Агглютинация реакциясын қою әдістері




Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: Агглютинация реакциясын қою әдістері

Орындаған:
Топ:
Тексерген:
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Агглютинация реакциясы
2.2. Қолданылуы
2.3. Жұмыс барысы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Агглютинация (лат. agglutinatio — жабысу)
— арнайы антиденелердің (агглютининдер)
әсерімен корпускулдық антигендердің
(бактериялар, қан клеткалары, басқа клеткалар)
бір-біріне жабысуы және тұнба (агглютинат)
жасауы. Қанның қызыл және ақ түйіршіктері бір-
бірімен кейбір жұқпалы ауру қоздырғыштарыныц
(мысалы грипп, парагрипп вирустары) әсерінен
де жабысады. Бұл тәнді реакция, сондықтан
бактерия және вирустар туғызатын ауруларды
анықтау үшін кеңінен қолданылады.
Агглютинация реакциясы. Агглютинация, немесе микробтардың жабысуы,
ағзада агглютининдердің барымен белгіленеді. Осы серологиялық реакция
жануарларда және адамдарда бруцеллез ауруын анықтағанда (Райт, Хеддельсон
реакциялары), сүзек, сальмонеллез ауруларын (Видаль реакциясы) анықтағанда,
ағзадан бөлініп шығарылған қоздырғышты анықтағанда өткізіледі. Осы
реакциямен екі жағдайда қолданады:
1) зертханада белгілі антигеннің көмегімен ауру ағзадан алынған сары суды
зерттегенде;
2) зертханада болған белгілі сары судың көмегімен ауру ағзадан бөлініп
шығарылған белгісіз микробты зерттегенде.
Реакцияны өткізу үшін қажетті заттар:
• зерттелетін сары су,
• бактериялардың өлтірілген дақылы (антиген)
• сары суға қосу үшін және бактериалдық ерітіндіні дайындау үшін
физиологиялық ерітінді.
Сары суды адамдардың және жануарлардың ағзаларынан алады. Сол үшін
олардан 8-10 мл қан алады. Реакция өткізу үшін сары судың көлемін
физиологиялық ерітіндімен арттырады. Сары суларды биофабрикаларда
дайындап зертханаларға жібереді. Антигендерді де биофабрикаларда
дайындайды.
Қолданылуы:
Агглютинация реакциясының әр түрлі нұсқаларымен
қолданады: жәйілім, беттеу және т.б. Ауруларда антиденелер
анықтау үшін жәйілім агглютинация реакциясын қояды:
аурудың қанының езілген сары суына өлтірілген
микробтардың суйықтығын (диагностикум) қосады. +37
градуста бір неше сағат ұстап жаратылған тұнбаны байқайды.
Агглютинацияның сипаттамасы және жылдамдығы
антигеннің және антидененің түрімен байланысты. Мысалы
О- және Н-антигендердің ерекше антиденелермен қарым
қатынасу ерекшеліктері: О-диагностикуммен (жылытумен
өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ұсақ
болады, Н-диагностикуммен (формалинмен өлтірілген
бактериялар) агглютинация жапалақтары ірі болып реакция
тез өтеді.
Жұмыс барысы:
• Аурудан адамнан бөліп алған қоздырғышты анықтау үшін беттеу агглютинация реакциясын қояды.
Осы реакцияда диагностикалы антиденелермен қолданады, басқаша айтқанда қоздырғыштың
серотипін анықтайды. Беттеу реакциясын шыны үстінде өткізеді. Диагностикалы иммунды сары
судың 1:10 немесе 1:20 көлемі артырылған бір тамшысына ауру адамнан бөлініп алынған
қоздырғыштың таза дақылын қосады. Жапалақты тұнба пайда болса, келесі реакцияны
диагностикалы сары судың көлемін тағын да арттырып, әр бір мөлшерге қоздырғыш бар дақылдың
2-3 тамшысын қосып сынауықтарда өткізеді. Жапалақты тұнба түскен реакцияның мөлшеріне
қарап реакцияны бағалайды.
Гемагглютинация теріс Гемагглютинация тежеу
реакцияның (РНГА) негізінде реакцияның (РТГА) негізінде
қабыршықтарында антиденелер иммунды сары судың вирустерге
немесе антигендер адсорбталған
әсері жатыр. Иммунды сары су
эритроциттермен қолдану жатыр. Осы
жағдайда ауру адамның сары суының
вирустердің күшін төмендетіп,
антигендері немесе антиденелері вирустерде эритроциттеді
эритроциттердің антигендерімен агглютининдеу қасиеті жоғалады.
немесе антиденелерімен сәйкес болса РТГАмен тумау, қызылша,
эритроциттер жабысып сынауықтың энцефалит ауруларын зерттегенде
түбіне тұнба болып түседі. РНГАмен қолданады. Осы ауралардың
инфекциялық ауруларды зерттегенде, қоздырғыштарында ағзаның
жүктілік жағдайды анықтағанда зәрде эритроциттерін агглютининдеу
гонадотропты гормонды табу үшін, әр
қасиеті бар.
түрлі дәрілерге және гормондарға
сезімталдықты анықтағанда
қолданады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1 Булашев А. Иммунология Астана 2002ж
2 Омарбеков Е.О. Вирусология пәнінің зертханалық сабақтары
Семей 2001ж
3 Толысбаев Б.Т. , Шоқанов Н. , Булашев А. , Бияшев Қ. Мал
дәрігерлік микробтология Алматы 1999ж

Ұқсас жұмыстар
Агглютинация реакциясы
БРУЦЕЛЛЕЗДІ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
ШОШҚА ТІЛМЕСІНІҢ ҚОЗДЫРУШЫСЫ
Бруцеллезды серологиялық балау
Серологиялық реакция түрлері және олардың қолданылуы
Аглютинация реакциясы
Реакцияның қолданылуы
СЕРОЛОГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР
Жоғары тершеңдік, қалтырау
Сүтті Роз - Бенгал сынағымен зерттеу
Пәндер