Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
Презентация қосу
Әдебиет сабақтарында
көркем шығармамен
жұмыс істеу кезеңдері
Бақберген Аружан
Қадыржан Гүлнұр
Сабақ және оның кезеңдері.
Кіріспе сабақ;
Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі;
Қорытынды сабақ;
Кіріспе сабақ
Кіріспе сабақтар. Ерекшеліктері. Сабақ
процесіндегі алатын орны. Оларды ұйымдастыруға
қойылатын әдістемелік талаптар. Кіріспе сабақтардың
дұрыс ұйымдастырылуы. Оларға бөлінетін уақыт
мөлшері. Кіріспе сабақтарда көркем шығарманың жанрлық
ерекшеліктеріне қатысты мәселелердің ескерілетіні.
Мұғалімнің алдына қойған оқу-тәрбие мақсаты,
көркем шығарманың өзіне тән ерекшелігіне қарай
кіріспе жұмыстары әр түрлі болып келеді. Оған
кеткен уақыт мөлшері де соған байланысты
болады. Кіріспе жұмыстары өтілгелі отырған
тақырыпқа оқушыны қызықтыру, эмоцияларына
әсер ету мақсатында жүргізіледі. Оны әңгімелеу,
сол тақырыпқа байланысты қызықты қосымша
материалдарды, көрнекіліктерді пайдалану
арқылы немесе кинофрагменттерді көрсету,
күйтабақ тыңдау т.б. жұмыстар негізінде
ұйымдастыруға болады.
Мысалы, М. Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы»
бойынша кіріспе жұмыстарда мұғалім оның жазылу
тарихы, бас кейіпкер Бақтығұл тағдыры, атақты
қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі – Рысқұл
тағдырынан алынғаны, жазушы Шерхан Мұртазаның
«Қызыл жебе» романы туралы шағын әңгіме,
Рысқұлдың, Тұрардың суреттері, қырғыз фильмі
туралы деректер пайдалануға болады. Бұндай
эпизодтар, сөз жоқ, оқушыны елең еткізіп, өтіліп
отырған шығармаға деген қызығушылықты, ынтаны
туғызады. Көркем туынды, оның авторы арқылы да
осындай жұмыс жүргізудің маңызы зор. Автор туралы
өлеңдер, оған берілген бағалар, өтілгелі отырған
шығарманың әдебиет тарихындағы алатын орны
жөнінде де көптеген жұмыстар жүргізудің тиімділігі
Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі
Жазушы өмірі мен шығармашылығына шолу тақырыптарды, монографиялық
тақырыптарды өтеуге қатысты кіріспе сабақтар. Көркем мәтінмен жұмыс
кезеңі. Бұл кезеңнің сабақтың кіріспе бөлігімен сабақтастығы. Оқушының
мұғалім тапсырмасымен көркем шығарманы алғаш рет өз бетімен оқуының
маңызы. Осы өздік оқудағы алғашқы қабылдау нәтижелерінің сыныпта
көркем мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерін белгілеуге негіз болатыны.
Орталау сыныптардағы көркем мәтінмен жүргізілетін мәнерлеп оқу,
мазмұндау, салыстырмалы талдау, т.б. жүмыстар кешені.
Жоғары сыныптарда көркем шығарманы оқып-үйретудің жан-жақты талдау
арқылы меңгерілетіні.
Талдау түрлері. Мүғалім нақты шығарманы талдау түрін әдеби шығарманың
көркемдік табиғатындагы белгілерге сүйеніп айқындайтыны. Көркем мәтінді
талдаудың көптүрлілігі. Оқыту әдістерінің талдау нәтижелерінің мазмұнына
қарай белгіленетіні
7 сыныпта Қ. Аманжоловтың «Көкшетау» өлеңі беріледі.
Кіріспеде мұғалім Көкшетауға сырттай саяхат өткізуге
болады. Эпипроектордан Көкше баурайының түрлі түсті
суреттерін (открытка, картина т.б.) көрсету. Сәкеннің
атақты «Көкшетау» поэмасындағы Бурабай, Оқжетпес,
Жұмбақтас, Көкше бейнелерін суреттейтін жерлерді
мәнерлеп оқу, оқу үстінде суреттерін көрсетіп, түсінік
берудің тиімділігі сол, бұл тәсіл әрі балалардың сезіміне
әсер етеді. Бұл кіріспе жұмыс тіпті артынан өлеңді
талдап болғаннан кейін де (Қасымның) іздендіру
бағытындағы салыстыру жұмыстарын жүргізуде
нәтижелі болып келеді. («Көкшені жырлаған қай ақын
Көкшенің бейнесін нағыз суреткер ақын ретінде дәп
басып бейнелеп берген?» немесе «Өзіңе қай ақынның
Көкшесі ұнады?» деген сұрақтар арқылы).
Табиғат лирикаларын өтпес бұрын, оқушыларға
суреттер (пейзаж) беріп, сол арқылы немесе
өздерінің білім тануы, бақылауы бойынша
табиғат көріністеріне алдын ала шағын шығарма-
суреттеме беру де пайдалы. Жоғары
сыныптардағы кіріспе жұмыстар оқушылардың
сезімі, қызығушылығын арттыру мақсатында
ғана емес, ең бастысы, өтілгелі отырған тақырып,
көркем туынды жайындағы білімдерін кеңейту,
дүниетанымын арттыру мақсатында да
жүргізіледі.
Қорытынды сабақ
Қорытынды сабақтар. Олардың кіріспе сабақтармен, көркем мәтінмен
жұмыс кезеңімен тығыз сабақтастығы. Қорытынды сабақтардың көркем
шығарманы талдаудың шешуші кезеңі екендігі. Алдыңғы сабақтарда
берілген әдеби білімнің қорытынды сабақтарда бекітілетіні. Бекіту
сұрактарының орны.
Жазушы өмірбаянын оқыту. Көркем шығармада жазушының өміртанымы,
көзқарасы, мәдени-рухани деңгейі, эстетикалық мұратының, қаламгерлік
қолтаңбасының көрініп тұратыны.
V-ІХ сыныптарда жазушы өмірбаяны оқытылып отырган көркем туындыға
қатысты кіріспе әңгіме түрінде өтілетіні. Х-ХІ сыныптарда оның
жазушының өмірі мен шығармашылығы түрінде жан-жақты талданып
оқылатыны. Жазушының қоғамдық, тарихи-әлеуметтік қызметіне қатысты
деректерді меңгертудің жолдары.
Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуға арналган
әдістемелік еңбектерге шолу.
Шолу тақырыптарды окыту. Шолу тақырыптарының белгілі бір
кезеңге жататын әдебиет өкілдерінің шығармашылығын өтуге
баспалдақ міндетін атқаратындығы. Оларда әдебиеттің даму
процесі қоғам омірімен байланыста қарастырылатыны. Шолу
тақырыптарын өтуге қажетті маңызды тарихи-әдеби
материалдарды таңдап алудың өлшемдері мен әдістемесі.
Оқылатын тақырыпқа сай қосымша әдебиеттерді
пайдаланудың маңыздылығы.
Шолу тақырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін
жүмыс формалары. Шолу тақырыптарын етуде әдебиетті оқыту
әдістерін пайдаланудың тиімді жолдары.
Шолу тақырыптарын оқыту әдістемесі туралы еңбектерге шолу.
Сабақта әдеби-сын мұраларды пайдалану. Жогары сыныптарда
керкем шығарманы оқытуда әдеби-сын еңбектерін пайдаланудың
қажеттігі. Оларды пайдалану тәсілдері.
Әдебиет теориясы мәселелерін оқыту. Көркем шығармадағы
әдеби-теориялық ұғымдардың қолданысы жазушының сөз
қолданыс шеберлігін айқындайтыны. Әдеби-теориялық ұғымдарды
меңгерту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері. Әдеби-теориялық
ұғымдарды танытудың әдіс-тәсілдері. V-ІХ сыныптарда әдебиеттен
берілетін теориялық ұғымдардың көлемі.
Әдеби бағыттар. Бұлардың пайда болу, дамуы мен
қалыптасуының тарихи-әлеуметтік себептері. Реализм мен
романтизм ұғымдарының әдеби шығармадағы көрінісі.
Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz