Сабақта мұғалім



Оқыту әдістері

ХХ ғасырдың 20-жылдарында белгілі педагог-ғалымдар Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский, М. М. Пистрак т. б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.
30-жылдары М. М. Пистрак, П. Н. Шимбирев, И. Т. Огородников оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
50-жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д. О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алды. Д. О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістері, оқыту-практикалық сабақтар әдістері.
50-жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е. Я. Голант, С. Г. Шаполенко, Н. М. Верзилин білім көзін негізге ала отырып оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді.

Сөздік әдістер тобы



Демонстрация әдісі тәжірибелерді, приборларды, препараттарды, табиғи объектілерді, кинофильмдерді т. б. демострациялауға байланысты.
Иллюстрация әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды көрсетуге болады (плакаттар, карталар, суреттер, таблицалар, схемалар) .
Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен бақылау жұмысын жүргізеді. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нәтижесі сабақта талқыланады. Бұл әдіс жоғары оқу орнындағы көбінесе физика, химия, биология факультеттерінде кеңінен қолданылады.

Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар.

М. Н. Скаткин мен И. Я. Лернер жасаған оқыту әдістері жіктеуінен кейбір ерекшеліктерін байқауға болады. Олар студенттердің танымдық немесе логикалық ойлағыштық іс-әрекетін, әдістерді топтастырудың негізгісі деп қарастырады. И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин оқытудың мынадай әдістерін ұсынады:
1. Түсіндірме - иллюстративті әдіс;
2. Репродуктивті әдіс;
3. Проблемалы баяндау әдісі;
4. Ішінара баяндау немесе эвристикалық әдіс;
5. Зерттеу әдісі


Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс. Бұл әдіс бойынша оқушыларды бірте-бірте проблемаларды өз бетінше шешуге жақындату үшін алдын-ала зерттеудің жеке кезеңдерін орындауға үйрету қажет. Мұғалім ізденудің жеке кезеңдерін орындау үшін оқушылардың қатысуын ұйымдастырады. Мұны ішінара іздену әдісі дейді. Кейбір әдіскерлер бұл әдісті эвристикалық әдіс деп атайды. Мұғалім тапсырманы құрастырады, іздену кезеңдерін жоспарлайды, проблемалық міндеттерді жеке проблемаға бөлшектейді, ал оқушылар бұл кезеңдерді орындайды. Оқушы материалдарды мұғаліммен бірігіп талдайды, оның көмегімен жаңа ұғымның мәнін ашады.
Зерттеу әдісі еліміздің алғашқы жылдарынан бастап оқыту практикасында кең түрде қолданыла бастады. Зерттеу әдісінің мәні жаңа проблемаларды шешуге байланысты оқушылардың іздену, шығармашылық іс-әрекеті тәсілдерін ұйымдастыру.
Проблеманы өз бетінше зерттеу үшін мұғалім оқушыларға теориялық және практикалық тапсырма береді. Оқушылар бұрын, бірақ оларға таныс емес проблемаларды шешеді. Басқаша айтқанда, оқушылардың зерттеу жұмысы ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысы сияқты кезеңдерге бөлінеді: фактілерді жинау, бақылау, оларды талдау, жазып жинақтау және т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz