Робототехника мен сервистер



ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Орындаған: Айдаулет Б.
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Ельбергенова Ғ. Ж.
Робототехника мен сервистер
Шымкент
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ» КАФЕДРАСЫ

РОБОТОТЕХНИКА
Робототехника (робот және техника; ағылш. robotics - роботика) - роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы

РОБОТОТЕХНИКА ТАРИХЫ
1942 жылы ғылыми-фантастикалық мәнерде жазатын жазушы Айзек Азимов робототехниканың үш заңын ойлап табады. 1948 жылы Норберт Винер тәжірибелік робототехниканың негізін құрайтын кибернетиканың қағидаларын тұжырымдаған. Толығымен автономды роботтар XX ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болды. Ең бірінші сандық басқаруы бар бағдарламанатын робот Unimate болған. Ол робот ыстық темір бөлшектерді балқыту машинасынан көтеріп, жинауға арналған.

ЗАМАНАУИ РОБОТТАР
Қазіргі таңда коммерциялық және индустриалдық роботтар кеңінен тараған. Ол роботтар адамдарға қарағанда жұмысты арзанырақ, жинақы және нық орындайды. Сол салада қолданылатын роботтардың кейбір жұмыстары адам үшін лас, қауіпті және жалықтыратын болып табылады. Роботтар кеңінен құрастыру, жинақтау, жеткізу, жер және ғарыш зерттеулері үшін, медициналық оталар, жарақ ретінде, зертханалық зерттеулер, қауіпсіздік үшін қолданылады.

РОБОТОТЕХНИКА, БҰЛ НЕ?
Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.

РОБОТОТЕХНИКА - БҰЛ АВТОМАТТАНДЫРУ
Автоматтандырылған машиналар, басқа сөзбен айтқанда роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде, немесе зауыттағы құрастыру үдерістерінде жұмыс істей алады. Роботтар сыртқы келбеті бойынша, жүріс-тырысы мен танымы бойынша адамдарға өте ұқсас болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды барынша адамдарға ұқсас қылуға тырысып жатыр.

Қазіргі кезде роботтардың көптеген түрлері бар, әртүрлі орталарда әртүрлі жолмен қолданылады. Қолдану мақсаты мен сыртқы келбеті әртүрлі болғанымен, құрылымына келгенде баршасында 3 бірдей жерлері бар:
Әр робот механикалық негізі - құрылғы, рамадан тұрады. Сол раманың түрі қолданылатын мақсатына қарай өзгереді.
Әр робот электр бөлшектерден тұрады. Сол бөлшектер робот жүйелерін толығымен бақылайды.
Барлық роботтар кішкене болса да компьютер кодын керек етеді.
РОБОТТАРДЫҢ БАСТЫ
ТАЛАПТАРЫ

Робототехника қандай да роботтарды зерттеп әзірлемесе да, ол роботтар Айзек Азимовтың үш заңына бағынуы тиіс.
Бір де бір робот адамға залал келтіре алмайды, немесе әрекетсіздігімен залал келуіне жол бермейді.
Бірінші заңға қарсы келмесе, робот адамның барлық бұйрықтарын орындауға тиіс.
Бірінші және екінші заңдарға қайшы келмесе, робот өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

ӨНЕРКӘСІПТІК РОБОТТАР
Зауыттардағы роботтар дәнекерлеу, сурет салу, машиналарды жүктеу, өнімдерді құрастыру, қауіпті материалдармен жұмыс істеу, химикаттарды бүру, бөлшектерді тексеру сияқты, т. б түрлі қызметтерді атқарады. Әлемдегі роботтардың жартысына жуығы автокөліктер жасауда қолданылады.

ӘЛЕУМЕТТІК РОБОТТАР
Әлеуметтік роботтар- әлеуметтік ережелерді орындай отырып адамдармен байланыс жасайтын және сөйлесетін робот болып табылады. «Людобот»- ойын- сауық және қарым- қатынас жасауға арналған әлеуметтік робот. «Sony» компаниясы шығарған «Аибо» роботының табысынан кейін, 2000 жылдардан бастап үй роботтары жалпы мәдениетке дендеп кірді. Бірнеше өндіруші компания робот- шаңсорғыш ойлап шығарды.

Үй роботтарының ішінде ең атақтысы да - 2003 жылдың соңына дейін 570 000 данасы сатылып үлгерген робот- шаңсорғыштар. «Квази», «Леонардо» және «Кисмет» - әйгілі ойыншық роботтар. «Квази» көпшілікке 2006 жылы таныстырылды. Үй роботы- тұрмыстық жұмыстар үшін пайдаланылатын робот. Үй роботтарының көптеген түрлері бар.

РОБОТТАР БІЛІМ САЛАСЫНДА
Жапон елінде ақылды құлтемірлер бастауыш сынып оқушыларына дәріс бере бастады. Олар оқушылардың бет-әлпетіне қарап, олардың аттарын есіне сақтай алады екен. Жапон NHK қоғамының 5 ақпандағы ақпараттарына сенсек, төменгі сынып оқушыларының үйренуге деген ықыласын арттыру үшін Жапон астанасындағы бір бастауыш мектепте робот негізгі оқытушыға көмекші ретінде жұмыс жасай бастаған.

Құлтемір 5 сыныпта оқитын 110 оқушының жүзіне қарап оларды тани алғанымен қоймай, жаңылмай бәрінің аттарын айта алады екен. Сонымен бірге бұл «ұстаздың» миына аталған негізгі пәннің 200-ден аса сұрақтары орнатылғандықтан, оқушылар одан өз пәніне қатысты кез келген сұрақтарды сұрап әрі жауап ала алады екен.

МЕДИЦИНАЛЫҚ РОБОТТАР
Медициналық қызметкерлер мен хирургтер роботтарды емдеугше көмектесу үшін падалана бастады. 1985 жылы алғаш рет роботтың көмегімен миға операция жасалып, ол сәтті аяқталды. 1988 жылы Англияда хирургиялық робот простатит ауруымен ауыратын адамға ота жасауға пайдаланылды.

« Да Винчи» - хирургтерге инвазивті жолмен күрделі оталар жасауға мүмкүндік беретін хирургиялық робот болып табылады. Бұл робот хирургтке ептілікпен, дәлдікпен және бақылаумен қамтамасыз етеді. Ол Америка мен Еуропаның 300-ден аса ауруханасында пайдаланылады. 2005 жылдың маусымында АҚШ-тың Нью- Йорк қаласындағы бір аураханада «Пенелопа» деп аталатын операциялық робот ісікті алып тастау операциясына қатыстырылды. Роботтардың хирургия мен медициналық терапияда пайдаланылуы аса таңсық болмаса да, әлі де сирек қолданылады. Мұның себебі- роботтардың бағасының аса қымбат болуында.

СЕРВИСТЕР
Сервис (ағылшынша servіce - қызмет) - тауарларды (бұйымдарды) өткізумен және пайдаланумен байланысты қызметтер кешенін қамтамасыз ететін маркетинг атқарымы. Сервистік қызмет көрсетудің сапасы өнімнің (тауардың) бәсекеге жарамдылығына ықпал етеді, сұранысты, фирманың беделін көтереді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz