Slide 24

Жүрек ақауы - жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т. б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді.

Slide 25

Жүрек және қан тамыр неврозы - жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді.

Бірінші тобы - жалпы невроз

Екінші тобы - гипертония, гипотония аурулары.

Үшінші тобы вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулар

Slide 26

Бірінші тобы - жалпы невроз (неврастения, истерия, т. б. ) .

Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады.

Slide 27

Екінші тобы - гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады.

Slide 28
Ұқсас жұмыстар
Жүрек қабырғалары
Жүрек - іші қуысты бұлшықетті мүше
Жүректі тыңдау
Әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың реографиясы. Кан айналымын зерттеудің әдістері. Реографиялық қысықтарын тіркеу және талдаупринциптерінің әдістері
Жүрек қан тамыр жүйесін тексеру әдісі
Капилярлар артерия қан тамырлары вена қан тамырларын байланыстыратын шаштың жуандығынан бірнеше есе жіңішке қан тамырлар
Өкпе мен жүрекке сипаттама
Жүректің қақпақшалық аппараты
Вена қан тамырлары
Туа біткен жүрек ақаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz